■
бақылау-тексеру - оқушылардың жұмыс бағдарламасының бӛлімі,
тақырыбы бойынша үлгерімін бағалауға негіздеме алу мақсатымен
ӛткізіледі.
Әр сабақ ӛзінің құрылымы бойынша ӛзгешеленеді, сонымен қатар
материалтану бойынша кез келген сабақ әдетте келесі кезеңдерді ӛтеді:
■
ұйымдастырушылық дайындық;
■
теориялық;
■
ұйымдастырушылық қорытынды.
Жаңа бастаған оқытушылар сабақ құрылысын ӛзгеріске келмейтін
стандарт деп қабылдамау үшін келесіні есте сақтау керек.
Сабақ құрылысын оның ресми сипаттағы себептері емес,
мақсаттары, оқу материалының мазмұны, дидактикалық тапсырмалар,
оқушылардың жасы (курсы), сондай-ақ қолданылатын оқу әдістері мен
құралдары анықтау керек. Әрине, белгілі бір оқушылар тобының білімі
жаңа бастаған оқытушыларға дұрыс таңдау жасап, сабақтың әрбір
кезеңіне уақытты дұрыс бӛлуге кӛмектеседі.
Оған қоса, кейде сабақты жүргізу барысында оған түзетулер енгізу
керек болатынын есте сақтау керек. Мысалы, оқушылар
(анықталғандай) ӛткен сабақтың материалын меңгере алмады және
жоспар бойынша ары қарай жүрудің орнына, ӛткенді жалпылауға,
бұрын оқылған ұғымдарды қайта түсіндіруге тура келеді. Немесе,
керісінше, алдынғы ӛткен тақырыппен тығыз байланысты және сәйкес
келетін жаңа материал бірден түсінікті болып, белгілі бір уақыт бӛлігін
ӛзіндік жұмысқа арнау мүмкіндігі пайда болады.
Кез келген сабақ түріне бірқатар дидактикалық талаптар қойылады.
1. Мақсаты мен мазмұнының анықтығы.
2.
Оқушыларды дамытатын, тәрбиелейтін және білім беретін
тапсырмаларды тоқтамай шешу.
3. Оқу-тәрбие үрдісі кезінде оқытушының жетекшілік рӛл
атқаруы.
4. Оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастыру формалары мен
оқыту әдістерін кешенді қолдану.
5. Құрылымдық (ұйымдастырушылық) анықтық.
Достарыңызбен бөлісу: