Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет142/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
лабына сай маркстік-лениндік мето-
дология тұрғысында талдау жасауға 
талпынғандарымен, қорытынды пі-
кір білдіруге келгенде алшақ кеткен. 
Ж. Аймауытов Мағжан поэзиясына 
заман, дәуір өзгерістерінің әсерін 
тап басып, объективтік баға беруге 
ұмтылса, Ғ. Тоғжанов пікірлерінен 
«тұрпайы социологизмнің» сол кез-
дегі буржуазияшыл-ұлтшылдарға қар-
сы идеологиялық күреспен қалай 
ұш тасып жатқаны сезіледі. Ж. Ай-
мауытов Мағжанды үстем тап ақыны 
демейді, «заман туғызған көшпелі 
дәуірдің ақыны, ескіні жырлаған
жаңаны әлі мойындап болмаған 
ақын... Мағжан терең күйдің ақыны 
емес, нәзік сезімнің, тәтті қиялдың 
ақыны, ол кедейдің ақыны емес, 
ұлт ақыны» (Бұл жерде халықшыл 
ақын деген мағынада. – Ж. С.) деп 
бағалайды [42]. Ал Ғ. Тоғжанов бұл 
пікірдегі «ескіні жырлаған, кедейдің 
ақыны еместі» тілге тиек етіп «кү-
ні өткен таптың ақыны, ұлтшыл 
ақын» деген сыңаржақ тұрпайы 
со циологизмге сүйенген пікір ай-
тып «буржуазияшыл-ұлтшыл ақын 
Мағжан поэзиясының идеялық-
көркемдік ерекшілігіне назар ауда-
рып, ескішіл ақынның жат идеясын 
әшкерелейді» (Бұл Тоғжанов мақа-
ласына берілген қате баға. – Ж. С.). 
Жалпы осы «буржуазиялық ұлт шыл-
дыққа, алашордашылдыққа» қар сы 
күрес Ғ. Тоғжановтың сын-зерт теу 
еңбектерінде «тұрпайы социоло-
гизм» теориясынан қолдау тауып
ұзақ уақыт қателесуіне әсер етті. Қа-
зақ әдебиеттану ғылымы 1930 жыл-
дардың басында Абайды халық ақы-
ны, классик ақын деп тануға бет 
алып жатқан кезде де Ғ. Тоғжанов: 
«Қа зақ буржуазиялық әдебиеттің 
көш басшысы А. Құнанбаев болып 
табылады. Оның ісін Байтұрсынов, 
Дулатов, Қүдайбердиев, О. Қарашев 
жалғастырып келеді... Жастар ара-
сынан олардың ізін басып М. Жұ-
мабаев, С. Дөнентаев, А. Маметов, 
Б. Өтетілеуов, С. Сейфуллин, Б. Май-
лин сияқты ақындар және басқалары 
шықты. Олардың творчествосын-
дағы негізгі сарын дарашылдық, ұлт-
шылдық пен ис ламшылдық», – деп 
жазады [43, 5]. Егер сол кезде қазақ 
зиялыларына Ғ. Тоғжанов берген осы 
бағаның, С. Мұқанов және басқалар 
айтқан қате пікірлердің Сталиннің 
жеке басына табыну дәуіріне, кейін 
тоқырау заманына дейін жалғасып, 
1989 жылы 9 желтоқсандағы Ко-
миссияның шешіміне дейін қайта-
ланып келгенін ескерер болсақ, қа-
зақ әдебиеттану ғылымының туу, 
қалыптасу кезеңдеріне, қазақ әдебие-
ті тарихының толық зерттелуіне 
тигізген кері әсерінің салмағы ауыр-
лай түсері анық.
Ж. Аймауытов пен Ғ. Тоғжанов-
тың мақалаларының қазақ әде биет-
тану ғылымының туу кезеңі үшін 
маңызы зор жаңашылдық сипаты да 
бол ды. Бұл жерде мәселе – М. Жұ-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


159


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет