Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет147/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
кезеңдегі өресін танытатыны анық. 
Бірақ мақала қазақ әдебиеттану ғы-
лымына дендеп еніп келе жатқан 
маркстік-лениндік әдіснаманың қағи-
далары мен партиялық идеология-
дан да сау қалмаған. Сөзіміз дәлелді 
болу үшін автордың мына бір пікірін 
келтіре кетейік. «Біздің мәдениетіміз 
жалпы адам баласының мәдениетінің 
санаулы бір мүшесі болмақ. Жалпы 
мәдениет базарына біз өзіміз жаса-
ған мәдениет бұйымымен бармақ-
пыз. Біз олардан алсақ, олар бізден де 
алмақ. Интернационализмнің негі зі –
мәдениеттің сыртқы түрін (ұлт тық 
кескінін) бір түсті қылу емес, ішкі 
маңызын бір тілектен шығару. Қазақ 
әдебиетінің сыртқы сипаты қазаққа 
ұқсаса, ішкі мазмұны жалпы адам 
баласының қызметіне жұмсалу ке-
рек. Сондықтан біздің әдебиет – тап 
әдебиеті, еңбекші таптың әдебиеті». 
ҚазАПП сыншы-әдебиетшілері қа-
зақ ақын-жазушыларын тапқа және 
әр түрлі топқа бөліп, «қазақтың про-
летарлық әдебиетін тек еңбекші тап-
тан шыққандар ғана жасайды» деп, 
ақын-жазушыларға 
«ұлтшылдар» 
жә не «жолбикелер» деген атақ тағып 
жат қанда С. Садуақасовтың бұлай 
жазбасқа амалы қалмаған болуы ке-
рек. Әрине заман талабы солай бол-
ды ғой деп ақтап алуға да, екі жақты 
көзқараста болды деп даттап тастау 
да орынсыз. Бұл ғылыми-зерттеуші-
лік ой-пікірдің 20-жылдардың соңына 
қарай әрі-сәрі халде тұрғысынан ха-
бар бергендей. Ұлттық әдебиеттану 
ғылымының туу процесі өте қиын да 
күрделі кезеңде өткеніне бұл да бір 
дәлел.
Бұл пікірталастағы Қ. Кемеңгер-
ұлы, «Екеу», С. Садуақасов және 
та ғы басқаларының мақалаларында 
көрінген ғылыми-зерттеушілік ой-
пікір әдебиет тарихын зерттеуді қол-
ға алу, әдеби мұраны игеру жолын-
да оны «тұрпайы социологизмді» 
жақтаушылардан қорғап қалу мақ-
сатында заман ыңғайына қарай ең-
бекші тап мүддесіне орайластыра ой 
айтқанымен, саясатта да, әдебиетте 
де, сында да «ұлтшылдыққа» қарсы 
күрес өрши түсті. Әдебиет сынын-
да солақай сыншылдық белең алып, 
«тұрпайы социологизм» позиция-
сын қолдап шықты. Бұл туралы 
ға лымдар Т. Кәкішев пен Д. Ыс -
қақовтың еңбектерінде егжей-тег-
жейлі айтылғандықтан тоқталып 
жату артық. Ғ. Тоғжанұлының «Әде-
биет және сын мәселелері» (Қы зыл-
орда, 1929), Е. Бекенұлының «Көр-
кем әдебиет туралы кім не үшін 
күреседі» (Жаңа әдебиет, 1929, №2) 
және «Еңбекші қазақта» жариялан-
ған Ә. Мұсаұлының «Көркем әде-
биет мәселесіндегі айтыс туралы» 
(1929, 17 сәуір), Ғ. Мүсірепұлының 
«Әдебиет айтысына» (1929, 4 та мыз), 
Ә. Тәжібайұлының «Әдебиеттегі 
«смағұлшылдық» (1929, 2 қазан), 
С. Мұқанұлының «Әдебиет тура-
лы ашық хат» (1929, 18 желтоқсан) 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


164


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет