Ниетбаева Гульмира Бекенқызы Қазіргі кезеңдегі студенттердің психологиялық денсаулығының дамуы 6D010300 Педагогика және психология Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация



Pdf көрінісі
бет14/85
Дата30.03.2023
өлшемі2.5 Mb.
#471407
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   85
диссертация Ниетбаева Г.Б.

денсаулық кӛрсеткіштерінің ішінде стресске қарсы тұрақтылық барынша аз 
кӛрсетілген (49.2%), бұл студенттердің оқу үрдісіндегі қиындықтарының 
сипатын 
түсіндіреді. 
Психолог-студенттердің 
психологиялық 
денсаулықтарының барынша айқын байқалатын оң кӛрсеткіші болып, 
психологиялық жайлылықты сезіну (84%), ӛзіне және ӛз мүмкіндіктеріне сену 
(80%), қоршаған ортадағыларға деген қызығушылық (80%) саналады.
Психолог-студенттер 
мен 
заңгер-студенттердің 
кӛрсеткіштерін 
салыстырғанда, заңгерлер кӛбірек иланғыш келеді, олардың үлкен ӛшпенділікті 
кӛрсете алатындығы, пассивтік ӛмірлік ұстаным оларда барынша жоғары 
деңгейде болады, мазасыздық, шиеленістік, қатыгездік, тіпті бейбауырмалдық 
та аса жоғары болып табылады. Оларда психолог-студенттерінен тӛменірек 
дәрежеде психологиялық жайлылық сезімі, психологиялық бейненің 
барабарлығы, салмақтылық кӛрсетілген, бірақ стресске қарсы тұрақтылық пен 
әзіл-оспақты түсіне білу заңгерлерде жоғары дәрежеде байқалады. Авторлар 
студенттердің психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту үшін алдын 
алу іс-шараларының қажеттілігі туралы шешімге келген
Мерзімді ғылыми-психологиялық әдебиеттердің ішінде студенттердің 
психологиялық денсаулығын зерттеуге арналған тақырыптық мақалалар ӛте 
кӛп. Клиникалық психологтармен немесе дәрігерлермен жүргізілген кӛбінесе 
кері бейімделу, аффективтік бұзылулар және жүйке-психикалық сырқаттардың 
психогениясы, депрессиялар, ӛзіне-ӛзі қол жұмсау және шизофрения туралы 
зерттеулер кең таралған. Тәуелділіктердің қалыптасу жағдайлары мен олардың 
гендерлік ерекшеліктері, стресске қарсы тұрақтылығы, стресс-тӛзімділік пен 
ӛмірге тӛзімділігі; ӛмірлік мақсаттары мен құндылықтары, сәйкестіліктер мен 
студент жастар ӛмірінің мағыналылығы зерттелуде. Студенттік ортада жүйке-
психикалық мәселелердің таралуының жиілілігі - 50% құрайды. 
Психологиялық тұрғыда дені сау студент тұлғасын сақтауға және 
қадағалауға мүмкіндік беретін психология-педагогикалық жағдайлар негізінен 
келесі факторлардың болуымен анықталады: а) психологиялық қызметті 
ұйымдастыру арқылы студенттерді психологиялық тұрғыда сүйемелдеу; б) 
ЖОО білім беру ортасын психологиялық тұрғыда сүйемелдеу; в) салауатты 
ӛмір салты бойынша түрлі бағдарламалар мен тренингтерді енгізу. 
Н.В.Жигинас студенттердің психикалық денсаулықтарының зерттеуін 
жүргізген [192]. Психологиялық денсаулықты тұрақтандыру аясында 
студенттерде кәсіби сәйкестіктің қалыптасу үрдісіндегі дағдарысты күйлердің 
мәселелері кӛрсетілген. Зерттеу барысында студент тұлғасының қалыптасуына 
жағымсыз әсер беретін, соның ішінде оларда невроз тудыратын факторларды 
шартты түрде үш топқа бӛлуге болатындығы анықталды:


47 
1. Әлеуметтік факторлар – ХХ ғ. екінші жартысында біздің елде ғана емес, 
сонымен қатар басқа елдердегі тұрғындарда невроздардың таралуының жалпы 
беталысын кӛрсетеді, 35 % жағдайларда кездеседі. 
2. Психологиялық факторлар – әр түрлі шағын топтардағы адамдардың 
ӛзара қатынастарымен байланысты, 25 % жағдайларда кездеседі. Оған 
тӛмендегілерді жатқызуға болады: жанұядағы қарым-қатынас (соның ішінде 
ерлі-зайыптылардың арасындағы қарым-қатынас), жатақханада тұратын топ 
мүшелерінің арасындағы психологиялық үйлесімсіздік, оқу тобындағы ӛзара 
қатынас. 
2.1. Жанұядағы қатынастармен байланысты күйзелісті факторлар. 
2.2. Жатақханада тұратын топ мүшелерінің арасындағы психологиялық 
үйлесімсіздік. Бұған келесі себептер әсер етеді: топ мүшелері мінездерінің 
ерекшеліктеріне 
байланысты 
қатынас 
орнатудағы 
қиындықтар, 
қызығушылықтарындағы айырмашылықтар, жасерекшелік айырмашылықтар, 
бір бӛлмеде тұратындардың арасындағы биологиялық ырғақтарының 
айырмашылықтары, бірге тұратындардың арасындағы біреуінің немесе оның 
отбасы мүшелерінің біреуінің сырқаты немесе қайғылы оқиға. 
2.3. Оқу тобындағы адамдар арасындағы ӛзара қатынастармен байланысты 
күйзелісті себептер. Олардың ішінде жиі кездесетіндері: мінез қырларының 
ерекшеліктеріне байланысты топтағы бейімділіктің тӛмендеуі, білім мен оқу 
дайындығының әр түрлі деңгейіне байланысты топ мүшелерінің арасындағы 
психологиялық үйлесімсіздік, топтағы жасанды қатынастар, эмоционалдық 
депривацияға және студенттік топтағы тұлғааралық қатынастардың бұзылуына 
әкелетін топ мүшелерінің арасында бірлескен ӛнімді іс-әрекеттің жоқтығы, 
білім алушылардың әлеуметтік-коммуникативтік дамуының тӛмендігі.
3. Студенттерде психология-педагогикалық себептер 40 % жағдайларда 
кездеседі. Мысалы, бейімдік қиындықтар (циркадтық ырғақтың бұзылуымен, 
шағын әлеуметтік қоршаған ортаның ӛзгеруімен, кәсіби оқытудың 
басталуымен, оқу барысында кәсіби бағдардың ӛзгеруімен, басқа факультетке 
ауысумен, оқу орнының ауысуымен, оқудың аяқталуымен және ӛзіндік кәсіби 
іс-әрекетке дайындықпен және т.б. байланысты), педагогикалық үрдістің 
талаптар деңгейі студенттің бастапқы даярлығының деңгейіне сәйкес келмеуі, 
оқытушы ұстанымының ӛктемдігі, психикалық, эмоционалдық торығу, сынақ 
және емтихан сессиялары кезінде студенттердің невротизация деңгейінің ӛсуі, 
ақпарат кӛлемінің тым ауқымдылығы, уақыт тапшылығы, оқыту әдістерімен 
қанағаттанбағандықтан оқуға деген мотивация деңгейінің тӛмендеуі, 
оқытушылармен және басқа да кӛмекші қызметкерлермен жанжалды 
жағдайлар.
Сәйкестіліктің 
экзистенциалдық 
дағдарысы 
жұмыста 
оқиғалар 
байланысының үзілуімен, әлеуметтік мерейден айрылу және ӛзіндік жүзеге 
асырудың жоқтығымен сипатталатын, яғни коммуникация және Мен-
тұжырымдамасының бұзылуымен сипатталатын құндылықты-мағыналы бағдар 
ретінде қарастырылады. Жүргізілген зерттеудің мәліметтері бойынша 
студенттердің экзистенциалдық дағдарысының деструктивті дамуының тәуекел 


48 
тобына сәйкестілік құрылымындағы келесідей кӛрсетілген тұлғалық 
ерекшеліктері бар студенттер жатады: психоэмоционалдық жетілмегендік 
(инфантильдік); интраверттелгендік (ӛзінің жеке әлеміне бағыттылық, ӛзіне ӛзі 
үңілушілік); жағымсыз эмоцияларға тӛзе алмаушылық (қамкӛңілдік); жабырқау 
мен торығуға жақын болу; жауапсыздық; ӛмірлік қызығушылықтардың аздығы; 
рухы түскендік; әлеуметтік тұрғыда қабылданғандықты қалау; сырттан 
мақұлдауды күту (ӛзін-ӛзі бағалаудың тӛмендігі); жалпыға ортақ болып 
қабылданған әлеуметтік құндылықтарға қарсы болу (барабар емес 
дараландыру); торығу мен мазасыздықты, қорқынышты тӛмендету қажеттілігі;
шектен тыс әуестілік; агрессияшылық (соның ішінде аутоагрессия).
Автор психикалық денсаулық мәселесін, бейімділіктің, кері бейімділіктің, 
психикалық денсаулықтың, оның емдеу алдындағы формаларының маңызды 
сипаттамасы ретінде, сәйкестілік феноменімен байланыстырады. 
Студенттің оқу үрдісіне бейімделуіне, дағдарысты кезеңдердің түрлерін 
ажыратуға, олардың алдын алу, сүйемелдеу, кері бейімделу жағдайларында 
уақытымен түзету жұмыстарын жүргізу, білім беру сәйкестілігін және кәсіби 
ӛзін-ӛзі анықтау дағдарысын бастан кешумен түйіндес ЖОО және басқа да 
білім беру мекемелерінің оқу үрдісін психологиялық сүйемелдеудің алдында 
тұрған практикалық міндеттер. ЖОО-ның оқу-тәрбие үрдісін психологиялық 
сүйемелдеу құрылымында студенттердің психикалық денсаулығын реттеуге 
және оның алдын алуға бағытталған психологиялық әдістермен түзету 
шараларының және тренингтік бағдарламалардың кешені ұсынылған.
Әр түрлі ішкі және сыртқы мотивацияның орта бастамаларының

сонымен 
қатар ЖОО студенттерінің психологиялық саулығындағы олардың рӛлі 
зерттелген. Зерттеуге 1-3 курстардан 617 студент қатысқан. Ішкі танымдық 
мотивация студенттердің академиялық жетістіктерінің маңызды жағдайы ғана 
емес, олардың психологиялық саулығының факторы да болып табылады. 
Жүргізілген зерттеудің нәтижелері ӛзіндік детерминация теориясына 
негізделген біздің алдыңғы зерттеулеріміздің нәтижелерін кеңейтеді және 
студенттердің ішкі мотивациясы мен психологиялық саулығын сүйемелдеуді 
дамыту жағдайы ретінде оқу үрдісінде басқа адамдармен байланысқа, қарым-
қатынасқа және дербестікке қатысты негізгі психологиялық қажеттіліктердің 
қанағаттандырылуының практикалық мақсаттарға сәйкес келетіндігіне дәлел 
бола алады [192].
И.А. Пархоменко білім беру жүйесінде денсаулық сақтаушы 
технологияларға, студенттерді психологиялық сүйемелдеуге, психикалық 
денсаулықты сақтауға және нығайтуға ерекше мән береді [193]. Бұл келесі 
реттегі шарттарды орындағанда жүзеге асуы ықтимал деп кӛрсетті:

жоғары оқу орнында тиімді сыртқы орта жағдайларының жасалуы 
(оқытушының студенттермен қарым-қатынас, ӛзін-ӛзі ұстау стилі, баяндалатын 
және ұсынылатын материалдың түсінікті болуы, қызығушылық және білімге 
нақты ізденіс атмоферасын, психологиялық жайлылық атмоферасын құру); 

ӛз іс-әрекетіне жағымсыз баға алу қорқынышын және теріс әрекеттерді 
бейтараптандыру;


49 

студенттердің тұлғалық және жеке психикалық қасиеттерін ескеру 
(темпераменттің, шаршаудың түрлерін, жүйке жүйесінің типін, ақпаратты 
қабылдаудың негізгі түрін және т.б.);

сабақ берудің дәрістік және тәжірибелік түрлерінде психоэмоционалдық 
үзілістердің, шығармашылық еңбектің пайдаланылуы;

студенттерде белсенді ӛмірлік ұстанымдарды тәрбиелеу; 

салауатты ӛмір салтын қалыптастыру.
Осы аталған қажетті жағдайлардың барлығы тұлғаның дамуына әсер етеді, 
оның эмоционалдық жайлылық сезімдерін қанағаттандырады. Демек, тұлға 
денсаулығының деңгейін жетілдіреді (физикалық және психикалық 
денсаулықты нығайтады, студентті қоғаммен қарым-қатынас субъектісі ретінде 
дамытады). 
Оқытушылардың 
кәсіби 
қамқорлығы 
және 
арнайы 
ұйымдастырылған 
денсаулық 
сақтаушы 
орта 
студенттердің 
табиғи 
мүмкіндіктерін дамытады және психологиялық денсаулықтарын сақтайды. 
Олардың физикалық және әлеуметтік-адамгершілік тұрғыда ӛздігінен 
жетілулерін қамтамасыз етеді. Бұл жоғары білім беруді ізгілендірудің маңызды 
бағыты болып табылады. 
Г.Р.Шагивалеева мен В.Р.Бильданова [194] студенттердің психологиялық 
денсаулықтарының 
кӛрсеткіштерін 
зерттеген. 
Авторлар 
«Жанның 
жайбарақаттығы» деген С.Степановпен жетілдірілген әдістемені қолданды. 
Нәтижесінде 2-3 курс студенттерінің 67%-ы сабырлы, салмақты, ішкі 
үйлесімділікке ие адамдар екендігі белгілі болды. Бұл студенттерге жанның 
тыңыштығы мен жақсы физикалық күй тән. Студенттердің 33% -ы психикалық 
тепе-теңдікті сақтайды, бірақ толық ішкі үйлесімдік жоқ. Стресс, уайымы мол 
студенттер үшінші топта болмады. 
Әлеуметтік денсаулықты бағалау үшін С.Степановпен жетілдірілген 
«Шиеленістік» әдістемесі қолданылған. Одан келесідей нәтижелер алынды: 
студенттердің 87%-ы әдепті, ынтымақшыл. Үйде де, оқуда да шиеленіс 
жағдайларынан алшақ жүріп, дау-дамайлар мен жанжалдардан қашқақтайды. 
Студенттердің 13%-ы даулы деп сипатталатын топқа түсті. Олар соңын 
ойламай-ақ, ӛз пікірлерінде нық тұра алады, дегенмен, сыпайылық шегінен 
шықпайды, кемітіп, қорламайды. Даулы, дӛрекі, сабырсыз болып сипатталатын 
үшінші топта мұндай студенттер болмады. Осыған ұқсас зерттеу бесінші курс 
студенттерімен де жүргізіліп, келесідей нәтижелер алынды: студенттердің 30 
%-ы бірінші топқа түсті, яғни олар сабырлы, салмақты, ішкі үйлесімділікке ие 
адамдар екендігі белгілі болды. Студенттердің 70%-ы психикалық тепе-теңдікті 
сақтағанымен, іштей толық үйлесімділігі жоқ. Даулы, дӛрекі, сабырсыз болып 
сипатталатын үшінші топта студенттер болмады. Бітірушілердің 75%-ы әдепті, 
ынтымақшыл, шиеленісті жағдайлардан алшақ жүріп, дау-дамайлар мен 
жанжалдардан қашқақтайды; студенттердің 25 %-ы жанжалды адамдар ретінде 
сипатталады, дегенмен оған олар басқа амал болмағанда барады. Бұл топ ӛз 
пікірлерінде нық тұра алады, алайда сыпайылық шегінен шықпайды. 
Зерттеушілер «психологиялық денсаулық» категориясы денсаулықтың 
антропорталықтас үлгісін кӛрсетеді, денсаулықтың бағытын белгілеп, адамда 


50 
жеке адамдықты ӛзектендіру сипаты мен дамудың бағыттылығын анықтайды
деген қорытындыға келді; психологиялық денсаулық – бұл жеке ӛмір аясында 
субъектілі шынайылықтың қалыпты дамуының нәтижесі мен үрдісін 
сипаттайтын жағдай. Психологиялық денсаулықтың жеке нормасы – ол 
дамудың тиісті жағдайларында белгілі бір жаста нақты бір адамға ең жақсы 
мүмкін болатын нәрсе. Психологиялық денсаулықтың максимасы ӛмірге 
қабілеттіліктің және жеке адам адамгершілігінің интегралы (яғни тұтастық, 
толықтық 
және 
бірқалыптылық) 
болып 
табылады; 
психологиялық 
денсаулықтың бұзылуы негізінде субъектілі шынайылықтың жетілмегендігі 
немесе үйлесімсіз дамуы жатыр; баланың адам ретінде дамуын басымдықпен 
ерекше белгілейтін білім беру саласы, балалардың психологиялық денсаулығын 
қамтамасыз етудің тиімді формасы болып табылады. 
Студенттердің психологиялық денсаулығының ақпараттық аспектісі 
И.И.Леоновамен [195] қарастырылған. Автордың айтуынша, ЖОО-ның 
электрондық білім беру кеңістігінің аясында ақпараттық-компьютерлік 
технологиялармен және оларды жүзеге асыру құралдары – жеке компьютермен, 
телекоммуникация жүйелерімен, әлемдік ақпараттық желілермен, әсіресе 
интернетпен және т.б. ӛзара әрекеттестіктің қарқындылығы студент жастардың 
психологиялық денсаулығына зор әсер етеді. Аталған технологиялармен 
жұмысқа берілу, ЖОО-ның білім беру үрдісіне олардың енуі тұлғаның 
үйлесімді тіршілік етуін, оның тұлғалық даму үрдісін баяулататын немесе тіпті 
бұрмалайтын, кӛбінесе тежеуіш факторының сипатына ие бола бастаған. 
Мұндай түрдегі ықпал ЖОО-ның білім беру кеңістігінің жағдайында 
студенттердің психологиялық денсаулығын сақтау үрдісін қамтамасыз ету 
қажеттілігімен және білім беру тәжірибесінің дәл осы ақпараттық-
компьютерлік технология құралдарымен тым қаныққандығымен байланысты 
қарама-қайшылықтардың пайда болуына әкеледі.
Нәтижесінде тӛмендегідей мәліметтер алынды:  
1. Электрондық кеңістік жағдайында білім алатын студенттердің тұлғалық 
ерекшеліктері, оқу барысында нақты объектілермен ӛзара әрекеттестік 
тәжірибесін тікелей қамтамасыз етуге бағытталған жағдайда оқитын 
студенттердің тұлғалық ӛзгешеліктерінен кӛп ӛлшемдер бойынша 
ерекшеленеді.
2. Электрондық білім беру кеңістігі, тұлғаның іс-әрекет аясын шектей 
отырып, жалпы оның психологиялық денсаулығы деңгейінің тӛмендеуіне 
ықпал етіп, оның эмоционалдық ортасын басады. 
3. Студенттердің психологиялық денсаулығын қамтамасыз етудің негізгі 
тәсілдері ретінде, электрондық білім беру кеңістігінің тежеуіш факторларын 
жеңудің ерекше психологиялық жағдайлары бола алады.
ЖОО-ның электрондық кеңістігі жағдайларында тұлғаның дамуы, оқу 
барысында электрондық үлгілерді емес, бірінші кезекте, нақты объектілермен 
ӛзара әрекеттестік тәжірибесін пайдаланатын жағдайда оқитын студенттердің
тұлғалық дамуынан едәуір ерекшеленеді. Электрондық кеңістік тұлғаның 
рационалды-логикалық аясының эмоционалдық ортасынан басым болуы үшін 


51 
жағдай жасайтындығымен сипатталады. Сонымен қатар ол қарым-қатынас 
үрдісін, оның құрылымындағы перцептивтік және интерактивтік аспектілердің 
рӛлдерін тӛмендету арқылы ӛзгертеді. Бұл ӛз кезегінде, тұлғаішілік 
деңгейіндегідей 
тұлғааралық 
қарым-қатынас 
деңгейінде 
де 
жоғары 
шиеленістерге, экстерналдық бағыттылықтың басымдығына, қорғаныс 
механизмдерінің ауқымды спектрін қолдануға, қиын жағдайларды шешуін 
қаламаушылыққа, ӛмірге бейімділіктің тӛмен деңгейіне, ӛзін және ӛзгелерді 
қабылдаудың тӛмен деңгейіне әкеледі.
Электрондық білім беру жағдайында ӛзінің жасерекшелік міндеттерін 
тікелей, табиғи жолмен шешудегі пайда болған мүмкінсіздік, қарым-қатынас 
қажеттілігі, студенттер арасындағы жақын сенімді қатынастар қажеттілігі терең 
тұлғаішілік шиеленістерді тудырады, олардың шешілуі аталған қарама-
қайшылықтарды күшейтетін тәсілдер арқылы мүмкін болады.
Электрондық кеңістік тұлғаның іс-әрекет аясын шектей келе, ақпаратық-
компьютерлік технологиялар тӛңірегінде студенттердің қызығушылықтарын 
шоғырландыруға мүмкіндік береді. Бұл, алдымен, эмоционалдық әлпеті мен ӛз 
ойын білдіру мүмкіндіктерін шектеп, эмоционалдық ортасында кӛрініс табады. 
Осылайша, эмоционалдық ортасы тӛмен және орташа қалыптасқан 
сыналушылар 
ӛзінің 
эмоционалдық 
ортасымен 
қатынас 
жасағанда 
қиындықтарға жолығады, бұл тұлғааралық ӛзара әрекеттестік пен қарым-
қатынаста, сонымен қатар жалпы ӛмірмен қанағаттануда тиісті мәселелер 
тудырады.
Студенттердің психологиялық денсаулығын сақтаудың аса маңызды тәсілі 
болып 
электрондық 
кеңістіктің 
баяулатқыш 
факторларын 
жеңудің 
психологиялық жағдайларын жасау болуы мүмкін. Бұлар: психологиялық 
пәндер циклын меңгеру барысында студенттер даярлығының тұлғалық 
құрамын тереңдету және кеңейту; білім беру үрдісі субъектілерінің 
психологиялық денсаулығы мен оны сақтау жағдайлары саласында, олардың 
құзқыреттілігін арттыру мақсатымен ЖОО оқытушыларымен жұмыс жасау; 
аталған психологиялық жағдайларды жасауға психологтардың белсенді 
қатысуы; электрондық кеңістіктің баяулатқыш ықпалдарын жеңуге арналған 
бағдарламаға қатысу үшін студенттердің психологиялық даярлығы.
Алынған нәтижелер қазіргі студенттердің психологиялық денсаулығына 
жағымсыз әсер ететін тұлғаның келесі психологиялық ерекшеліктерін 
белгілеуге мүмкіндік берді:
- тұлғаішілік шиеленіс аясында жүретін және конформдылықтың ӛсуімен 
қатар жүретін қарым-қатынастағы түсініксіздікпен және үстірттілікпен 
шартталған экстраверсияның басымдылығы. Әлеуметтік желілерді қолдану 
арқылы қарым-қатынастың шеңберін шексіз ұлғайтуға тырысу, сонымен қатар 
студенттердің жалғыздық қорқынышымен, ӛз қарым-қатынасының деңгейімен 
қанағаттанбағандығынан туындаған қарым-қатынастың үстірттілігін күшейту; 
- агрессия мен жалғандықтың жоғары деңгейі. Ӛзін-ӛзі таныту 
басқыншылық сипатқа ие, бұл жерде студент жасындағы тұлғаның даму 
үрдісінде 
соған 
«кептелу» 
байқалады. 
Демонстрациялық 
агрессия 


52 
шыдамсыздыққа 
айналып, 
мазасыздану 
аясындағы 
жалғандық 
демонстрациялық жалғандыққа ауысады; 
- негізгі кӛрсеткіш болып, бірге оқитын курстастарының тұлғалық және 
іскерлік ерекшеліктерін біліп, оларды эмоционалдық тұрғыда қабылдауға 
негізделген, құрбыларымен тұлғалық қарым-қатынас, іскерлік қарым-қатынас 
шеңберін кеңейту саналады. Бұл жерде аталған қатынастарды дамыту 
барысында студенттік қоғамда курстастарының тұлғалық ерекшеліктерін 
білгендік ұлғаяды, ал студенттік ұжымды қабылдау тӛмендейді. Мұндай жағдай 
студенттердің қарым-қатынас жасау қажеттіліктерінің қанағаттанбағандығын 
білдіреді және ол жастардың психологиялық денсаулығына жағымсыз әсер 
етеді, себебі қарым-қатынас қажеттілігі студенттік ұжымнан тыс жүзеге асады 
да субъект-субъектілі сипатқа ие болады, ал интернет-технологиялардың 
қорларын, әсіресе әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы жанамалық сипатты 
иеленеді;
- студенттердің тұлғааралық қатынастарының дамуы спонтандықтың, 
аггравацияның, тұлғаішілік шиеленістердің, аутосимпатияның, басқалардың 
жағымды қатынастарын күтудің, ӛзін-ӛзі кінәлаудың деңгейімен байланысты 
болады. Және студент үшін басқа адамды қабылдаудан, оның тұлғалық 
ерекшеліктеріне деген қызығушылықтарынан құралатын, әсіресе тұлғалық 
қарым-қатынас маңызды; 
- психологиялық 
денсаулықтың 
маңызды 
кӛрсеткіші 
болып, 
студенттердің ӛмірлік құндылықтар жүйесі саналады. Онда ӛзге адамдармен 
және әр түрлі салаларда, ӛзара әрекеттестік құндылығына басты орын бӛлінеді; 
альтруистік құндылықтардың ӛзара қатынастардағы рӛлі ерекше, сондықтан 
олардың қалыптаспағандығы қоршаған ортадағы адамдарды тануға байланысты 
студенттерде қиындықтар тудырады. Басқа адамдармен ӛзара қатынастардың 
құндылығы мен альтруистік, адамгершілік құндылықтардың тӛмен деңгейінің 
арасындағы қарама-қайшылықтар тұлғаішілік ширығуға, психологиялық 
денсаулықтың ауытқуларына әкеледі. 
Студенттердің кӛп жоспарлы ашық іс-әрекетері мен кәсіби-оқу іс-әрекеті 
сипатының арасында, сонымен қатар басқа да маңызды сырластық-тұлғалық 
қарым-қатынастың негізгі компоненттерінің арасындағы келіспеушіліктер 
психологиялық денсаулықта ауытқулардың пайда болуына ықпал етіп, 
тұлғалық дамудың бұзылуына әкеледі [196].
Тұлға ерекшеліктерінің мазмұнды талдауы, студенттің ЖОО-на бейімделу 
кезінде қарым-қатынас ортасы аса қиын болатындығы туралы айтуға мүмкіндік 
береді. Оның мәні әлеуметтік ӛзара әрекеттестік үрдісінде ол ӛзін-ӛзі таныту 
қажеттілігін жүзеге асыратындығымен анықталады. Бұл жерде қоршаған 
ортадағыларға қатысты рефлексиялық ұстанымның болмаған кезінде 
қабылдануды қалағандық, ӛзін-ӛзі таныту барысында агрессияның ӛсуіне 
әкеледі, олардың ішкі тепе-теңдігін бұзады. Осы арада студенттердің бір 
бӛлігінде терең тұлғалық қатынастарды орнату дағдысы қалыптаспайды, соның 
нәтижесінде мазасыздық, сенімсіздік, эмоционалдық тұрақсыздық, тұлғаішілік 
шиеленістер пайда болады.


53 
Қазіргі кезде әдебиеттерде адам үшін тұлғалық маңызды ақпараттармен 
айналысатын «қызба» интеллект (тәжірибелік, әлеуметтік және эмоционалдық) 
деп аталатын ұғым кеңінен талқылануда. Тәжірибелік интеллект деп, күнделікті 
ӛмірде іс жүзіндегі міндеттерді шеше алу қабілеті аталады. Әлеуметтік 
интеллект басқа адамдардың мінез-құлқын дұрыс түсініп, болжай алу қабілетін 
білдіреді. Эмоционалдық интеллект – ол эмоцияларды түсініп ажырата білу 
қабілеті және оны ӛзіңде де, басқа адамдарда да басқара алу. Теориялық 
құрылымдар мен диагностика әдістерінің талдауы кӛрсеткендей: 1) әлеуметтік 
интеллект – ол тұлғаішілік қатынастар саласындағы тәжірибелік интеллект; 2) 
эмоционалдық интеллект ӛзін-ӛзі реттеу жағдайында тәжірибелік міндеттердің 
барлық 
спектрінің 
барынша 
тиімді 
шешілуін 
қамтамасыз 
етеді; 
3) эмоционалдық интеллект басқа адамның эмоционалдық күйінің реттелуі 
түрінде, әлеуметтік бейімділікті ғана қамтамасыз ететін әлеуметтік интеллектке 
қарағанда оның мінез-құлқына ықпал етуге мүмкіндік береді [196].
Белгілі болғандай, психологиялық тұрғыда дені сау, жетілген тұлғаның 
басты сипаттамасы болып, оның тіршілік әрекетіндегі барлық салаларға әсер 
ететін құндылықтар бағдары саналады. Студенттердің негізгі ӛмірлік 
құндылықтарының талдауы М.Р. Гинзбург әдістемесінің нәтижесінде жасалды 
[197]. Осы әдістеме бойынша жүргізілген зерттеудің жалпы нәтижелері бірінші 
орынға келесі реттегілер шыққандығын кӛрсетті: сырластық қатынас (9,0), 
дербестік (8,6) және ӛмір мәні мен мақсатының болуы (8,6). Олардан соң 
қоршаған ортадағылар тарапынан қабылдау құндылықтары (8,5) және ӛздігінен 
даму (8,3), кәсіби және оқу-кәсіптік (8,3), қоғамдық-саяси және материалдық 
(8,4), отбасы-тұрмыстық (8,0), ересектермен қатынастар (7,9) орын алды. 
Студенттерде ең аз байқалатын альтруистік құндылықтар болды (7,8), 
адамгершілік және бос уақыт (7,5), сыртқы тартымдылық (7,1), мәртебе, 
шығармашылық (6,7). Сонымен қатар біршама студенттер нақты құндылықтар 
құрылымын кӛрсете алмады.
Студенттердің ӛмірлік мәнді бағдарларының талдауы, ӛмірлік мәнге ие 
жоғарғы құндылықтың және оны сезінуге олардың жеткілікті күш 
салмайтындығының арасында қарама-қайшылықтарды анықтады. Ӛз ӛмірінің 
мәні жӛнінде студенттердің 50%-ы айтарлықтай жиі ойланады, кейде 
ойланатындары - 29%, сирек - 18%, ол туралы ешқашан ойланбағандары - 3%. 
Ӛз ӛмірінің мәнін сұхбаткерлердің 85% анықтаған және ол кӛбінесе мақсат 
ретінде қабылданады. Студенттердің бір бӛлігі бұл мәселе жӛнінде енді ғана 
ойланып, бірнеше ӛмір мәнін белгілейді. Бұл студенттерде құндылықтар жүйесі 
әлі толық сатыланып реттелмегендігін білдіреді. Аталған жағдайда 
студенттердің құндылық-мағыналық қарама-қайшылықтарды шеше алу қабілеті 
сияқты психологиялық денсаулықтың кӛрсеткіші бағаланады.
Осылайша, студенттердің эмоциялық ортасы олардың психологиялық 
денсаулығының маңызды факторы болып табылады. Бұл жерде қалыпты 
психологиялық 
денсаулық 
субъектінің 
бастан 
кешетін 
сезімдерінің 
алуандылығын, эмоциялық тұрақтылықтың күшеюін, бірге мазасыздануға 
қабілеттілікті кӛрсететін эмоциялық ортамен сипатталады. Эмоциялық 


54 
ортадағы ауытқулар, әсіресе жастық шақта ӛзекті болып табылатын, махаббат 
пен достықтағы қажеттіліктің қанағаттанбауына әкеледі, бұл ӛз кезегінде, 
студенттердің жалпы тұлғалық дамуына кедергі келтіреді.
Сонымен қатар, мұндай ауытқушылықтарды студенттермен оқу іс-әрекетін 
ойдағыдай атқаруына кедергі ретінде белгілеуге болады, себебі олар студенттер 
мен оқытушылар арасындағы тікелей ӛзара әрекеттестік үрдісін қиындатады, 
онсыз жастық шақтың жасерекшелік міндеттерінің шешілуі күрделенеді. Бұл 
интерактивтік тәртіпте эмоциялық ортаның бұзылу кезінде пайда болатын 
тұлғалық мәселелерді табиғи жолмен шешуге мүмкіндіктің жоқтығы, терең 
тұлғаішілік шиеленістерді шақыратынын білдіреді. Ол пилотаждық 
зерттеулердің нәтижесі бойынша орташа есеппен бірінші курс студенттерінің 
23%-нда кездеседі.
Сондықтан біздің эксперименталдық зерттеуіміздің келесі кезеңі бос 
уақытында да әр түрлі дәрежеде электрондық білім беру кеңістігіне батқан 
студенттердің эмоциялық ортасын зерттеу болып табылады.
Алынған нәтижелер эмоциялық ортаның қалыптасуындағы тӛмен 
деңгейіне ие студенттер тобы келесі психологиялық ерекшеліктермен 
сипатталатындығын кӛрсетеді: 

ӛзі және ӛз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті басқаларға 
аударатындығымен 
кӛрінетін, 
ӛмірдегі 
экстерналдық-бағдарланған 
бағыттылықтың басымдылығымен;
- кӛбінесе сыналушылар тұлғасын анықтайтын регрессия мен терістеудің, 
проекцияның, ұтымдылықтың басымдылығымен респонденттердің барлық 
қорғаныстық тетіктерінің жоғары пайызда болуы;
- тұлғаішілік және сыртқы шиеленістердің бар екендігін дәлелдейтін 
аталған қорғаныстық тетіктердің жоғары деңгейде ширығуы; 
- субъектілердің қиындықтарға кездесуді қаламаушылықты және олардан 
аулақ жүруін қалайтындықты сипаттайтын, алшақтау копинг-тетіктерінің 
арасындағы басымдықпен; 
- қоршаған ортаға бейімділіктің тӛмен деңгейімен; 
- ӛзін, ӛзінің эмоциялық кӛріністерін және басқа адамдардың 
ұстанымдарын тӛмен қабылдаумен; 
- эмоциялық жайлылықтың тӛмендігімен; 
- сапалы ӛмір деген субъективтік кӛрсеткішке дәлел болатын, ӛмірмен 
қанағаттанумен байланысты тӛмен кӛрсеткіштермен сипатталады.
Ӛзінің сезімдеріне байланысты адам ӛзін кӛрсете алмаса, онда адамда 
жайсыздық, кемшілік сезімі пайда болады. Мұндай мінездемелермен адамдар 
«психологиялық тәуекел» деп аталатын жағдайға түсетін. Сыналушылардың 
осы тобы тұлғаішілік деңгейдегі ғана емес, сонымен қатар тұлғааралық ӛзара 
әрекеттестікпен байланысты шиеленістерге де ие. Бұл психологиялық 
денсаулықтағы айқын ауытқуларды білдіреді. Респондеттердің мұндай 
күйзелістерді сезінбейтіндігі мазасыздық пен қауіп сезімдерін тудырады, ол ӛз 
кезегінде сыртқы және ішкі де шиеленістерді ұлғайта түседі.


55 
Алынған нәтижелер электрондық кеңістік жағдайларында, студенттердің 
психологиялық денсаулықтарына әсер ететін баяулатқыш факторларды жеңуге 
мүмкіндік беретін ерекше психологиялық жағдайлар туғызуды міндеттейді. 
Мұндай жағдайларға тӛмендегілерді жатқызуға болады: 
1. Бірқатар пәндерді («Психология және педагогика», «Кәсіби іс-әрекет 
психологиясы», «Жанжалтану негіздері», «Іскерлік қарым-қатынас мәдениеті», 
«Іскерлік қарым-қатынас психологиясы», «Маманның бедел-бейнесі» және т.б.) 
меңгеру барысында студенттерді даярлауда олардың тұлғалық қасиеттерін 
тереңдету және күшейту.
Тұлғаның дамуына электрондық білім беру кеңістігінің жағымсыз 
ықпалын ескерте отырып, психологиялық дайындық тұлғаның бағыттылығына
әсер етуге мүмкіндік береді. 
Мұндай дайындықтың негізгі міндеттері:
- тұлғаның психологиялық денсаулығы және оны сақтау жӛніндегі 
түсініктерді қалыптастырумен байланысты ғылыми психологиялық білімдер 
жүйесін дамыту;
- ӛзінің жеке тұлғасына жағымды эмоциялық–құнды қатынастың және 
оны дамытудың маңыздылығы туралы түсініктер қалыптастыру; 
- оқытушылар мен студенттердің ізгілік ӛзара әрекеттестік тәжірибесін 
кеңейту; 
- біліктілікті диагностикалық ақпаратқа сүйене отырып оқу үрдісін 
психологиялық әдістермен түзету, әрбір студенттің жеке қалаулары мен 
қызығушылықтарын ескеру;
- ӛзінің жеке дамуында ақпараттық технологиялардың рӛлі мен оны 
шектеудің, электрондық кеңістіктің мүмкіндіктеріне деген кӛзқарасты ӛзгерту. 
2. ЖОО-нда білім беру үрдісі субъектілерінің психологиялық денсаулығы,
гуманистік-бағдарланған білім беру ұстанымдарын жүзеге асыру аясында 
электрондық кеңістікте оны сақтау жағдайлары жӛнінде ақпараттандыру 
мақсатымен ЖОО оқытушыларымен жұмыс жүргізу. Аталған жағдай, бір 
жағынан, білім беру үрдісінің оқытушылармен тұлғалық бағытталуы арқылы; 
екінші жағынан 
– 
оқытушылардың 
жеке 
эмоциялық 
кӛріністерін 
диагностикалау, ӛз ойын эмоциялық тұрғыда білдіруін рефлексиялау және 
тұлғааралық 
қарым-қатынас 
арқылы 
жасалады. 
Осындай 
жұмысқа 
оқытушының ойдағыдай қатысуы үшін ол келесідей: гуманистік-бағдарланған 
білім беруді жүзеге асыруға бағдарлану; ӛз ойын еркін және ашық эмоциялы 
түрде білдіруге дайын болу және оны кӛрсете алу қабілеті; жоғарғы 
психологиялық дайындық; ізгі ниеттілік және сезгіштік; икемділік, үнемі 
жетілуге дайын болу; кәсіби рефлексияға қабілеттілік; психологиялық 
денсаулық сақтау және ӛмірге тӛзімділік дағдыларына ие болуы қажет:
3. Студенттердің психологиялық денсаулығына ықпал ететін электрондық 
білім беру жүйесінің баяулатқыш факторларын жеңу үшін психологиялық 
жағдайлар жасауға психологтардың белсенді қатысуы, тӛмендегілерді 
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді: 


56 
- ЖОО-на студенттердің бейімделуін, оқудан тыс іс-әрекеттерін 
психологиялық тұрғыда дұрыс ұйымдастыруды, ЖОО-да білім алуға бейімделу 
барысында бірінші курс студенттеріне кӛмек кӛрсетуді, әсіресе студенттік 
топта тұлғааралық ӛзара әрекеттестік дағдыларын дамытуда, оқытушылармен 
сенімділік, ұжымшылдық сезімдерін және т.б. дамытуға;
- психологиялық кӛмекті қажет ететін студенттерге жеке ұсыныстар беру, 
мұндай студенттерде ӛзін-ӛзі бақылау және ӛзін-ӛзі реттеу дағдыларын 
дамытуға;
- тәлімгерлермен, сонымен қатар ЖОО-ның оқытушылар ұжымымен 
дәрісханадан тыс уақытта студенттерді ерекше бақылау, диалог деңгейінде 
тұлғааралық ӛзара әрекеттестіктің дағдыларын дамыту туралы оларда жалпы 
түсініктер қалыптастыру бойынша жұмыс; 
- ЖОО ұжымдарында шиеленіс жағдайларын анықтау, олардың әлсіреуіне 
немесе жойылуына байланысты кӛмек кӛрсету және қалыпты қарым-қатынас 
орнату, шиеленіске тікелей қатысушылармен арнайы алдын алу шараларын 
жүргізу; 
- ЖОО оқытушылары мен студенттерінің психологиялық денсаулығын 
нығайту, ұжымдардағы психологиялық климатты жақсарту мақсатымен 
психологиялық ӛзін-ӛзі реттеудің тәсілдерін үйрету.
4. Электрондық кеңістіктің баяулатқыш ықпалдарын жеңу бойынша
бағдарламаға 
қатысуға 
студенттерде 
психологиялық 
дайындықты 
қалыптастыру: 
- студенттердің ӛзінің жеке эмоциялық-тұлғалық ортасында бар 
мәселелерді сезінуі және соған байланысты ӛзіне кӛмек кӛрсетуге дайындық;
- рефлексияның тым болмаса нышандарының болуы, ӛзін селқос объекті
емес, керісінше белсенді ӛмір субъектісі ретінде сезіну;
- ӛзінің ішкі әлеміне деген қызығушылық және ӛзін жақсырақ түсінуді 
қалау;
- психологтардың жұмысына деген қызығушылық (немесе, ең болмағанда, 
олардың алдында қорқыныштың болмауы) және психологиялық сипаттағы 
жұмыстарға мақсатты түрде, бірізділікпен қатысу; 
- ішкі және сыртқы ӛзгерістердің алдында жеңуге мүмкін емес дегендей 
қорқыныштың болмауы, ӛзін және ӛзгелерді танумен байланысты жаңа 
тәжірибелерді қабылдауға әзірлік; 
- ӛзіне күш беру қабілеті.
Студенттерде салауатты ӛмір салтын қалыптастыруға арналған 
зерттеулерді жеке топқа бӛліп кӛрсетуге болады.
И.О.Бабушкина 
зерттеуінде 
[198] 
педагогикалық 
мамандықтағы 
студенттердің салауатты ӛмір салтын психологиялық сүйемелдеу мәселесі 
ашылған. Автордың айтуынша, адамның дамуындағы психофизиологиялық 
ауытқулардың ӛсуі педагогтарды, психологтарды, дәрігерлер мен ата-аналарды 
салауатты ӛмір салтын қалыптастыру үшін жағымды жағдайлар тудыруды 
қамтамасыз ететін ауытқулар мен факторлардың себептерін іздеуге 
мәжбүрлейді. Тұлғаның дамуындағы бұзылулар мен ауытқулардың себептерін 


57 
жою үрдісі, білім беруде және әлеуметтік саясатта оның жағымды дамуына 
жағдай жасау үрдісі салауатты ӛмір салтын қалыптастыру үрдісі деп атала 
бастаған.
Ӛмір салты – тұлғаның қалыптасу үрдісі детерминациясының, оның
физикалық, психологиялық және рухани қасиеттерінің дамуының маңызды 
факторы. Денсаулықты сақтауға, нығайтуға және жақсартуға бағытталған 
салауатты ӛмір салтын, кӛбінесе адамдардың белсенді іс-әрекеттері ретінде 
сипаттайды. Бұл жерде адамның және жанұяның ӛмір салты жағдайларға 
байланысты ӛз бетінше құрылмайтындығын, мақсатқа бағытты түрде және 
үнемі адамның ӛмірі барысында қалыптасатындығын ескеру қажет.
Салауатты ӛмір салтының қалыптасуындағы қазіргі тұжырымдамалар үш 
негізгі ойды қамтиды: деструктивтік мінез-құлықтың себептерін (жағдайларын, 
түрткілерін) жоққа шығару; тұлғаның рухани, психологиялық қасиеттерін 
тәрбиелеу және кӛрсету үшін сыртқы ортаның ықпалдарын ашу; адамның 
шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіру және дамыту үшін, оның ӛмірдің 
барлық жасерекшелік кезеңдерінде кӛрінуі үшін жағдайлар жасау. Салауатты 
ӛмір салтына қажетті жағдайлардың кӛптеген түрлері нақтырақ кӛрсетіледі: 
дұрыс тамақтану; белсенді ӛмір салты, шынығу; еңбек пен демалыстың тиімді 
тәртібін сақтау; санитарлық-гигиеналық нормалар мен ережелерді сақтау; 
қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау; зиянды әдеттерден құтылу; 
психогигиена; экологиялық сауатты мінез-құлық; қосымша рефлексияға, 
ойлауға, ӛзін-ӛзі бақылауға, ӛзін-ӛзі тануға деген қабілеттерді кӛрсетеді. 
Аталған жағдайлардың басым кӛпшілігі тәндік ӛмір мен физикалық 
денсаулыққа қатысты.
Салауатты ӛмір салты туралы түсініктер кейбір аздаған зерттеулерде, 
физикалық, психикалық және психологиялық денсаулықты қамтитын оның 
интгералдық түсінігіндегі, денсаулық ұғымымен байланысады. Адамның 
психологиялық денсаулығы нақты мақсаттар мен құндылықтарды белгілейтін 
оның дүниетанымымен, құндылықтар мен мағыналар жүйесімен, кӛбінесе 
ойлау мен эмоциялардың позитивті бағытталуымен анықталады.
Автормен салауатты ӛмір салтының мәніне, құрылымына және 
қалыптасуына, бұл үрдістің құндылық-адамгершілік-рухани факторларын 
талдаудың негізінде жаңа интегралдық тәсілдеме кӛрсетілген [199]. Мұнда 
позитивті 
ойлаудың, 
рухани-адамгершілік 
бағдарлардың, 
тұлғалық 
түрткілердің, мақсаттар мен құндылықтардың, бұл үрдістегі эмоциялық, 
коммуникативтік және рефлексиялық тұлғалық сипаттамалардың мәнді рӛлі 
туралы түсініктер қалыптасады. Осының негізінде аталған факторлардың ӛзара 
байланысы мен ӛзара әрекеттестігінде салауатты ӛмір салтының психологиялық 
құрылымы анықталады. Салауатты ӛмір салты мен оның қалыптасуының 
авторлық моделі ұсынылған. Салауатты ӛмір салтының және оның болашақ 
педагогтарда қалыптасу үрдісінің жетілдірілген психологиялық моделінің 
негізінде тұлғаның дүниетанымы, позитивті ойлауы рухани-адамгершілік 
құндылықтар мен бағдарлардың жүйелі ӛзара әрекеттестігі жатыр. Осындай 
ӛзара әрекеттестік арқылы когнитивтік, эмоциялық, коммуникативтік және 


58 
тұлғаның басқа да мүмкіндіктерінің дамуы қамтамасыз етіледі.
Кӛрсетілген модельдің ең мағыналы компоненті болып, тұлғаның 
салауатты ӛмір салтының интегралдық дамуы үшін қажетті жағдайлар 
тудыратын, студенттерді психологиялық сүйемелдеудің бағдарламасы 
саналады. Бағдарлама тұлға ӛмірінің негізгі аспектілерін қамтиды: денсаулық, 
молшылық, ӛзара қатынастар, шығармашылық іс-әрекет. Ол студенттер 
ӛмірінің аталған жақтарын жүйелі сауықтыруға және оңтайландыруға 
бағытталған, болашақ педагогтың салауатты ӛмір салтын қалыптастырудың 
сыртқы ұйымдастырушы-педагогикалық жағдайы болып табылады.
И.О.Бабушкина ӛз еңбегінде эмпирикалық зерттеудің негізін: болашақ 
педагог маманның тұлғасын және ӛмір салтын интегралдық сауықтыру және 
оңтайландыру аясында барынша зор мүмкіндіктерге, студент ӛмір салтының 
құрылымын құрайтын тұлғалық сипаттамалар жүйесін зерттеуге және 
қалыптастыруға құндылы-мағыналық және адамгершілік бағдарланған тәсілдер 
ие; 
- ӛмір салтын сауықтырудың ішкі жағдайлары тұлғаны интеллектуалдық, 
эмоциялық және коммуникативтік сипаттамалардың бұрмалауларынан және 
олардың жағымсыз ӛмірлік кӛріністерінен босатудан тұрады;
- аса маңызды сыртқы жағдай болып, бұл үрдістің психологиялық 
сүйемелдеуі 
және 
оның 
ғылыми-әдіснамалық 
қамтамасыз 
етілуі 
саналатындығын негіз етіп кӛрсеткен [198]. 
С.И.Оксанич еңбегінде студенттердің психологиялық денсаулығының аса 
маңызды құрылымдық компоненттері бӛліп кӛрсетілген:
а) психоэмоционалдық мәртебе (мазасыздық, эмоционалдық тұрақсыздық 
(тұрақтылық), колледждің білім беру жүйесіне кӛзқарастың деңгейі); 
б) салауатты ӛмір салты туралы студенттердің түсініктері (салауатты ӛмір 
салтының құрамды бӛліктер); 
в) ӛзіне деген құндылық қатынас (ӛз-ӛзіне қатынас, ӛзін - ӛзі бағалау, 
негізгі сұраныстардың қанағаттандырылу дәрежесі, құндылық бағдар).
Ресейдегі тӛрт ЖОО студенттерінің психикалық денсаулығының 
скринингтік зерттеуі сырқат алдындағы ауытқуларды 58,7 % сыналушылардан 
анықтауға мүмкіндік берді, жүйке - психикалық мәселелердің 21,1 %-ы 
белгіленді. Зерттеу тӛмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді: ЖОО 
студенттерінде психикалық денсаулығының ауытқулар қаупінің жоғарылығы 
студенттердің психикалық денсаулықтарын сақтау бойынша бағдарламалар 
жасаудың ӛзектілігіне дәлел бола алады. Студенттердің психологиялық 
денсаулықтарының нашарлығына олардың, басқа әлеуметтік салаларға 
қарағанда, тәуелділікке едәуір жоғары жақындығы дәлелдейді. Шылым 
тартатын және тартпайтындардың саны шамамен бірдей болған (48,4% және 
46,7%). Шылым шегетін студенттерді жынысына қарай бӛлгенде, ер адамдар 
(57,7%) әйелдерге (42,3%) қарағанда кӛбірек шегетіндігі анықталды. Шылым 
шегетін 
бойжеткендердің 
саны 
бозбалалардан 
5,4% 
ғана 
аз. 
Шылымқұмарлардың үштен бір бӛлігінде темекі тарту ӛтілі негізінен 2-3 
жылды құрайды. «Темекі тартуды қойғыңыз келеді ме?» деген сұраққа 


59 
сыналушылардың 63,1% оң жауап берген, және де бұл талпыныста бозбалалар 
үлкен белсенділік байқатады. Респонденттердің 14,1% есеңгірететін заттарды 
пайдаланғандарын айтады [199].
Ішімдіктерді пайдалануға қатысты уақыт ӛлшемдері бойынша сыраның 
пайдаланылуы бірінші орында тұр: аптасына 1-2 рет – 24,9%. Физикалық 
белсенді ӛмір салтын ұстанатын студенттердің саны сұралғандардың жалпы 
санынан шамамен 1/3 құрады - 31,3%. Сонымен қатар олардың басым 
кӛпшілігінің 26,3%-ы жақын арада ғана белсенді бола бастаған. Ӛзгелерінің 
37%-ы спортпен шұғылдану жұмысын болашақтың еншісіне қалдырады, 
немесе 3,7%-ы ештеңені ӛзгертісі келмейді. Салауатты ӛмір салтының маңызды 
буындарының 
бірі 
болып, 
студенттердің 
қауіпті 
мінез-құлықтық 
факторларының зияны туралы сияқты салауатты ӛмір салтының ұстанымдары 
туралы да ақпараттандыруды қажет ететіндігі саналады. Бәрінен гӛрі 
студенттердің 42,1%-ы дұрыс тамақтану жағынан, 27,8%-ы сексуалды қарым-
қатынастар саласында барынша хабардар болғысы келеді. Есірткіден, темекі 
тартудан және ішімдіктен келетін зиян, артық салмақ жӛнінде ақпарат шамамен
әрбір бесінші-алтыншыны қызықтырады.
Бірқатар себептерге байланысты студенттік шақ нашақорлық қаупі тобына 
жататын әлеуметтік категория болып табылады, нашақор адамдардың басым 
кӛпшілігі 14-25 жас аралығына жатады. Психологиялық белсенді заттарды 
(ПБЗ) пайдалануға итермелейтін тәуекел факторларының қатарына: отбасылық 
анамнез (жағымды жағдайларда – 85,6%), қоршаған орта жағдайларының 
ықпалдары, стрессорлық жүктемелерге бейімделу әдістерінің жоқтығы, алдын 
алу шараларының жоқтығы және дәрі-дәрмектердің қолжетімділігі жатады. 
ПБЗ пайдаланушылардың арасында психикалық аурулардың жоғары деңгейі, 
нашақор-ішкіш адамның «портретін» құру мақсатымен зерттеу жүргізуге түрткі 
болды. Оны сүйемелдеуші негізгі психикалық аурулар болып, депрессиялар, 
социопатия және соған шектес жағдайлар саналады. Маскүнем тұлғасына: 
албырттық, нарциссизм, тәуелділіктің болуы, мазасыздық, ипохондрия және 
амбиваленттік сияқты қасиеттер жатады.
Келтірілген 
мәліметтер 
ресейлік 
студенттердің 
физикалық 
денсаулықтарының жағдайы жағымсыз екендігін дәлелдейді, ендеше әр түрлі 
жүйке-психологиялық және психосоматикалық симптоматиканың дамуына 
жағымсыз алғышарттардың да бар екендігін білдіреді.
С.И.Оксаничтің зерттеуі студенттің психологиялық дені сау тұлғасын 
сақтауға және оны қолдауға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық 
жағдайлар жасау қажеттілігін дәлелдеуге жол ашты. Олар: а) психологиялық 
қызмет ұйымдастыратын студенттердің психологиялық дамуын қамтамасыз 
ету; б) ЖОО-ның білім беру ортасын психологиялық сүйемелдеу; в) 
студенттердің психологиялық денсаулығын сақтаудың және сүйемелдеудің 
эксперименталдық бағдарламасын енгізу.
Студенттердің психологиялық денсаулықтарының 2011 жылы жүргізілген 
зерттеуі бойынша ЮФУ студенттері үшін күйзелістің негізгі кӛзі тӛмендегілер 
деп кӛрсетті: оқу - 30,6%; жақын адамдармен қарым-қатынас 25%; іс-әрекеттің 


60 
қарқындылығы 25%; қоршаған ортадағылар және олардың әрекеттері 19,44%; 
ескішіл тәртіп -16,7%; кәсіби талаптар – 13,9%; күшті күйзелістер – 11,11%; 
кӛлік 2-5,6%. 
Студенттердің психологиялық денсаулық жағдайларының кӛрсеткіштерін 
зерттеуде ресурстық және дефицитарлық деп бӛлуге болады. Ресурстық түріне 
(бейімділікті, жағымсыздықты жеңу мүмкіндігін қамтамасыз ететін деңгейдегі) 
ӛзін-ӛзі бағалауды, копинг-стратегияларды және ӛзара әрекеттестіктің 
тұлғааралық 
стратегияларын 
жатқызуға 
болады. 
Дефицитарлық 
(қанағаттанғысыз) деңгейге тӛмендегілер жатады: еріктік ӛзін-ӛзі реттеу және 
жүйке-психикалық тұрақтылық жатады. Сонымен қатар, студенттердің ӛз 
денсаулықтарының қорларын психологиялық деңгейде және физикалық 
деңгейде де асыра бағалайтындықтары кӛрсетілген. Белгілі болғаны:
- кӛп студенттер психологиялық денсаулықтың келесі қорларының 
жағдайын жақсы, деп бағалағандары – ӛзін-ӛзі бағалау, күйзелісті жеңу 
стратегиясы және тұлғааралық ӛзара әрекеттестік стратегиясы; 
- кӛп студенттер психологиялық денсаулықтың келесі қорларының 
жағдайын қанағаттанғысыз, еріктік ӛзін-ӛзі реттеу және жүйке-психикалық 
тұрақтылық, деп бағалаған. 
- жүйке-психикалық 
тұрақтылықтың 
кӛрсеткіші 
бозбалалар 
мен 
бойжеткендерде де тӛмен және қанағаттанғысыз (бозбалалар үшін), жағымсыз 
(бойжеткендер үшін) деңгейлердің арасында ӛзгеріп тұрады; 
- студенттердің ӛз денсаулықтарының (физикалық және психологиялық) 
қорларын субъективтік бағалаулары, объективтік тестілеу кезінде алынған 
бағалаулардан гӛрі, едәуір оптимистік болып табылады.
Шын мәнінде бұл студенттердің психикасының саулығы үшін жетіспейтін 
басты қасиет болып, ӛзін-ӛзі реттеу қабілеттілігі мен жүйке-психикалық 
тұрақтылық саналатынын білдіреді. Ӛзін-ӛзі реттеудің тәсілдерін жақсы 
меңгермегендіктен, күйзеліске тұрақтылықты иемденбегендіктен жастар 
психологиялық күйзелістер соматизациясының құрбандары болады. Бұл 
олардың физикалық тӛзімділіктері мен ауруға қарсы тұрудың тӛмен 
деңгейлерінен байқалады.
Аталған автормен ЖОО-нда білім беру үрдісін ұйымдастыру бойынша 
ұсыныстар тұжырымдалған: 
- оқыту барысында 2-3 курстарда ӛзін-ӛзі реттеуге қабілеттілікті 
дамытатын тренингтердің ӛткізілуін қарастыру; 
- денсаулық мәдениетіне, әсіресе, ӛзін-ӛзі реттеу технологияларына 
үйрету арқылы болашақ маманның құзыреттілігі жүйесінде психологиялық 
денсаулықты, жұмысқа қабілеттілік пен іс-әрекеттің сенімділігін сақтау және 
нығайту бойынша құзыреттіліктерді тұжырымдау [199]. 
Студенттердің психологиялық денсаулығын зерттеуге аксиологиялық тәсіл 
Н.В.Басалаева және Т.В.Захаровада [200] қолданылған. Авторлар жетілдірілген 
«Денсаулыққа қатынас» әдістемесін қолданған. Оның нәтижелерін талдау 
барысында ӛз денсаулығына барабар-барабар емес ӛлшемдеріне сәйкес келетін, 
тӛрт сала бойынша: когнитивтік – денсаулық саласындағы адамның 


61 
құзыреттілігінің немесе хабардарлығының дәрежесі, тәуекелге барудың немесе 
оған бармаудың негізгі факторларын білу, белсенді және ұзақ ғұмырды 
қамтамасыз ету үшін денсаулықтың рӛлін ұғыну; мінез-құлықтық –адамның 
әрекеттері мен қылықтарының салауатты ӛмір салтының талаптарына сәйкес 
келу дәрежесі; эмоциялық – денсаулыққа қатысты мазасызданудың оңтайлы 
деңгейі, 
оған 
рақаттанып 
қуана 
білу; 
құндылық-мотивациялық 
– 
құндылықтардың жеке иерархиясында денсаулық мәнінің жоғарылығы, 
денсаулықты сақтауға және нығайтуға қалыптасқан мотивацияның дәрежесі 
сынды кӛрсеткіштер ескерілді.
Студенттердің 23%-ы денсаулықты «жақсы кӛңіл күй, еш нәрсе 
мазаламайды, сырқаттардың жоқтығы» деп анықтайтындары белгілі болды, топ 
студенттерінің 12%-ы денсаулықты адамның сәтті және сәтсіз хал-жайы 
ретінде белгілейтін болса, бірінші курс студенттерінің 23%-ы денсаулықты 
адам ӛмірінің негізі деп түсінеді (мысалы, «денсаулық – ол адам ӛмірінің 
қажетті құрамдас бӛлігі»). Мұнымен бірге, топ студенттерінің 15%-ы 
денсаулықты алдын алу шараларының кешені ретінде сипаттайды («денсаулық 
– ол дұрыс тамақтануды, физикалық форманы, рухани тепе-теңдікті сақтайтын
адамның кӛңіл күйі»), бірінші курс студенттерінің 27%-ы денсаулықтың 
маңызды сипаттамасы ретінде адамның бойындағы рухани және физикалық 
бастамалардың үйлесімді байланысын («денсаулық – ол ішкі және сыртқы 
келістіктің, татулықтың, толық физикалық денсаулықтың күйі») атайды. 
Студенттердің 
85%-ының 
пікірі 
бойынша, 
денсаулық 
саласындағы 
хабардарлыққа, дәрігерлерден (мамандардан) алынған ақпарат әсер етеді. 
Сонымен қатар, студенттердің 69%-ы денсаулық жӛніндегі ақпараттың аса 
маңызды кӛздерінің бірі – «БАҚ (радио, теледидар)» деп анықтайды. 
Ықпалдылығына байланысты ІІІ орынды «денсаулық туралы ғылыми-кӛпшілік 
кітаптар» (студенттердің 62%-ы алады). Дегенмен, студенттердің 50%-ы 
денсаулық туралы ақпаратты достарынан (таныс адамдардан) және 31%-ы 
газеттерден (журналдардан) алғанды жӛн кӛреді. Біз нәтижелерді талдап, 
барлық студенттердің пікірі бойынша, денсаулықтың күйіне «экологиялық 
жағдай» факторы барынша елеулі әсер ететінін анықтадық. Сонымен қатар 
студенттердің 96%-ы денсаулыққа әсер ететін маңызды факторларының бірі 
«тамақтану ерекшеліктері» деп белгілейді. Мәнділік дәрежесіне қарай ІІІ 
орынға студенттердің 88%-ы «ӛмір салтын» кӛрсетеді. Студенттердің 81%-ы V 
орынға мәнділігіне қарай, «кәсіби іс-әрекет» факторын анықтайды. Сонымен 
қатар, бірінші курс студенттерінің 38%-ы денсаулық күйіне айтарлықтай ықпал 
ететін қосымша факторлар: тұйықталған кеңістік, психологиялық тыныштық, 
судың сапасы және т.б. кӛрсеткен.
Осылайша, когнитивтік деңгейде денсаулықтың студенттермен мәдени, 
әлеуметтік, психологиялық, физикалық, экономикалық және рухани 
факторлардың ӛзара байланысын білдіретін, сонымен қатар белсенді және ұзақ 
ӛмірді қамтамасыз етудегі оның мәнінің, адам ӛмірінің іргелі аспектісі ретінде 
түсінілгендігі тән. Бірінші курс студенттерінің кӛпшілігі денсаулықты рухани 
және физикалық бастаулардың үйлесімді байланысы ретінде анықтайды. 


62 
Денсаулық саласындағы ақпаратты бірінші курс студенттері әр түрлі ақпарат 
кӛздерінен алады, алайда ақпаратты кӛбінесе дәрігерлерден (мамандардан) 
және «БАҚ (радио, теледидар)» алуға дайын.
Денсаулықтың студенттермен мінез-құлықтық деңгейде ұғынылуын 
қарастырайық. Студенттер кӛбінесе ӛздерінің физикалық денсаулықтарын 
сақтау үшін жиі моншаға (саунаға) баратындығын айта кеткен жӛн, ол 
сыналушылардың 69%-ын құрайды. Сонымен қатар, студенттердің 62%-ы 
зиянды әдеттерден аулақ болғанды қалайды. Сыналушылардың 57%-ы ӛз 
денсаулықтарын сақтау үшін физикалық жаттығулардың орындалуын маңызды 
деп санайды. Мәнділігі бойынша сыналушылардың 50%-ы IV орында ұйқы мен 
демалу тәртібін қадағалау керек деп ойлайды. Студенттердің 38%-ы ӛздерінің 
салмағын бақылауды жӛн кӛреді. Бірінші курс студенттерінің 27%-ы ӛз 
денсаулықтарын сақтау үшін шынығып, спорттық секцияларға (шейпинг, 
тренажер залы) қатысқанды маңызды, деп санайды. Мәнділігі бойынша VII 
орынға – студенттер алдын алу мақсатымен дәрігерлерге баруды (барлық 
студенттердің 19%-ы) жатқызады. Сонымен бірге, студенттердің 15%-ы 
денсаулықты қадағалау үшін диетаны қолданады. Бұл жерде бірінші курс 
студенттері ең аз дәрежеде арнайы сауықтыру шараларын ұсынады (барлық 
сыналушылардың 7%-ы). Одан басқа, студенттердің 27%-ы қосымша 
шараларды кӛрсетті. Олардың ойынша, денсаулықты сақтау үшін: тамақтану, 
дәрумендер, жақсылық туралы ойлау, үнемі бақылауды қажет ету тиімді деп 
ойлайды. Нәтижелерді талдай келе, анықтағанымыз: денсаулық нашарлағанда 
студенттердің 93%-ы кӛбінесе ӛткен тәжірибеге сүйене отырып, ӛз бетінше 
шаралар қолданады. Сонымен қатар барлық сыналушылардың 69%-ы кеңес 
сұрап, туысқандарына, достарына және таныс адамдарына жүгінгенді қалайды, 
студенттердің 31%-ы дәрігерге кӛрінгенді жӛн кӛреді. 19% студенттер ӛз 
денсаулығының сыр бергендігіне назар аудармағанды құптайды. Осылайша, 
студенттердің денсаулыққа деген қатынасын мінез-құлықтық деңгейде 
қарастыра келе, бірінші курс студенттерінің денсаулықты сақтауға және 
нығайтуға бағытталған әр түрлі практикалық әрекеттерге қосыла алатындығын, 
сонымен қатар ӛз денсаулығын күтуге арналған тиісті шараларды ӛздігінен 
қолданатындығын кӛрсету қажет.
Денсаулықтың 
студенттермен 
эмоциялық 
деңгейде 
ұғынылуын 
қарастырайық. Зерттеу нәтижелерін талдай келе, бірінші курс студенттері 
денсаулықтың жақсы күйінде кӛбінесе тыныштықты сезінетіндігін (96%) айта 
кеткен жӛн. Бұл жерде сыналушылардың 93%-ы ӛз денсаулығының жақсы 
күйіне риза. Сонымен қатар, студенттердің 88%-ы ӛз денсаулығының 
жақсылығын іштей қанағаттанушылық, бақыт және ӛзіне сенімділік ретінде 
кӛрсетеді. Студенттердің 81%-ы денсаулықтың жақсы күйіне қуанады, 73%-ы 
студенттер ӛз денсаулығының жайлылығын «еркіндік сезімі» ретінде 
белгілейді. Оған қоса, 65% студенттердің пікірінше, денсаулық жақсы болғанда 
қауіп те жоқ. Сыналушылардың 57%-ы денсаулықтың жақсы күйінде 
алаңдаушылықтың жоқтығын кӛрсетсе, ал 7% ӛз денсаулығының жағдайына 
немқұрайлықпен қарайды. Сонымен қатар, анықтағанымыздай: студенттердің 


63 
85%-ы денсаулықтары нашарлағанда кӛбінесе жабырқаңқылық сезіміне жақын. 
Ал студенттердің 69%-ы ӛздерін нашар сезінгенде кӛңіл күйлерінің 
мұңаятындығын кӛрсетеді. Сыналушылардың 65%-ы ӛз сырқаттың себебін 
анықтағысы келіп тиісті шаралар қолданады. Бірінші курс студенттерінің 54%-
ы денсаулықтары сыр бергенде жүйкесі тозып, мазасызданады. Бір мезгілде 
сыналушылардың 46 %-ы денсаулығы нашарлаған кезде аяушылық сезіміне 
жақын болады. Студенттердің 43 %-ы ауырған кезде ашулы сезімге кӛрсетеді. 
Сыналушылардың 23% ӛз денсаулығының нашарлаған кезінде қорқыныш 
сезінетіндерін белгілеген, ал 15 %-ы аталған жағдайда ӛздерін кінәлі сезінеді. 
Сонымен қатар, студенттердің 12%-ы ӛз денсаулықтарына байсалдылықпен 
қарайтындарын 
кӛрсетеді. 
Студенттердің 
4%-ы 
ӛз 
денсаулығының 
нашарлағанына ұялатындарын кӛрсеткен жӛн.
Сонымен, бірінші курс студенттерінің ӛз денсаулықтарына эмоциялық 
деңгейде қарайтындарын қарастыра келе, студенттер денсаулықтарының жақсы 
күйінде кӛбінесе байсалдылықты сезініп, жағымды эмоциялар кӛрсететіндерін, 
ӛз денсаулығының жағдайына рақаттанып қуанатындарын айта кеткен дұрыс. 
Сонымен қатар, бірінші курс студенттері айтарлықтай сензитивті болады және 
ӛз денсаулықтарының түрлі виталдық кӛріністеріне сезімтал келеді. 
Денсаулықтың нашарлаған кезінде кӛбінде кӛңіл күйлері болмай қыңжылады, 
ашуланып мазасызданады, қорқыныш пен ұялғандық сезімдері байқалады.
Бірінші курс студенттерінің денсаулыққа деген құндылық–мағыналық 
деңгейдегі қатынастарын қарастырайық. Зерттеуге қатысқан барлық 
студенттердің пікірінше, аса маңызды құндылықтар – «денсаулық» және 
«қызықты жұмыс (мансап)» саналады. Мәнділік дәрежесі бойынша II орынға 
студенттердің 93%-ы «тәуелсіздікті, еркіндікті» кӛрсетеді. Бірінші курс 
студенттерінің 88%-ы үшін аса маңызды ӛмірлік құндылықтар болып «бақытты 
отбасылық ӛмір» және «қоршаған ортадағылардың қабылдауы мен құрметі» 
саналады. Сонымен қатар, мәнділігі бойынша, студенттердің 85%-ы соңғы 
орынға «материалдық жайлылық» пен «сенімді достар» құндылықтарын 
кӛрсетеді. Аталған факт бірінші курс студенттері үшін барынша басымды 
болып «денсаулық» және «қызықты жұмыс (мансап)» сияқты құндылықтар 
саналатындығына дәлел бола алады. Студенттердің ойынша, жетістікке жету 
үшін аса маңызды фактор болып «жақсы білім»мен «қабілеттер» 
саналатындығын 
(студенттердің 
93%) 
анықтадық. 
Сонымен 
қатар, 
сыналушылардың 88%-ы жетістікке жетудің мәнді факторларының қатарына 
«денсаулықты» жатқызады. Бірінші курс студенттерінің 81%-ы жетістікке 
жетудің жолы деп «табандылық пен еңбекқорлықты» кӛрсетеді.
Мәнділік дәрежесі бойынша студенттердің 77%-ы IV орынға «істің оңға 
басуын (сәттілік)» пен «материалдық жетістікті» белгілейді. Сонымен қатар, 
студенттердің 73 %-ы жетістікке жетудің аса маңызды емес факторы деп 
«керекті байланыстарды» кӛрсетеді. Қарастырылған деректер бойынша бірінші 
курс студенттері үшін ӛмірлік жетістіктерге жетудің маңызды жағдайы болып, 
«сапалы білім», «қабілеттер» және «денсаулық» саналады деген қорытынды 
жасауға мүмкіндік береді. 


64 
Осылайша, студенттердің денсаулыққа деген қатынастар ерекшеліктерін 
қарастырып, денсаулық олармен рухани және физикалық бастамалардың 
үйлесімді байланысы ретінде анықталатындығы қорытындылауға болады. 
Денсаулықты мәдени, әлеуметтік, психологиялық, физикалық, экономикалық 
және рухани факторлардың ӛзара байланысын білдіретін адам ӛмірінің іргелі 
аспектісі ретінде ұғыну қажет. Жоғарыда айтылғанның барлығы, бірінші курс 
студенттерінің денсаулыққа деген қатынасы аса басымдыққа ие, денсаулық 
олар үшін ӛмірлік құндылықтардың ең маңыздыларының бірі болып табылады 
деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Алайда, оған жету үшін белсенді 
әрекеттерді жеткілікті түрде қолданбайды. Бұл кӛбінесе маңыздырақ істердің 
болуымен, 
компания 
мен 
уақыттың 
тапшылығымен 
шартталады. 
Денсаулықтың жақсы күйінде студенттер байсалдылықты сезініп, жағымды 
эмоциялар білдіреді, ӛз денсаулығының жағдайына рақаттанып қуана алады. 
Сонымен қатар, бірінші курс студенттері айтарлықтай сензитивті болады және 
ӛз ағзаларының түрлі виталдық құбылыстарына сезімтал келеді. Денсаулықтың 
нашарлаған кезінде кӛбінде кӛңіл күйлері болмай қыңжылады, ашуланып 
мазасызданады, қорқыныш пен ұялу сезімдерін бастан кешеді. Студенттердің
ӛз денсаулықтары жӛнінде толық және барабар түсініктерін орнықтау үшін 
денсаулық пен салауатты ӛмір салты туралы кешенді түсініктерді 
қалыптастыруға, ӛмір жолының мәнін ұғынып және ӛмірлік мақсаттар мен 
міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ЖОО–на «денсаулық жасаушы» 
кеңістігін ашуды орынды деп санаймыз.
А.В.Медведев ӛз кезегінде (А.В.Медведев Социально-психологические 
аспекты развития психологического здоровья студентов в процессе 
профессионализации в вузе) студенттердің психологиялық денсаулығын 
дамытудың әлеуметтік-психологиялық аспектілерін зерттеді [205]. Автордың 
айтуынша, әлеуметтік энтропияның ӛсуі болашақ мамандардың психологиялық 
тұрақтылығын сақтау мәселесін бірінші кезекке шығарады. Ол ЖОО–на 
мамандықты игеру барысында студенттердің тұлғааралық ӛзара әрекеттестігі 
мен оқу–педагогикалық жаңа тәсілдерді іздеуді күн тәртібіне қояды. Осыған 
орай кәсіби мәртебенің құрамды бӛлігі ретінде салауатты ӛмір салтына деген 
ұстанымдарының қалыптасуында әлеуметтік-психологиялық факторлардың 
рӛлін асыра бағалау қиын. Автор мамандықтың ерекшеліктерін ескеру 
қажеттігін ерекше кӛрсетеді.
Денсаулыққа деген құндылық кӛзқарас жақсы білім алып (еңбектену) үшін 
тиісті әлеуметтік-гигиеналық жағдайларды жасауды ғана емес, сонымен қатар 
студенттердің салауатты ӛмір салтының жеке қалыптасу мотивациясын 
болжайды. Ол заңгерлік ЖОО–ның бағдарламасына енгізіліп, заңгер-маманды 
даярлаудың ажырамас бӛлігі ретінде тұрақты әлеуметтік бақылау мен 
басқарудың нысанына айналуы қажет.
Автор келесі қорытындыларға келеді: 
1. Денсаулықтың ішкі кӛрінісі, студент тұлғасының психологиялық 
денсаулығының интегралдық сипаттамасы бола тұра, әлеуметтік топ ретінде 


65 
және студенттердің мамандықты игеру кезеңдеріндегі студенттік жастың 
әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерімен шартталады.
2. Студенттердің құндылықтар жүйесінде «денсаулық» құндылығы оқу 
курсына қарамастан мәнділік дәрежесі бойынша басты позицияға ие. Сонымен 
қатар, қалған ӛмірлік құндылықтардың айтарлықтай айқын кӛрінетін 
динамикасына қарағанда, оқу курсына қарай «денсаулық» құндылығының 
маңыздылық дәрежесі үнемі жоғары деңгейге ие. 
3. ЖОО студенттерінің психологиялық денсаулықтарын дамытудың 
маңызды құрылымдық факторы болып, тұлғаның ӛзін-ӛзі маңыздандыру 
деңгейі саналады. Студенттердің психологиялық денсаулығының бүлдіргіш 
факторларына қауырттылық кӛрінісі ретіндегі мазасыздық, күйзеліс күйлері 
жатады. Жалпы барлық студенттер оқу барысындағы тұлғаның ӛзін-ӛзі 
маңыздандыру деңгейінің оң динамикасына ие. Сонымен бірге студенттердің 
ӛзін-ӛзі маңыздандыру деңгейінің негізгі даму беталыстары 1 курстан 5 курсқа 
қарай заңгер-студенттер мен педагог-студенттерінде де айтарлықтай 
ерекшеленбейді. Екі топтың студенттерінде де ӛзін-ӛзі маңыздандыру 
деңгейінің едәуір ӛсімі келесі кӛрсеткіштер: «дербестілік», «құндылықтар», 
«қарым-қатынастағы икемділік» бойынша анықталады. 
4. Оқу бағытына қарамастан, студенттер мазасыздығының барынша айқын 
байқалатын кӛрсеткіштері болып: «ЖОО-дағы жалпы мазасыздық», 
«әлеуметтік күйзелісті бастан кешу», «білім тексерісі жағдайындағы 
қорқыныш» сияқтылары саналады. Яғни, мазасыздық құрылымында әлеуметтік 
және оқу-кәсіптік шарттастығына ие компоненттер айқынырақ кӛрсетілген. 
Жалпы екі ЖОО-ның студенттерінде де мазасыздану жоғары деңгейде және оқу 
барысында кӛптеген кӛрсеткіштер бойынша оның тӛмендеуі де мүмкін.
5. Әр 
түрлі мамандықтағы студенттерде мазасыздық кӛрінісінде 
айырмашылықтар айқындалған. Демек, болашақ педагогтарда, алдымен, 
жетістіктерге 
жету 
қажеттілігінің 
фрустрациясы, 
заңгер-студенттерде 
әлеуметтік күйзеліс пен қоршаған ортадағылармен қарым-қатынастағы 
қорқыныштар анықталған. Мұндай айырмашылықтар оқудың барлық кезеңінде 
орын алады, сонымен қатар дәл осы негізгі кӛрсеткіштер бойынша оқу 
үрдісіндегі мазасыздықтың тӛмендеуі (бірінші курстан үшіншіге қарай және 
үшіншіден бесінші курсқа қарай) оң динамика байқалады.
6. Студенттердің психологиялық денсаулығы кӛрсеткіштері мен олардың 
ӛзін-ӛзі маңыздандыру және мазасыздық деңгейлерінің арасында ӛзара 
байланыс (эмоциялық және мінез-құлықтық компоненттер деңгейінде) 
айқындалған. Эмоциялық деңгейде студенттердің ӛздерінің ӛмір сапасымен 
қанағаттанушылығы мен олардың ӛзін-ӛзі маңыздандыру деңгейінің арасында 
ӛзара байланыс анықталған. Осыдан денсаулықтың ішкі кӛрінісінің эмоциялық 
аспектісі кӛбінесе ӛзін-ӛзі маңыздандыру деңгеймен анықталады деген 
қорытынды жасауға болады.
7. Денсаулықты сақтаудың оңтайлы тәсілдері туралы түсініктер заңгер-
студенттер мен болашақ педагог-студенттерінде ерекшеленеді. Осылайша,
педагог-студенттер денсаулықтың бар деңгейін сақтауға, қолдауға кӛбірек 


66 
бағдарланған, ал заңгер-студенттер кӛбінесе ӛз денсаулықтарын нығайтуға, 
оның деңгейін арттыруға бағдарланған.
8. Біздің зерттеуімізде ұсынылған студенттер қолданатын копинг-
стратегиялармен, олардың психологиялық денсаулығының ішкі кӛрінісінің 
мінез-құлықтық 
компоненті, 
студенттердің 
ӛзін-ӛзі 
маңыздандыру
кӛрсеткіштерімен маңызды түрде ӛзара байланысқан. Құрылымдық копинг-
стратегиялар (мәселенің шешілуін жоспарлау, оңтайлы асыра бағалау, 
әлеуметтік сүйемелдеуді іздеу) ӛзін-ӛзі маңыздандырудың бірқатар
шкаласымен тікелей корреляциялық байланысты айқындайды; копингтің 
құрылымдық емес түрлері (конфронтациялық копинг, қашу-қашқақтау) 
керісінше, қарсы корреляциялық тәуелділікке ие. Сонымен, тұлғаның ӛзін-ӛзі 
маңыздандыруы студенттердің ӛзінің жеке психологиялық денсаулықтарын 
сақтаудың маңызды шарты болып табылады [201].
Р.Р.Аветисян [202] кӛрсеткендей, білім беру мекемелері, нақтырақ айтсақ, 
жоғарғы кәсіптік білім беру институттары адам мен сыртқы орта арасындағы 
тепе-теңдікті қолдаудың, оның денсаулығын сақтаудың факторы ретінде, 
мәдениеттің ретрансляторы болып табылады. Психологиялық денсаулық 
аясында бейімделу мәселесі маңызды. Студент пен ересек адамның 
психологиялық дамуы бірінші курс студентінде әлі толық кӛрінбеген. Бірақ 
ересек адамда болуы қажет тұлғалық жаңалықтардың жиынтығымен 
ерекшеленеді және олардың болмағандығы ауытқу деп қабылданбауы керек. 
Психологиялық денсаулық жеке адам мен сыртқы орта арасындағы 
динамикалық тепе-теңдіктің болуын болжайтындығынан, онда оның негізгі 
ӛлшемі болып, қоғамға бейімділік саналады.
Бірінші курс студенттерінің ЖОО жағдайларына бейімделудің үш түрін 
ажыратады:
1. ресми бейімділік – студенттердің жаңа ортаға, жоғарғы мектеп 
құрылымына, онда оқудың мазмұнына, талаптарына, ӛзінің міндеттеріне 
танымдық-ақпараттық бейімделуі. 
2. қоғамдық бейімділік – бірінші курс студенттерінің топтарын іштей 
біріктіру үрдісі және сол топтарды жалпы студенттік ортамен біріктіру; 
3. дидактикалық бейімділік –  жоғарғы мектепте оқу жұмыстарының жаңа 
формалары мен әдістеріне студенттерді дайындауға байланысты.
Автор кӛрсеткендей, қазіргі ЖОО жүйесінің тұлғалық-бағдарланған 
тәсілдеме бағытына ауысқандықтан, барлық жағдайларда оның студентке 
бағытталуы қажет және ол студент пен оқытушының ӛзара әрекеттестігінің 
тиімді моделі болып табылады. Мұнда білім алушының танымдық, 
мотивациялық, тұлғалық орталарының барлық ерекшеліктерін ескеру қажет.
Студенттердің жеке тұлғалық ерекшеліктерін білудің және ескерудің 
негізінде және олардың психологиялық денсаулықтарын жақсарту үшін, 
оқытушы әрбір нақты жағдайда талап етілетін психология-педагогикалық 
ықпалдарды таңдап, жүзеге асыруы қажет: 
1. Кейбір 
студенттердің сенімсіздік күйлерін, аса мазасыздықты 
тӛмендетуге бағытталған әңгімелесулер. Студенттерді зерттеу барысында, 


67 
олардың кейбіреулері емтихандағы сәтсіздікті сессиядан әжептәуір бұрын 
уайымдай бастайтындары анықталды. Және де мұндай күйлер, оқытушылар 
мен студенттердің айтулары бойынша, жауапкершілігі мол студенттерде де 
пайда болады. Болып қалатын сәтсіздіктер туралы мазасыз ойлар оларда әр 
түрлі жағдайларда пайда болады. Мұндай сезімдер оқудан алаңдатады, 
жинақталып, шоғырлануға бӛгет жасайды, студенттерді ӛзіне, ӛз 
мүмкіндіктеріне деген сенімділіктен айырады. Тиісті әңгімелесулерді сессиядан 
айтарлықтай бұрын ӛткізу қажет. 
2. Мадақтау, 
емтихан жағдайларында ӛзіне сенімсіздігі жоғары 
студенттерді мадақтау, емтихан алдында олардың мүмкіндіктерін тӛмендететін, 
есте сақтау мен ойлауды түйіп тастайтын қорқыныш күйінен арылту; емтихан 
алдында мұндай студенттерді мадақтап, ӛз күштеріне сенімділікті ұялату қажет. 
Бірқатар үлгерімі нашар студенттерде емтихан жағдайында зейін, ес, ойлау 
қабілеттерінің нашарлауы байқалады (мұндай студенттерді ӛзін-ӛзі бағалау 
мәліметтері бойынша анықтауға болады), олардың мүмкіндіктері бірден 
тӛмендейді, білімдері ұмытылады. Сондықтан, шын мәнінде қабілетті 
студенттердің бағасы тӛмен болады.
3. Ӛзіне шамадан тыс сенімділікті жеңуге бағытталған әңгімелесулер (ӛзін-
ӛзі бағалау деңгейін тӛмендету). Орташа және тіпті әлсіз студенттер ортасында 
да ӛз мүмкіндіктерін анық асыра бағалайтындары бар. Оларда айқын кӛрінетін 
күшті жақтары да, не оқуға деген қызығушылықтары да жоқ. Олармен қарым-
қатынас жасау барысында, алда келе жатқан сессияға қалыпты 
алаңдаушылықты, ӛз мүмкіндіктеріне сын кӛзбен қарауды қалыптастыруға 
тырысу керек, ӛзін жоғары бағалау мен бейқамдық сезіміне негіз жоқтығын
олардың оқу әрекеттеріндегі жағдайлардан кӛрсету қажет. Бірінші курс 
студенттерін, әсіресе оқудың алғашқы жылдарында олардан оқуға барынша 
ынта қою талап етілетінін, сабақтағы жүйеліліктің қажеттігі жайында хабардар 
ету.
4. Селқос студенттермен олардың мінез-құлқындағы жеке таптаурынды 
жеңу мақсатымен жұмыс жүргізу. Мұндай студенттер (міндетті түрде 
қабілеттері тӛмен емес, кӛбінесе оқуларын салақсытып жіберіп алғандар, ӛзіне 
сенімсіз) оқытушыларға немесе топтағы достарына кӛмекке жүгінуге 
баталмайды, сондықтан түсініксіз материал жиналып қалады. Белсенділік 
танытуға оларға ӛз аңғалдығын, ебедейсіздігін кӛрсету қорқынышы бӛгет 
жасайды. Ондай студенттер ӛз бетінше селқос мінез-құлықтың әдетінен құтыла 
алмайды. Бұл әдет қалыптасып қалып, таптаурынға айналғандықтан оларға 
оқытушының кӛмегі қажет.
5. Бірқатар студенттерге сессияның алдында бӛгде әуестенулерден бас 
тарту кеңесі. Жеке жұмыс барысында, кейбір нашар және орташа студенттер 
кӛп уақыттарын достарымен қарым-қатынаста және оқудан алшақ істерге 
жіберіп алатындары анықталды. 
6. Кейбір 
студенттерге 
сабақтағы 
жүйеліліктің 
жоқтығы, 
қызығушылықтарының шашыраңқылығы сияқты ӛз бойындағы жағымсыз 
қасиеттерді жеңу кеңесі қажет екендігі анықталды. 


68 
7. Тӛменгі курс студенттерін, олардың орталарында мүмкін оқудың 
бастапқы кезеңдерінде орташа немесе тіпті нашар оқитындары бар шығар, 
дегенмен олардың бойында жоғарғы курстарда ашылатын арнайы қабілеттер 
болуы жайында хабардар ету қажет. Бұл студенттер енжарлықпен, арнайы емес 
пәндердге қызығушылықтың жоқтығымен ерекшеленуі мүмкін, алайда олар 
айқын кӛрінетін арнайы қабілеттерге ие болуы ықтимал.
Бір жағынан, оқытушылардың студенттерді «бақылауға» бағдарлануы
олардың бойында оқуға деген қызығушылықтың жойылуына, күрделі 
міндеттерге кірісуге қорқынышқа әкеледі. Олар ӛз күштеріне сенуді қояды 
және сәтсіздіктерден қорқа бастайды. Тәжірибенің дайын үлгілерін жеткізе 
отырып, оқытушы олардың ізденістік белсенділіктерін жабады, ӛзінің 
шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға және ӛзінің жеке тәжірибесіне 
жүгінуге мүмкіндік бермейді. Керісінше, шығармашылық, топтық іс-әрекеттің 
ұйымдастырылуы мүлдем селқос, ӛзіне сенімсіз студенттерді де оқу үрдісіне 
қосуға мүмкіндік береді. Бұл оларда жетістік жағдайын тудырады, сонымен 
қатар оқытушы ӛз іс-әрекетіне психотерапиялық сәтті де енгізеді.
С.В.Борисова студенттердің психологиялық денсаулығын олардың ЖОО 
бейімділік факторы ретінде қарастырады [203].
Психикалық денсаулықты ішкі психологиялық саулық күйі ретінде жүзеге 
асырылатын психикалық іс-әрекеттің барабарлығын, шынайы оқиғалардың 
кӛрінісі мен тұлғаның оған қатынасының арасында үйлесімді ӛзара байланысты 
қамтамасыз етілуі тән психикалық құбылыстардың детерминділігін, тұлғаның 
тіршілігінде ортадағы әлеуметтік, психикалық және физикалық жағдайларына 
жауаптардың барабарлығын қарастыра келе, білім алушылардың психикалық 
денсаулығының басымды рӛлін белгілеу қажет. Ол барынша жылдам және 
тиімді психологиялық денсаулықты қамтамасыз етеді.
Білім алушының «психикалық денсаулығы» ұғымы тұлғаның когнитивтік, 
эмоциялық-еріктік, құндылық-мағыналық және мінез-құлықтық ортаның
үйлестірілген күйі ретінде ашылады. Сонымен қатар ол психикалық дертті 
құбылыстардың болмаған кезінде ӛмірдің құбылмалы жағдайларына оның 
құрылымдық бейімделуін, адамның қоршаған табиғи және әлеуметтік ортамен 
ӛзара әрекеттестігінің тиімділігін, қабылдаудың барабарлығын жанамалайтын 
құбылыс ретінде қарастырылады.
Оқу 
үрдісіне 
психологиялық 
бейімделу 
дәрежесі 
психикалық 
денсаулықтың деңгейіне тәуелді екендігі анықталды. Кешенді психологиялық 
бейімділікке психикалық денсаулықтың тұрақты деңгейінде жетуге болады, 
ішінара 
психологиялық 
бейімделу 
психикалық 
денсаулықтың 
тұрақсыздандырушы элементтерімен шартталған. Білім алушылардың 
психологиялық бейімділігінің ӛлшемдері белгіленіп ұсынылған, соның ішінде:
а) объективті ӛлшем: оқу іс-әрекетінің ӛнімділігі; оқу тобындағы әлеуметтік 
мәртебе; курстастарымен және оқытушылармен қатынас түрі; ӛзінің оқу 
тобының және жалпы оқу орнының тіршілік әрекеттеріне қатысуы; б) 
субъективтік ӛлшем: позитивті ӛзіндік қатынас; оқудағы, таңдап алынған 
мамандығындағы және курстастарымен, оқытушылармен қарым-қатынастағы 


69 
ӛзінің жетістіктерімен іштей қанағаттанушылық; бақылау локусы; оқу және 
қоғамдық іс-әрекеттерді ӛздігінен ұйымдастыру дағдылары; эмоциялық кӛңіл 
күй.
О.В.Кузнецова 
жастық 
шағындағы 
мазасыздық 
пен 
бейімділік 
механизмдерінің ӛзара байланысын эмпирикалық тұрғыда зерттеген [204]. 
Эмпирикалық зерттеудің негізінде автордың дәлелдегені:
1) Денсаулықтың шектеулерімен байланысты жоғары тұлғалық 
мазасыздықпен түйіндес маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыру қиындығы.
2) Жастық шақта денсаулықтың мүмкіндіктерін әр түрлі дәрежеде 
шектейтін адамдар арасында жағдаяттық мазасыздықтың деңгейі бойынша 
айырмашылықтар 
бар. 
Ол 
тұлғаның 
бейімделу 
тәсілдеріндегі 
айырмашылықтарға байланысты болады.
3) Жағдаяттық және тұлғалық мазасыздық деңгейлерінің тұлғаның 
бейімділік деңгейімен байланысатын жеке бейімділіктің түрлері анықталған: 
шамалы бейімделу типі; дәстүрлі бейімделу типі; парадоксалды бейімделу типі; 
дәстүрлі бейімделмейтін тип. 
4) Мазасыздықты заттандыру қабілеті анықталды. Ол ӛз мазасыздығының 
себептерін когнитивтік пысықтаудан, нақтырақ айтқанда, нақты тұлғалық және 
әлеуметтік салалардағы мазасыздықты оқшаулаудан тұрады. Бұл оның оңтайлы 
деңгейін сақтауға мүмкіндік береді.
5) Зерттелген топтарда тұлғалық мазасыздықтың деңгейімен байланысты
мазасыздықты оқшаулау ерекшеліктері белгіленді. 
6) Фрустрацияға жауап қайтарудың түрі мен бағытында жүзеге асатын, 
бейімділіктің аллопластикалық механизмдері анықталған: мазасыздануды 
актуалдандыру тетіктері, мазасызданудың жалпы сезімін жіктеу механизмі,
мазасыздануды белсенді мақсатты іс-әрекетке ауыстыру механизмі анықталған.
7) Ӛзін-ӛзі құрметтеудің тӛмендігін жоғары аутосимпатия арқылы ӛтеуден 
тұратын, ӛтемдеуіш сипаттағы бейімділіктің аутопластикалық механизмдері 
белгіленген.
Білім берудің және психикалық дамудың да тиімділігі оқыту мен тәрбиенің 
құралдары, мазмұны, әдістері қаншалықты жасерекшелік және жеке дамудың 
психологиялық заңдылықтарының ескерілуімен жасалғандығына байланысты 
[205]. Олар балалардың бұрыннан бар мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне, 
дағдыларына ғана сүйеніп қана қоймай, олардың келешекте ары қарай дамуын 
белгілейді. Соңғысы ересек адамдар әр түрлі жастағы балалармен жұмыс 
жасағанда, олардың қоршаған ӛмірге, білім алуға деген қызығушылықтарының, 
ӛзідігінен білім алу қабілетінің, ӛздері араласатын іс-әрекетке белсенді 
қатынастың қалыптасуына қаншалықты назар аударатындарына байланысты. 
Бала ӛзінің жас ерекшелік дамуының әрбір кезеңінде ӛзіне ерекше қарауды 
талап етеді. Білім беру мекемелері, соның ішінде, білім берудегі практикалық 
психология да мектепке дейінгі балалық шақты 3-6/7 жас қамтиды, мектеп 
жасындағы балалық шақты немесе тӛменгі мектеп жасын – 6-9 жас, 
жасӛспірімдік шақты немесе балдәурендік кезең – 10-14 жас, және жоғары 
мектеп жасын немесе ерте жастық шақты (15-17 жас) қамтиды.


70 
Л.С. Выготский  жас шамасын дамудың біршама бекітілген кезеңі ретінде 
қарастырған [206]. Оның мазмұны, дамудың жалпы заңдылықтары үнемі
сапалы ӛзіндік ерекше кӛрініс табумен және дамудың жалпы циклындағы 
орнымен анықталады. Жас ерекшеліктері жасқа тән жалпы ӛзгешеліктер 
түрінде болады. Олар дамудың жалпы бағытына меңзейді. Қандай да бір жас 
кезеңі белгілі психикалық үрдістер мен қасиеттердің, тұлғаның психологиялық 
қасиеттерінің дамуына, сонымен қатар ықпалдың белгілі типіне сензитивті 
болады. Әрбір жас кезеңнің басталу кезінде бала мен сыртқы ортаның арасында 
сол жасқа тән, ерекше, ӛзіндік жалғыз және қайталанбас қатынас қалыптасады. 
Оны Л.С.Выготский сол жастағы дамудың әлеуметтік жағдайы деп атаған. 
Дамудың әлеуметтік жағдайы тиісті бір жас кезең бойы психикалық дамудың 
динамикасын да, оның соңына қарай пайда болатын жаңа, мүлдем ерекше 
психологиялық бастамаларды да қамтамасыз етеді. Бұл жерде әрбір жас 
кезеңіне жеке ерекшеліктер мен жаңалықтардың жиынтығы ғана емес, 
тұлғаның қандай да бір тұтас құрылымының ерекшелігі және сол жас 
шамасына тиісті даму тенденциялары тән болып келеді. Басқаша айтқанда, 
баланың жас ерекшелік психологиялық мінездемесі оған тән жеке 
ерекшеліктермен емес, әрбір жас кезеңіндегі оның тұлғасының құрылымымен 
анықталады.
Л.С.Выготскийдің сензитивтік кезеңдер туралы ойларына сүйене келе, 
кӛптеген психологтар тұлғаның дамуында әрбір жас кезеңнің психикалық 
сипаттамаларын толық анықтап дамытудың қажеттілігін кӛрсетеді. Осылайша, 
Н.С.Лейтестің айтуынша, білім берудегі пайда болған психологиялық 
қызметтің пәні мен міндеттері [207] балалық шақта дамудың жоғары 
мүмкіндіктері кейбір бағыттарда уақытша, ауыспалы болады (жас шамасының 
алғышарттары бір-бірін қандай да бір мӛлшерде ығыстыруы, әлсіретуі, жоққа 
шығаруы мүмкін). Сондықтан жылдам даму қарқында балалық шақтың әрбір 
кезеңінің құндылықтары толық кӛрсетілуі аса маңызды және тұлғаның 
қалыптасуына ӛз үлесін қосып үлгеруі қажет. Әрбір жас кезеңнің баламен 
толық ӛтілуі, оны келесі жас кезеңіне ӛтуге дайындайды. Осыған қажетті 
психологиялық ӛзгерістерге тӛселіп қалыптасуға мүмкіндік береді.
Қазіргі білім беру мекемелерінде балалардың ерекшеліктері мен жасына 
байланысты қызығушылықтары атап айтқанда: ойын, оқу іс-әрекеттерін 
жүргізу 
мазмұны 
мен 
түрлерінде 
де, 
тәрбиелік 
іс-шаралардың 
ұйымдастырылуы да, ең бастысы, балалармен қарым-қатынас та толық 
ескерілмейді. Кӛп мәселелер әсіресе ӛтпелі жас кезеңдерінде пайда болады. 
Балалық шақтағы дамудың ауыспалы кезеңдерінің теориясына сәйкес 
(Л.С.Выготский), әрбір ауыспалы немесе дағдарысты кезең – дамудың 
әлеуметтік жағдайының қайта құрылудағы нәтижесі. Оның негізінде, бір 
жағынан, балаға қолайлы қоғамдық қатынастар жүйесіндегі оның объективтік 
жағдайының ӛзгеруі болса, екінші жағынан – оның «ішкі позициясының» 
ӛзгерісі жатады. Барлық ауыспалы кезеңдер ұқсас симптоматика мен мазмұнға 
ие, жалпы заңдылықтар бойынша жүреді. Бір кезеңнен екінші кезеңге ӛткенде 


71 
дамудың ӛзіндік «дағдарыстары» байқалады. Олардың мазмұны тұрақты 
кезеңдердегі даму ерекшеліктерінен айтарлықтай ерекшеленеді. 
Ӛтпелі кезеңдер – жас ерекшелік дамудың ӛте жауапты кезеңдері. Бұл 
уақытқа қарай баланың бойында, оны келесі жоғарырақ жас кезеңіне ӛтуге 
дайындайтын, алдындағы кезеңнің барлық негізгі психологиялық ӛзгешеліктері 
қалыптасуы қажет.
В.В.Лысенконың [208] айтуынша, қазіргі қоғамда болып жатқан 
ӛзгерістер, әлеуметтік тұрақсыздық, оқиғалардың қарама-қайшылығы және 
бірқалыпты еместігі, белгісіздігі, құндылық бағдарлардың ӛзгеруі, дағдарысты 
жағдайлардың кӛбеюі тұлғалық ӛзін-ӛзі реттеуге және әлеуметтік бейімделу 
механизмдеріне үлкен талаптар қояды, тұлғаға ӛткен және қазіргі уақыттағы 
оқиғаларды қайта ойластыруды және ӛмірлік маңызды құндылықтарды сақтау 
қажеттілігін жүктейді.
Психологиялық денсаулықты сақтаудың бір шарты ретінде автор 
саногендік рефлексияны қалыптастыру қажет деп санайды. «Басымдық 
қажеттілігі», «сәтсіздіктер аясындағы интерналдық», «эмоционалдық» 
кӛрсеткіштерімен белгіленетін, саногендік рефлексия жасауға үйрету ӛзін-ӛзі 
реттеу компоненттерінің арақатынасын ӛзгертеді. Саногендік рефлексияға 
үйрету ашушаңдық кӛрсеткіші мол адамдарда оны тӛмендетуге кӛмектеседі, 
эмоциялықтың жалпы деңгейіне ықпал етуді қалпына келтіреді, жетістіктерге 
жету қажеттілігі кӛрсеткішінің деңгейі тӛмен адамдарда оны кӛтереді.
Сонымен, біз «психологиялық денсаулық» мәселесін хронологиялық 
түрғыда 
қарастырып, 
студенттердің 
психологиялық 
денсаулығының 
ерекшелігіне байланысты ғылыми кӛзқарастарды талдап, зерттеуіміздің 
болжамына байланысты, қазіргі кезеңдегі стденттердің психологиялық 
денсаулығының дамуын моделдеудің теориялық аспектілерін айқындаймыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет