8
эмоционалдық
қасиеттері, эмоционалдық ақыл-ой) құралатын, жүйелі
психологиялық білім.
2. Психологиялық денсаулықтың құрылымы бойынша қазақ және орыс
топтарында оқитын 1 және 3 курс студенттерінің
айырмашылықтары
ескеріледі.
3. Студенттердің психологиялық денсаулығына сыртқы және ішкі
факторлардың жүйесі әсер етеді. Сыртқы факторларға жататыны: этномәдени
орта, ЖОО білім беру ортасына бейімделу үрдісі. Психологиялық денсаулықты
дамытудың ішкі факторларына жататындары: ӛзін-ӛзі белсендіру қорлары
(ӛзін-ӛзі
баламалы бағалау, ӛзіндік маңыздану), бейімділік қорлары (стреске
тӛзімділік, эмоционалды тұрақтылық, ӛзін-ӛзі реттеу); рухани-адамгершілік
қорлары (адамгершіліктік,
құндылық ретіндегі денсаулық, ішкі бақылау
локусы, дамыған эмоционалдық ақыл-ой).
4. Студенттердің психологиялық денсаулығын дамытудың негізгі
шарттары
болып тӛмендегілер саналады:
- білім беру үрдісін психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету;
- студент тұлғасының дамуында әлеуметтік-мәдени жағдайды ескеру:
мекен жайын – қала-ауыл, оқу барысында тұратын жерін – отбасы-жатақхана,
этникалық және
тілдік ортасы; моноэтникалық-полиэтникалық орта және т.б.;
- 1 курста студенттерге ЖОО білім алу және этномәдени ортаға бейімделу
үрдісі маңызды болып табылатынын оқу үрдісінде ескеру;
- студенттердің психологиялық денсаулығының дамуын психологиялық
сүйемелдеу: диагностика, психологиялық әдістермен түзеу, дамыту,
психологиялық алдын алу.
5. Студенттердің психологиялық денсаулығы
дамуының құрылымдық-
мазмұндық моделі келесі реттегілерден тұрады: мақсатты әдіснамалық негіздер
және теориялық кӛзқарастар, студенттердің психологиялық денсаулығының
компоненттері,
студенттердің
психологиялық
денсаулығының
даму
факторлары, студенттердің психологиялық денсаулығы дамуының шарттары
және болжамды нәтиже.
6. Ұсынылған
моделдің нәтижелі болуы, студенттердің психологиялық
денсаулығы
дамуының,
психологиялық
әдістермен
түзеудің
және
психологиялық алдын алудың кешендік бағдарламасын құрып, психологиялық-
педагогикалық үрдіске енгізу.
Достарыңызбен бөлісу: