Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й к ар гу әож кбж



Pdf көрінісі
бет431/441
Дата16.05.2023
өлшемі3.59 Mb.
#473784
түріОқулық
1   ...   427   428   429   430   431   432   433   434   ...   441
Okulik XX kazak adebiet

V БӨЛІМ. Әдеби сын тарихы және ғылыми мектептер
лықтары да әдебиет тарихындағы 
қай шылықтарды жан-жақты ашып 
көр сету үшін ғана аталынып, шы-
ғармаларындағы идеялық мазмұн 
мен бағытты әлі де болса айқындау 
қажет деп атап көрсетеді. Бұл атал-
ған ақындардың барлығын да орта 
мектепте оқыту қажетсіз деп та-
былды. Ағартушы-демократ ақын-
жа зушылардың мұрасы біршама 
зерт телгені ескеріле отырылып, ке-
рітартпа, діншіл бағыттағы ақын-
дардың дүниетанымдық көзқарас-
тарындағы қайшылықтарын ашу 
жолындағы зерттеу жұмыстары тез 
арада қолға алынсын деген байлам 
жасалды.
Ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің 
ХХ ғасыр басындағы әдебиеттен 
әріге бармауының себептері де бар. 
Б. Кенжебаев 1959 жылғы конферен-
циядан соң іле-шала-ақ өз ұсыны-
сын көпшіліктің ой-талқысына салу 
мақсатында «Қазақ халқының жаз-
ба әдебиетінің тарихы қайдан, кім-
нен басталады» («Қазақ әдебиеті», 
1960, 22 шілде) деген ғылыми мәні 
зор мақаласын жариялаған бола-
тын. Дайындалып жатқан ІІ томның 
1-кітабында (1961) айтылады ғой 
деген тоқмейілсу көңіл ме, әлде да-
улы мәселеден қашқақтау ма, ға-
лым ұсынысын қолдаған бірді-екілі 
мақала болмаса, кең көлемде тал-
қылауға ат салушылар шыға қойма-
ды. Қ. Жұмалиев «Қате пікір қағидаға 
айналмасын» («Қазақ әдебиеті», 
1960, 29 шілде) атты қарсы мақала 
жазып, өз концепциясын қорғап қана 
қойған жоқ, әдіснамалық тұрғыда 
негіздеп тастады. Оны кейінде ай-
тылғандай: «Шын ғылым айтыстан 
тумақ. Осы тұрғыдан келгенде акаде-
мик Қ. Жұмалиев әдебиеттануды ке рі 
кетірген жоқ, қайта әдебиетімізге не-
гіз болған ежелгі жазба жәдігерлік тер-
дің тезінен зерттелуіне белгілі дәре-
жеде қозғау салды», – деп көлгірси 
бағалаудың жөні жоқ. Бұны біз кемел-
дене бастады дей отырғанымызбен, 
ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің осы 
бағытта ізденістер жасауға мүмкін-
дігі бола тұрса да жан сала кіріспе-
ген кемшілігін, әдебиетші-ғалымдар-
дың «жоғарыға» жалтақтаудан аса 
алмағанын көрсету мақсатында ай-
тып отырмыз. Міне, сондықтан да 
болар қазақ әдебиетінің тарихи кур-
сын жасауға арналған монография-
лар жазу кейіндей берді. Оған 1960 
жыл дары Қ. Жұмалиевтің «Қазақ 
әде биеті тарихының мәселелері жә-
не Абай поэзиясының тілі» (1960), 
Ә. Дербісәлиннің «Қазақтың Ок-
тябрь алдындағы демократияшыл 
әдебиеті» (1966) атты еңбектерден 
басқа монографиялардың болмауын 
айтсақ та жеткілікті.
Бұл айтылғандардан шығатын қо-
рытынды Б. Кенжебаев ұлттық әде-
биеттану ғылымында ғана емес, бүкіл 
түркі тілдес халықтар әдебиеттану 
ғылымында тарихи мектептің негі-
зін қалаушы ретінде танылуға тиісті. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


456


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   427   428   429   430   431   432   433   434   ...   441




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет