«Мәдени МұрА» МеМлекеттік бАғдАрламасының кітАп сериялАры



Pdf көрінісі
бет158/270
Дата22.04.2023
өлшемі1.63 Mb.
#472577
түріБағдарламасы
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   270
8afa34252265722d01b4a137000ac038

ШАЛ МЫРЗА /1850-1934/
283. «Жалтаң қарға» 
Жапан далада өлексеге қонып, жемтік шоқыған қарға ба-
лапандарына ақыл айтыпты, деп басталады аңыз. «Балапан-
дарым, мен қартайдым! үш жүз жасқа келдім. өмірде көпті 


270
күй аңыздар
көрдім, көптеген нәрселерге куә болдым. Ал енді сендерге ай-
тар ақылым: әрдайым сақ болыңдар. Жейтін жемтіктеріңді 
екі шоқып, айналаға бір қараңдар»,—дейді. Сонда анасына қо-
сылып жемтік шоқыған қарға балапандарының бірі дереу ба-
сын көтеріп алыпты. 
—ләббай, қамқоршы ана! Айтқаныңның бәрі мақұл, қабыл 
алдық. Бірақ біз екі шоқып, айналаға бір қарағанша, бір шо-
қып, айналамызға екі қарасақ, қалай болар екен,—депті-міс. 
284. «Мұңлы қыз»
(III нұсқа)
Бұл күй халық арасында «Әуппәли, бөпем-ай», «Жетім 
қыз», «Мұңлы қыз» деген атауларға ие. Көп тараған аты—
«Мұңлы қыз». Күйдің де, аңыздың да бірнеше нұсқалары бар. 
Сол аңыздардың бірінде былай делінеді: 
Бір жігіт әкеден жастай жетім қалып, шеше тәрбиесінде өсе-
ді. Тентек атанып өскен ол бетіне ешкімді келтірмепті. Шешесі-
нің «мүмкін, тоқтар» деп үйлендірген ниетінен ештеңе шық-
пай ды. Әйелі ұл бала туады, бірақ тоқтауына ол да септеспейді. 
Ақыры сол елдің ауқатты әулеттерімен сыйыспай, елден 
шеттеп кетеді. Маңайына адам топтап, байларға бөрідей тиеді. 
Бір күні өзі жоқта елін қарақшылар шауып, ауылды аяусыз 
масқаралап, қырып-жояды. Қан сасыған ауылда жігіттің қа-
рындасы мен жалғыз баласы ғана тірі қалыпты. 
Ағасының жас баласын арқалаған қыз, жігіттің бекінген 
жеріне келіп, ағасына шешесі мен жеңгесінің, бүкіл ауыл аза-
маттарының қазасын естіртіпті. «Жігіт кек алу жолында атқа 
мінеді»,—деп аяқталады шежіре-сөз. «Әуппәли, бөпем-ай» не-
месе «Мұңлы қыз» күйі өмірге осылай келіпті. 
285. «Тәнтән қыз» 
«Тәнтән қыз» тарихын айтушылар «Мырза бұл күйді бір 
үлкен тойда шығарған екен» деседі. Жаздың күні, ми қай-
натқан шілде айы. Көрші ауылдың үлкен жиынында бас қос-
қан ел сауық құрды. Мырза ақ орданың туырлығын түргізіп 
тастап, күй дариясын тасытты. Кенет күйшінің көзі бөпесін 
жұбата алмай жүрген өрімдей қызға түседі. Мырза тани кетеді. 


270
271
күй және күйшілер туралы аңыздар
«Жақында ғана шешесі өлген жетім қыз Жібек қой...»—деп 
іштей күбірлейді. 
Қыз қолындағы бөпесін жұбата алмай: «Әуппәли, бөпем-
ай, әуппәли, бөпем-ай» деп, мұңлы әуен ырғағына қосылады. 
Мырзадан жанындағылардың бірі: «Бұл кіміңіз еді, танысыңыз 
ба?»—деп сұрайды. 
—ой шырақтарым-ай! Бұл бір шешесі өліп, қамкөңіл бол-
ған Жібек атты жетім қыз еді. Қолындағы көтерген бөпесі—
анадан жастай қалған өзінен кейінгі сіңілісі. Мына—халық 
жиналған жиынға келейін десе, қолындағы бөпесінен келе ал-
май, келмейін десе, үйде жалғыз отыра алмай, енді міне, екі 
ортада тән-тән болып жүрген ғой,—деп күрсінеді Мырза. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   270




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет