57
Жат жазумен қатар баланың айтуымен жазуында байкалмайтын кейбір
қателерін жеке сөйлемді құрастыруының бұзылуын, сөздік қорының
жеткіліксіздігін анықтауға мүмкіндік беретін
өздігінен жазуын тексеру
керек. Тексерудің мұндай жолы сондай-ақ баланың тұтас алғанда сөйлеу
тіліндегі жазуын қай шамада меңгеретінін түсінуге мүмкіндік береді.
Өздігінен жазуын тексеру үшін күрделі әр түрлі
бейнедегі суреттерді
ұсынады. Жазуды әлі жеткілікті меңгермеген балаларға жеңіл бейнеленген
суреттер бойынша сөйлемдер құрастырып, оқиға желісін баяндап немесе
одан да гөрі жеңілдеу суреттегі бейнеленген заттардың аттарын немесе
қимыл - әрекеттерін жазуды ұсынады.
Пайдалануға болатын заттар бейнеленген суреттердің тізім жобасы:
қайшы, мысық, шелек, қасық, сүт, пышақ, көйлек, шана, сиыр, тон, тамақ,
т.б.
Қимыл-әрекеттерді көрсететін суреттер:
қыз тісін жуып тұр. Бала
шанамен сырғанап жүр. Әже шұлық тоқып отыр.
Жазуға дағдыланып жаттыққан балаларға оқиға желісі белгілі жүйемен
өрбитін жалғаспалы бейнелі суреттер бойынша шағын әңгіме жазуды
ұсынады.
Жазуын тексерген кезде барлық назарды жазу барысының ерекшелігіне (бала
сөзді фонетикалық тұрғысынан бірден дұрыс жаза ма немесе керекті
дыбысты іздеп, ол сөзді бірнеше рет қайталап айта ма)
және бұндағы
кездесетін қателеріне бағыттау керек. Сонымен қатар ызың және ысқырық,
ұяң және қатаң, р және л, жіңішке және жуан дыбыстарды ажыратуына,
шатастыру, алмастырудың түрлеріне көңіл бөлу керек.
Бұдан басқа баланың дыбысты түсіріп қалдыру, орнын ауыстыру,
артық дыбысты қосу, әр түрлі сөздерді қосып жазу, бір сөзді бөлшектеп жазу
сияқты қателерді жіберетін, жібермейтіндігі де ескеріледі. Бұл қателер сөздің
дыбыстық талдануының жетктіліксіздігін, сөздегі дыбыстарды анықтап және
бөлуді, олардың жүйелігін айқындауды толық білмейтіндігін көрсетеді.
Жазудағы болатын қателердің себебі фонематиканың толық дамымауы
мен жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауының, біреуінің тікелей ықпалынан
екенін көрсетеді. Оларды ажыратуды және анықтауды білу қажет. Ауызекі
сөйлеу тілінің, сондай ақ өздігінен жазуының
қорытындысы бұларды
тиянақты бағалауға мүмкіндік береді.
Баланың сөйлеу тілінің жазылуын тексеру кезінде қандай түрде
болмасын табылған қателерінің шығу себебін анықтау керек. Сөйлеу тілінің
ақаулығына байланысты жазуында кемістіктері бар балаларды, басқа
себептердің салдарынан қате жіберетін балалардан, яғни сөйлеу тілінің
жазылуындағы кемістіктеріне өнегесіз тәрбиенің және шет тілдерінің
ықпалының әсер етуі себеп болған, ауызекі
сөйлеу тілінің ақаулығы жоқ,
дыбыстарды алмастыруда ерекше қателерді жібермейтін, бірақ басқа
қателерді көп жіберетін балалардан айыра білу қажет. Бұндай жағдайда
жазуының артта қалуын сөйлеу тілі бұзылуының себебінен деп қарауға
болмайды.