Дипломдық жобада моделі afc 744 аралас бүктемелеу


Аралас бүктемелеу машинасының негізгі механизмдерінің



Pdf көрінісі
бет5/16
Дата18.05.2023
өлшемі1.55 Mb.
#473937
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Бахиева Шолпан диплом

1.2 Аралас бүктемелеу машинасының негізгі механизмдерінің 
жұмыс істеу қағидасы 
Аралас бүктемелеу машиналары мына технологиялық функционал 
құрылғылардан тұрады: фальцаппарат, қағазбергіш, шығару құрылғысы. 
Қағаз бергіш арқылы парақтар бір-бірінен бөлінеді де, түзулендіріледі 
де, фальцаппаратқа тасымалданады. Қағаз дестесін машинаға оператор 
салады. 


12 
Тасымалдау 
модулдері бүктемелеуге парақтарды тасымалдауға 
арналады. Парақты қағаз бергіштен бірінші фальцаппаратқа және одан әрі 
қарай фальаппараттар арасында тасымалдауға арналады. Тасымалдау кезінде
парақтар бүйір жақтары бойымен түзулеткіш сызғышпен түзулетіледі.
(базаланады). Парақта түзулету үшін қозғалыс бағытына параллель етіп 
сызғышты орнықтырып қояды. Немесе білікшелерді көлбеу етіп орнықтырып 
қояды немесе транспортердің лупасы көмегімен түзулетеді. 
Қабылдау-шығару модульдері: технологиялық құрылғылар қатарына 
жатады. Олардың әрқайсысынаың жеке өз жетегі болады. Олар 
фальцмашиналардың әртүрлі шығуларына қосылуы мүмкін. Бүктемеленген 
парақта қолмен оператор оңай суырып алатындай күшпен қысып ұстап 
тұрады. 
Бұдан басқа терможіппен бір уақытта тігу құрылғыларымен немесе 
парақтарды пресстеу құрылғысымен жабдықталуы мүмкін. Технологиялық
модульдер өздерінің жеке жетектерімен бірге электр желісіне электрондық
басқару және машиналық статистикалық жүргізу функцияларын атқарады. 
Пайдаланылатын фальцаппараттарға байланысты мынандай машиналар 
болуы мүмкін: касеталық және аралас бүктемелеу машиналар. Кассеталық 
бүктемелеу машиналарында төртке дейін касеталық фальцаппараттар болуы 
мүмкін. 
Фальцаппараттардың өзара орналасуы тапсырыс бойынша өзгеруі 
мүмкін. Перпендикуляр бүгілімді орындау үшін (әрбір келесі бүгілім 
алғашқысына қарағанда 90
0
бұрышпен орналасады) фальцаппараттар 8-ге 
дейін бүктемелеу касеталармен жабдықталады. Бірінші фальцаппаратында 
касеталар саны көбіректеу, ал соңғысында тек қана екі бүктемелеу кассетасы 
болады. 
Фальцаппараттарындың бір типті рамкасында құрылғылардың мына 
нұсқалары болуы мүмкін. Олардың дифференциясы шама жағынан парақты
берілі беруге арналған тесіктің елу енімен сипатталады. Мысалы: 36, 52, 56, 
66, 78, 94, 112, 142 см. 
Басу машиналарындағы фальцаппаратта парақ, әдетте, ұзын жағымен, 
яғни көлденең, алға берілсе, ал бүктемелеу машиналарында парақ ұзын 
бойымен, яғни парақтың кіші жағымен алға беріледі. 
Төрт фальцаппараты бар касеталық бүктемелеу машинасында 18-ге 
дейін бүктемелеу секциясы болады. 
Касеталық бүктемелеу машинасының артықшылығы мынада. Кез-
келген бүктемелеу секциясын бір уақытта қосу немесе ажырату арқылы
бүктемеленетін парақтың көптеген әртүрлі нұсқасын алуға мүмкіншілік бар.
Стандартты бүктеу сұлбасынан басқа арнайы бүктемелеуді орындауға 
болады. 
Қағаз бергіштің конструктивті жетілдіруінің дәрежесі бүктемелеу
машинасының жұмыс істеуін анықтайды, өйткені дестеден парақтың бөлініп, 
фальцаппаратқа беру кезінде біраз бөгелу пайда болады. 


13 
Парақтың бүктемелеу машиналарында қағаз бергіштің 5 түрлі сұлбасы
пайдалануы мүмкін: жұмырдестелі, жайпақ дестелі, астаудан қағаз бергіш,
жайпақкаскадты парақ бергіш. 
Жұмыр дестелі қағаз бергіш орта және үлкен таралым үшін ең кеңінен 
таралған қағазбергіш түрі, негізінен алғанда, үлкен формат 70×100 см үшін 
пайдаланылады.
Дестелер астаулардан қолмен алынып, үстел үстіне салынады да каскад 
түрінде қойылады. Каскад ленталы транспортер және айналдыратын 
цилиндр көмегімен парақтарда бір-бірінен бөлетін үстелге жібереді. 
Бөлінетін парақ каскад үстінде жатады.
Вакуумдік цилиндр көмегімен жоғарғы парақ бөлініп алынады да
жіберіледі. Бұл қағаз бергіш сенімділігі жоғары ағымды қағаз бергіштер 
қатарына жатады. Кемшілігіне мыналар жатады: дестенні үстел үстіне 
салып, парақтарда каскадта қою процесстері қолмен істелетіндіктен қызмет 
көрсетуші персоналға ауыр жұмыс атқарады. 
Жазық дестелі қағаз бергіш аз және орта таралым үшін, форматы 
70×100 см шамадан кіші таралым үшін пайдаланылады. Жазық дестелі қағаз 
бергіштің жұмыс істеу принципі парақтық басу машиналарының қағаз 
бергіштерінің жұмыс істеу принципіне сәйкес келеді. 
Астаулы қағаз бергіш өңдеу процесстерінді сирек пайдаланылады.
Әдетте, олар үлкен форматты бүктемелеу машиналарында пайдаланылады 
[3]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет