Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы


Институт қолжазба қорындағы нұсқасында ертегі «Екі қыз Минуар



Pdf көрінісі
бет50/115
Дата29.04.2023
өлшемі2.48 Mb.
#473003
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   115
Ой өріс

Институт қолжазба қорындағы нұсқасында ертегі «Екі қыз Минуар, 
Бибәтима» деп аталады (116-п). 
«Бұрынғы өткен заманда бір патша болыпты. Патшаның үш ұлы 
болыпты. Патша үш ұлына күнде тапсырады екен: «Үшеуің күнде көрген 
түстеріңді маған айтып тұрыңдар. Мен сендерге күнде жақсы ойыншық 
берем және ойын-сауық, тойға апарып тұрам», – депті. Соған баладар мәз 
болып, күнде көрген түсін әкесіне айтып келіп жүрді. Әкесі баладарын 
қызықтырып, түсін айтқан сайын жақсы-жақсы неше түрлі ойыншықтар 
беріп жүрді. Сонымен бір күні ең кіші баласы бір жақсы, қызықты түс көріп, 


95 
ойлайды: «Е, бұл түсімді ешкімге өлсем де айтбайын», – деп, баласы белін 
бекем буып, таңертең әкесіне келді. Ана екі үлкен баласы көрген түсін 
әкесіне айтып, тиісті ойыншықтарын алып жатыр, ал мына кіші баласы 
айтты әкесіне: «Әке, мен бүгін түс көргенім жоқ», – деп еді, әкесі зекіп, «Айт 
шыныңды, сен түс көрдің», – деп, баланы ұрып-соғып, зорлай бастады. Бала 
әкесіне айтты: «Түс көргенім рас, бірақ бұл айтылмайтын түс. Себебі мен 
өлсем де ешкімге айтбасқа серт еттім», – деп еді, әкесі патша – мұның 
сертшілін деп, зорлық қып, үш қайыра сұрады. Және – ана екеуінен де саған 
қызықты, көп ойыншық берем, – деп, алдағысы келіп еді, оған бала көнбеді. 
Аяғы бала қалай қылса да көнбеген соң, бір жәшік жасатып, су өтпейтін сол 
жәшікке салып, суға ағып жатқан салып жіберді. Бала суға ағып кете 
барды». (37-39-б). 
«Қазақ ертегілерінің» ІІ томындағы «Минуар мен Бибәтима» 
ертегісі:
«Бұрынғы өткен заманда бір патшаның үш ұлы болыпты. Патша үшеуіне 
күнде көрген түстеріңді маған айтып тұрыңдар, мен сендерге күнде жақсы 
ойыншық берем және ойын-сауық, тойға апарып тұрам, – деп тапсырады 
екен. Соған балалары мәз болып күнде көрген түсін әкесіне айтып келіп 
жүрді. Әкесі балаларын қызықтырып, түсін айтқан сайын жақсы-жақсы 
ойыншықтар беріп жүрді. Сонымен бір күні ең кіші баласы бір жақсы түс 
көріп: «е, бұл түсімді өлсем де, ешкімге айтпайын», – деп ойлады. Бала 
тәңертең әкесіне келді. Келсе, екі үлкен ағасы көрген түсін әкесіне айтып, 
ойыншықтарын алып жатыр екен. Ал, мына кіші баласы әкесіне айтты,
– Әке, мен бүгін түс көргенім жоқ, – деді. Әкесі зекіп: 
– Айт шыныңды, сен түс көрдің, – деп баланы ұрып-соғып зорлай 
бастады. Бала әкесіне айтты:
– Түс көргенім рас. Бірақ, бұл айтылмайтын түс. Себебі мен өлсем де 
ешкімге айтпасқа серт еттім, – деп еді, әкесі «Мұның сертшілін» деп зорлық 
қып, үш қайырып сұрады. Және «Саған ана екеуінікінен де қызықты, көп 
ойыншық берем» деп алдағысы келіп еді, оған бала көнбеді. Аяғы, бала қалай 
қылса да көнбеген соң, әкесі бір жәшік жасатып, сол жәшікке баласын салып, 
суға ағызып қоя берді. Бала суға ағып кете барды» (27-б).
Көріп отырғанымыз: екі текстің мазмұнында еш өзгеріс жоқ. Бірақ 
баспадан шыққан мәтінде қолжазбадағы түпнұсқамен салыстырғанда, 
лексикалық және стилистикалық алшақтық байқалады. Басқаша айтқанда, ІІ 
томда шыққан мәтін біраз әдеби редакцияға ұшыраған. Әрине, баспадан 
шығатын ертегіні дұрыстап, түсінікті ету үшін редакциялау қажет. Алайда, 
ол редакция ертегі стилін, ауызекі сөйлемнің ерекшелігін бұзбауға тиіс
Бұл шарт осы талданып отырған ертегінің редакциясында жоқ емес. Бірақ 
шамалы. Оның үстіне кейбір редакциялық түзетулер ертегі стилін бұзып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет