ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
жасайды. «Тұрпайы социологизм»
теориясының сол кездегі ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдегі зиянды көз-
қарасын сынап, орыс әдебиеттану
ғылымындағы жаңа бағыттан үй-
ренуді ұсынады. Ақынды шыққан
тегіне қарап емес, творчествосының
идеялық бағыттарына, жыр еткен
әлеуметтік тақырыптарына қарап ба-
ғалаудың қазақ әдебиетінің тарихына
ғана емес, қазіргі көркем әдебиетіне
тигізетін пайдасын баса айтады.
«Орыстың бұрынғы жазушы-
ларында Достоевский мен Феттен
оң пікірлі жан өтпейді. Осы күнде
оларды далаға тастап отырған жоқ.
Ақсүйек Тургеневті осы күні қалай
дәріптен отырғанды, Пушкин, Тол-
стойды қалай құрметтейтінді ақын
Сәбит жақсы білу керек. Осылардың
жақсы жағын марксшіл сын, сын-
шылар көрсетіп отыр. Орыстар ес-
кі жазушыларының, ақындарының
жаз ғандарын таңдап алып басып
жат қанда, бізде кең бұқарашылдық
рухында жазылған кітаптардың ба-
сылғанына Сәбит неге ренжиді.
Қазақ әдебиетіне тойып секіретін күн
әлі туған жоқ» [44]. Автордың бұл
пікірінде сол дәуірдегі әдеби өмір-
дің шындығы, қазақ әдебиеттану
ғылымының маркстік-лениндік ме-
тодология бағытына бой ұрудағы
ізденістері мен «тұрпайы социоло-
гизм» теориясына қарсы күресінің
шындығы жатыр.
Қ. Кемеңгерұлы көркем әдебиет-
тің тарихи даму жолы, әр түрлі
әдебиет ағымдары болатыны туралы
қазақ әдебиеттану ғылымының туу
кезеңі үшін тың ойларды қозғай келе,
классикалық мұраны «марксшілдік
жолмен дұрыс-бұрысын сынға алу
керек» деген қорытындыға келеді.
Осы мақалаға үн қоса «Екеудің»
(А. Байтасов пен Д. Ысқақов) ой-
пікірі жарияланды. Авторлар өт-
кендегі қоғамдық құрылыс пен қа-
зіргі дәуір шындығының көркем
әдебиетте суреттелуін айта келіп:
«кейбір жазушылар романтизмге,
символизмге айналдырып отыр. Кей-
бір жазушылар ұран мен үгітке не
«жалаңаш порнографияға» айнал-
дырып отыр. Осы күнге дейін реа-
лизммен жазылған Бейімбет өлеңде-
рі (мұның да біразы – үгіт, насихат,
ұран) шын реализмнен қоныс теп-
пеу себебі не?» деп мәселе қоюының
өзі сол кездегі ғылыми-теориялық
ой-пікірдің өсу дәрежесін көрсетуге
көрсеткіш болғандай. Шынында да,
1920 жылдары романтизм, симво-
лизм ағымдары жайындағы пікірлері
мен социалистік реализм принципте-
рін игеру барысында көрінген фу-
ту ризм, натурализм бағыттарының
кей бір белгілері туралы қазақтың
ғылыми-зерттеушілік ойларының сол
кездің өзінде айтылуын ғылыми жақ-
сы қадам деп бағалау керек.
1920 жылдардың екінші жарты-
сындағы пікірталаста қазақтың көр-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
162
Достарыңызбен бөлісу: |