ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
тып, «Абай марқұмнан бері қарай
қазақ әдебиетінің үшінші дәуірі ба-
сталады», – деп жазады. Абайды осы
үшінші дәуірдің басы деген уақытта
ғылыми-зерттеушілік ой-пікірде ай-
тылып жүрген «жаңа жазба әдебиеттің
көш басшысы» деген көзқарасты
зерттеушілік тұрғыда қарастыруды
мақсат тұтқаны байқалады. «Абай-
дан бері һәм одан үлгі алған кейінгі
жастарымыздың ыждағатымен әде-
биетіміз түзу жолға түсті. Енді мұнан
былай сөз қадірі ұлғайып, өлең ке-
ректігі байқалып, өзге жұрттарда
қандай болса, біздерде де сондай
болар», – деп алдағы күнге зор сенім
артуы оны анық дәлелдейді.
Р. Мәрсековтің мақаласындағы
бұ рынғы және жаңа әдебиет тура-
лы көзқарастың ғылыми негізделуі
зерттеушілік ой-пікірдің ғылыми
сипатқа ауысу жолындағы мәні зор.
Орыс әдебиеті тарихын дәуірге бө-
лушілер өздерінің алғашқы қада мын
В. К. Тредиаковскийдің поэзияны
«О древнем, среднем и новом сти-
хотворении российском» (1755) деп
бөлген еңбегінен, оны дамыта келіп
орыс әдебиетін хронологиялық жол-
мен «первый период от начала Х ве-
ка до половины ХV в., второй до
на чала XVІІІ в., а третий заключа-
ет в себе произведения российской
словесности до нынешнего време-
ни», – деп 1808 жылы И. М. Борн
ұсынған жүйеден бастайды [22, 133].
И. М. Борн өз жобасында алғашқы
дәуірге Ресейге христиан діні мен
жазу кірген Х ғасырдан татар-моңғол
шапқыншылығы біткенге дейінгі
XV ғасырды жатқызса, екінші кезеңін
І Петр заманымен байланыстыра-
ды да, үшінші дәуірді ХІХ ғасырдан
басталды деп көрсетеді. И. Борнның
бұл дәуірге бөлуді ұсынған жүйесін
ғасырға жуық уақыт өткен соң ғалым
А. Н. Пыпин «до ордынского на-
шествия, от конца ордынского ига,
образования Московской Руси и до
второй половины XVІІ века, литера-
тура нового периода от второй поло-
вины XVІІ века до современности», –
деп үш дәуірге бөліп, нақтылай
түскен болатын [23, 308]. Бұлармен
салыстыра қарағанда, Р. Мәрсековтің
ұлт әдебиетінің тарихын дәуірге бө-
луінде әдеби-тарихи ой-пікір дұ рыс
бағыт ұстағанын байқаймыз. Әде-
би-тарихи шолу ретіндегі сипаты
басымдау болғанымен «Қазақ әде-
биеті жайынан» мақаласының әде-
би-тарихи бағыттағы ой-пікірдің
даму тарихындағы орны да ерекше.
Ол қазақтың ұлттық әдебиетінің
бірнеше дәуірлерден тұратын та-
рихы бар екенін алғаш рет ғылыми
тұрғыда дәлелдеп берді. Сол арқылы
ғылыми-зерттеушілік ой-пікірге жа-
ңа бастама салып, келешек зерттеу
жұмыстарына бағыт-бағдар жасады.
Оның бұл саладағы ізденістері сол
кездің өзінде-ақ көріне бастады.
«Қазақ» газетінде жарияланған «Н»
(Н. Құлжанова болуы керек. – Ж. С.)
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
|