Демобилизация – соғыс үшін, сонымен бірге халық шаруашылығының барлық саласын бейбіт қалпына
көшіру.
Демография – халықтың құрамын, санын және өсуін зерттейтін статистика саласы.
Демократияландыру – қандай да бір шараларды демократиялық (немесе неғұрлым демократиялық)
негіздерде ұйымдастыру.
Депортация (лат. қуу) – 1920-1940 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін кезеңінде КСРО-ның бірқатар
халықтарын тарихи мекендеген жерлерінен қуу. Депортация ауыр қылмыстардың қатарына жатады.
Депутат – қалалық өзін-өзі басқару органының мүшесі.
Десятина – 1,09 гектарға тең жер көлемі.
Дефицит – тапшылық, жетімсіздік.
Дешті қыпшақ – Қыпшақ даласы. ХІ-ХVІ ғасырларда қолданылған географиялық ұғым.
Диаспора – этностың басқа мемлекеттің аумағында тұратын шағын бір бөлігі, бұрынғы өз отанынан алыс
жерлерге қоныстанған адамдар.
Диверсификация – өнім түрлерінің көрсетілетін қызмет түрлерінің, т.б. ұлғайтылуы, өзгертілуі.
Динар – Шығыс елдерінің ежелгі алтын теңгесі.
Дискриминация – адамды кемсіту, оның құқығын шектеу, әлеуметтік қорлау.
Диссидент – басқаша ойлаушы. Кеңес мемлекетінің саясаты мен идеологиясын сын көзбен қабылдап, оны өз
шығармашылығы мен қызметінде бейнелегендердің бәрі диссиденттерге жатқызылды. Диссиденттер қуғынға
ұшыратылды. Көпшілігі қуғын-сүргіннің құрбандары болып, кейбіреулері шетелдерге кетті.
Дистанция – Кіші жүз жеріндегі шекара шебі маңында тұратын қазақтарды басқару үшін құрылған әкімшілік
бірлік.
Диуан – 1) Моғол мемлекетіндегі атқарушылық билікті жүзеге асыратын орган; 2)Ресей империясындағы
округтік орган.
Диуан – мұсылман елдеріндегі әкімшілік және сот істері жөніндегі әкімшілік мемлекеттер.
Доктрина – ілім, ғылыми, саяси теория, тұжырым. Шешуші теориялық немесе саяси қағида.
Дромос – оба астындағы қабірге алып баратын, мәйітті тонаудан сақтап қалу үшін жасалған дәліз тәрізді үсті
жабық өткел.
Достарыңызбен бөлісу: |