42
күй аңыздар
«Ақсақал, Кәрібоздың әлі де бір шабарлығы бар екен, тіленіп
тұр ғой, обалына қалмаңыз.
Егер тілімді алсаңыз, бас бәйгенің
қырық тайы өрісіңізді толтырады. Кәрібоздың шын жүйрікке
лайық ең соңғы өнерін көресіз. Ал тілімді алмасаңыз, осы үйден
өз сүйегіңізді Кәрібозға артып шығарады»,—дейді.
Мына сөзді естігенде шалдың зәресі ұшып кетеді. «Қой,
осы баланың аузына Құдай сөз салып тұрған шығар» дейді де,
Кәрібозға тазша баланы мінгізіп қоя береді.
ұлы дүбір бәйге де басталып кетеді. Әдеттегідей, Салторы
суырылып алға шығады.
Сол бетінде алдына қара салмай, со-
зыла сілтеп келе жатады. Салторының шабысы көрген жанның
айызын қандырғандай еді дейді.
Ал, Кәрібоз болса, ә дегенде кәрілігін жеңе алмай кібіртіктеп
барып, бірте-бірте бауыр жазады. Содан көмбенің қарасы
көрінгенше Салторының артында арқан бойы келе жатады.
Кешікпей-ақ, көмбенің қарасы көрініп, ат
қосқан елдің
ұрандаған дауысы естіледі. Сол кезде қырқылжың тартқан
Кәрібоздың белі көтеріліп, делебесі қозып, Салторыны тықсыра
түседі. Салторымен жесісіп келе жатқан Кәрібоздың үстіндегі
тазша бала:
«Алыспан да салыспан,
Салторыдан қалыспан.
Салторыдан қалыссам,
Байдың тайын алыспан.
Бұл
Кәрібоз әлі де
Қалған емес жарыстан!»—
деп, қамшыны басады ғой. Кәрібоз ышқына шауып, көсіле
сілтегенде Салторыны тұсаған аттай артына қалдырып, көмбе-
ге оқ бойы бұрын келеді. Келген бетте пышаққа ілінген екен.
Кәрібозды білетін халық мұны да қас жүйрікке тән қасиетке
балап,
ырым көріп, етін бір-бір жапырақтан пышақ үстінен
бөлісіп әкетеді.
«Кәрібоз бен Салторы» күйі үш буынға бөлініп тартылады.
Күйдің басын «мынау Салторының шабысы» деп, күйдің ор-
тасын «мынау—Кәрібоздың шабысы» деп, күйдің аяғын «мы-
нау—Кәрібозға тазша баланың қамшы басқан жері» деп тар та-
ды домбырашылар. Ел ішінде бұл күйдің аңызы бір бол ға ны мен,
тартуға келгенде екі бөліп «мынау—Кәрібоз күй», «ал мы нау-
—Салторы күй» деп, бөлек-бөлек тартатын дәстүр де бар.
42
43
халық күйлерінің аңыздары
Достарыңызбен бөлісу: