Е. Н. Соколова материалтану. ОҚыту әдістемесі



Pdf көрінісі
бет12/56
Дата31.03.2023
өлшемі2.45 Mb.
#471483
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56
foreign 788

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҮЙ ЖҰМЫСЫ 
Оқушылардың үй жұмысы оқыту түрлерінің бірі болып табылады, 
ӛйткені оқушыларға сабақта алған білімін бекітуге мүмкіндік береді. 
Үй жұмысының негізгі түрлері: 
■ 
ауызша - оқушыға материалды оқулық пен ӛзге ақпарат кӛздері 
бойынша оқып, ӛткен немесе оқулық пен басқа техникалық әдебиет 
және т.б. бойынша ӛз бетінше оқыған тақырыптарға байланысты 
сұрақтарға жауап беруге тура келеді; 
■ 
жазбаша - оқушы зертханалық немесе тәжірибелік жұмыс бойынша 
есептеме жазу, жалпылама кесте құру және т.б. жасау керек; 
■ 
практикалық - оқу шеберханаларында, кәсіпорындағы ӛндірістік 
тәжірибе кезінде байқағанын талдау, арнайы құралдар, аспаптар 
жасау, эксперименталды сипаттағы тапсырмалар орындау; 
■ 
графикалық - байқаулар бойынша суреттемелер дайындау, сызба, 
график, диаграмма сызу; 
17
1.9.


■ 
кешенді пәнаралық - материалдар таңдау, таңдалған материалды 
ескере отырып, кесу тәртібін есептеу. Оқу ӛндірістік жұмыстарды 
ӛздік технология бойынша тәжірибелік орындау. 
Оқушылардың үй жұмысын басқару әдістемесі. Келесі әдістемелік 
ұсыныстарды ұстанған жӛн: 
1. Үй жұмысын орындау бойынша талаптарды кӛрсету және 
түсіндіру. 
2. Екі үш типтік үлгілер (қиынырақ болса жақсы) арқылы 
тапсырмаларды орындау жолдарын түсіндіру және кӛрсету. 
3. Алдағы үй жұмысының ең қиын тұстарын талдау. 
4. Бұрын орындалған ұқсас тапсырмалардың шешімдеріне назар 
аудару немесе жүгіну. 
5. Ұсынылған үй жұмысындағы материал бойынша күрделі 
жағдайларды кӛрсету. 
6. Жасалған үй жұмысын бақылау ретін, ережелерін, белгілерін 
түсіндіру. 
Оқушылардың үй жұмысы пайдалы болу үшін келесі шарттарды 
сақтау керек: 
■ 
оқушылардың үй жұмысын орындауын жүйелі түрде қадағалау; 
■ 
сабақтағы жұмыс пен үй жұмысын жасау жолдары мен олардың
мазмұны бойынша ӛзара байланысты қамтамасыз ету; 
■ 
үй жұмысын мазмұны жағынан да, дидактикалық 
тапсырмалары бойынша да түрлендіру; 
■ 
үй жұмысы әрбір оқушы орындай алатындай болу керек; 
■ 
үй жұмысын оқушылар тобына, қажеттілік туындаған жағдайда 
жеке түсіндіру; 
■ 
оқушыларға үй жұмысын нәтижелі орындау ережелерін түсіндіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет