Уатханұлы Кәбетай—сыбызғышы. МХр, Баян-өлгий ай-
мағы, Тұлба сұмынында туған.
Уәлиев Ысқақ /1908-1944/—дәулескер сыбызғышы. орал
облысының Казталовка ауданында туып-өскен. ысқақтың әке-
сі уәли төңірегіне танымал сыбызғышы әрі аңшы, сері болған.
Құрманғазы, Дина сияқты әйгілі күйшілердің көзін көріп,
дәм-тұзы жарасқан. ысқақ сыбызғышылық өнерді алдымен өз
әкесінен үйренген.
1934 жылдан бастап уәлиев ысқақ өнерін республика
жұрт шылығы тани бастаған. КазЦиК атындағы оркестрде сы-
бызғышы бола жүріп, Қазақтың Жамбыл атындағы филар-
мониясының өнерпаздар тобымен бірге ел ішіне жиі-жиі шығып
тұрған. Сол жылдары халық аспаптарында ойнаушылардың
Бүкілодақтық конкурсына қатысып, жүлделі орынға ие бола-
ды. «Амангелді» кинофильмін дыбыстауға қатысады.
Әйгілі Сармалай күйшінің мұрасын бүгінгі ұрпаққа тұңғыш
жеткізген осы уәлиев ысқақ. ысқақтан алғаш рет жазып алған
академик Жұбанов Ахмет.
уәлиев ысқақ ұлы отан соғысында ерлікпен қаза тапқан.
Үмбетбаев Сматай—қобызшы. Жезқазған облысының
Жаңаарқа ауданына қарасты «Жеңіс» совхозында туған. Қобыз
тартуды өз бетінше үйренген. Әкесінің айтуынша, Сматай 6-7
жасында қобыз сұрап, кешікпей-ақ көне аспапты тартуды
игеріп кеткен. Сматай әйгілі күйші Дүкенұлы ықыластың ру-
лас /Тама руының ішіндегі Шақа бұтағы/ ұрпағы. Сондықтан
да ол өскен ортасында жүйрік қобызшыларды көп тыңдап,
халық өнерінің дәстүрлі үлгілерін көкірегіне қонақтата біл ген.
Кейін Сматай өзінің туа біткен дарынын Құрманғазы атын да-
ғы консерваторяның қабырғасында шыңдап, Ж.Қаламбаев
402
403
ғылыми қосымшалар
пен Д.Мықтыбаев сияқты дәулескер қобызшылардан тағылым
алған. ол өз репертуарында бүгінгі күнімізге жеткен қобыз
күйлерін түгелге жуық игерген.