99
қаңғырып жүріп, бір қалаға келеді. Қалада базардың ішін аралап жүріп,
ханның ордасына келеді. Ханның нөкерлері мұны көріп,
мынау жат жерден
келген адам екен, бөтен адам
сықылды көрінеді деп, баладан сұрайды» (48-б).
Цитатаны әрі қарай созудың қажеті жоқ. Енді
басқа бір ертегіні алып
көрелік.
«Ақылды етікші» ертегісі.
«Қазақ ертегілерінің» І томында:
«Бұрынғы өткен заманда бір патша болған екен. Оның әрбір тәртібін
халқы еш тоқтаусыз уақытымен орындап тұрады екен. Бір күні бұл патша:
«Менің әрқашан халық пайдасына еткен әмірім
орнына нақпа-нақ келіп
тұрады және халқым да мені жақсы көрді. Сондықтан да мен олардың
пайдасын ойлаймын. Енді мен осы халқыма зиянды бір әмір таратайын.
Халқым тыңдап орнына келтірер ме екен? Жоқ, келтірмес пе екен?»
- деп
ойлап, уәзірлеріне: –
Халыққа тегіс хабарландырыңдар: Ешкім басына пайда
қылмасын! – деп,
әмір қылады. Бұдан соң
уәзірлері бұл әмірді халыққа
естіртіп болып, патшаға:
– Халқыңыз әміріңізді нақпа-нақ айтқыныңыздай
орнына келтіретін
болды, –
дейді.
Патша уәзірлеріне еш жауап айтпайды. Түн болған соң үстіне бөтен, ескі
киім киіп,
әмірінің қалай орындалғанын көру үшін көшеде жүрсе,
шеттегі
бір үйде шам жанып тұр
екен. Патша қайыр сұраған кісі болып, шам жанып
тұрған
үйге келсе, үйдің ішінде бір етікші етік тігіп отыр екен.
Етікші
қайыршыны көріп
тұра келіп, бір кішкене нан береді. Сонда
қайыршы:
– Сен патшаның әмірін тұтпаған не қылған адамсың? «Ешкім басына
пайда қылмасын және шам да жақпасын?», –
дегені қайда? дейді...» (259-260-
б).
Достарыңызбен бөлісу: