Дипломдық жобада моделі afc 744 аралас бүктемелеу



Pdf көрінісі
бет3/16
Дата18.05.2023
өлшемі1.55 Mb.
#473937
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Бахиева Шолпан диплом

МАЗМҰНЫ 
 
Кіріспе 
9

Технологиялық бөлім 
10 
1.1 
Horizon AFC 744 AKT аралас бүктемелеу машинасының
техникалық сипаттамасы 
10 
1.2 
Аралас бүктемелеу машинасының негізгі механизмдерінің 
жұмыс істеу қағидасы 
11
1.3 
Негізгі механизмдерді бөлшектеу технологиясы 
13 
1.4 
Негізгі механизм ақауларын анықтау 
14 
1.5 
Машинаның механизмін жөндеу
17 
1.6. 
Машинаның механизмін жөндеудің есептері 
19 

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау 
25 
2.1 
Техникалық шаралар 
26 
2.1.1 
Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
26 
2.1.2 
Жасанды жарықты есептеу 
26 
2.1.3 
Өрт қауіпсіздігі туралы заңдылықтар 
27 

Экономикалық бөлім 
29 
3.1 
Негізгі өңдірістік қорды есептеу 
29 
3.2 
Жалақы қоры 
29 
3.3 
Еңбекті қорғау шараларына қажетті шығындар 
32 
Қорытынды 
34 
Пайдаланылған әдебиеттер 
35 
Қосымша А 



КІРІСПЕ 
 
Баспа табақтарын бүктемелеу кітапшалау-түптеу процесінің ең 
маңызды операцияларының бірі болып табылады, оның сапасына кітап-
журналдық өнімнің сапасы байланысты болады. 
Қазіргі уақытта, кітап-журналдық өнімдерді басу көбінесе қағаз 
табақтарын бүктейтін ротоциялық басу машиналарында орындалады. 
Дегенмен, бүктемелеу машинасына жататын бүктелетін өнімдердің 
саны
өте жоғары және барлық басу процесінің шамамен 25%-ын құрайды. 
Бүктемелеу – дегеніміз қағаз полотноларын немесе парақтарды 
әзірленген немесе әзірленбеген бүгілім сызығы бойымен бүктеу. Бүктеу 
сызығы түптеу ісінде фальц деп аталады. Бүктелетін материалдарға 
(шикізаттарға) қағаз полотнолары және басылып шыққан жартылай өнімдер 
жатады. 
Бүктемелеудің төрт түрін ажыратамыз: 
1) перпендикулярлы бүктемелеу, әрбір келесі бүгілім алдыңғысына 
перпендикуляр болады; 
2) параллельді, әрбір келесі бүгілім алдыңғысына параллель болады; 
3) аралас бүктеу, дәптерлерде параллель және перпендикуляр 
бүгілімдердің болуы; 
4) арнайы жапсырмалы бүгілімдер (карта, кесте). 
Кітап-журналдық өнімдерді бүктемелеудің ең көп таралған түрі 
перпендикулярлы 
бүгілім; 
параллель 
бүгілім 
кітап-дәптерлерде 
салыстырмалы түрде аз қолданылады; аралас бүктемелеу негізінен кітап-
журналдық ротациялық машиналарда кітап өнімі үшін қолданылады. 
Бүктемелеудің бұл түрі альбомдық басылымдарда қолданылады.
Бүктемелеудің барлық түрінде дәптерлердің әр түрлі бүгілім сандары 
болады. Сондықтан олар бір, екі, үш және төрт бүгілімді деп бөлінеді. 
Бүгілім санын дәптерлердің беттер санынан анықтайды. Кітап немесе 
журналда бүгілім алу үшін негізінен үш және төрт бүгілімді дәптерлер 
қолданылады, екі бүгілімді өте аз қолданылады. Бір бүгілімді тек форзац, 
мұқаба және жапсырмаларда қолданылады. 
Баспа табақтарды бүктемелеу үшін екі түрлі бүктемелеу машиналары 
қолданылады. Олар: пышақты және кассеталық.
1) пышақты бүктемелеу машиналарында пышақтың және маятникті 
қозғалыс жасайтын екі айналмалы біліктің көмегімен орындалады. 
2) кассеталық – кассетаның және айналып тұрған үш біліктің көмегімен 
орындалады. 
Сондықтан бүктемелеудің түрлері пышақты және кассеталық деп 
аталады. Пышақты және кассеталық машинадан басқа аралас немесе 
кассеталы-пышақты, кассеталы және пышақты бүктемелеу аппараттары бар 
бүктемелеу машинасы бар [1]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет