Қазақстан республикасы президентінің жарлығЫ



Pdf көрінісі
бет10/29
Дата21.05.2023
өлшемі0.91 Mb.
#474074
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
WWW- 2~1

ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986 
Жарлығымен
47-тармақ жаңа редакцияда
(
бұр.ред.қара
)
47. Əскери, арнаулы оқу орнына немесе əскери оқу орнының адъюнктурасына,
магистратурасына не докторантурасына қабылданбаған əскери қызметшілер өздерін
көрсетілген оқу орнына түсу үшін жіберген əскери бөлімдерге (мекемелерге), бұрынғы
əскери лауазымдарына қайтарылады.
ҚР Президентінің 2017.31.10. № 574 
Жарлығымен
 48-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
48. Əскери оқу орындарын немесе əскери оқу орнының адъюнктурасын,
магистратурасын не докторантурасын бітірген əскери қызметшілер қажетті білім деңгейі
бар адамдар атқаруға тиіс, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасының Президенті
бекітетін Қарулы Күштердегі, басқа да əскерлер мен əскери құралымдардағы əскери
лауазымдар жəне оларға сəйкес əскери атақтар тізбесінде (бұдан əрі - əскери лауазымдар
тізбесі) аталған əскери қызметшілердің əскери атақтарына тең немесе оларға қарағанда
анағұрлым жоғары əскери атақтар сəйкес келсе, əскери лауазымдарға тағайындалады.
Көрсетілген əскери лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған кезде мұндай əскери
қызметшілер даярлық бейіні бойынша ұқсас өзге əскери лауазымдарға тағайындалады
(ерекше жағдайларда одан əрі əскери лауазымға тағайындау үшін командирдің (бастықтың)
қарамағына қабылданады).
ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986 
Жарлығымен
49-тармақ жаңа редакцияда
(
бұр.ред.қара
)
49. Əскери лауазымдарға тағайындау кезінде мынадай шарттар сақталады:
1) қатардағы жауынгерлер, сержанттар мен офицерлер құрамдарының штаттық-
лауазымдық санаттарындағы əскери лауазымдарға тиісті құрамның əскери қызметшілері
тағайындалады.
Бос лауазымдар болмаған кезде, əскери оқу орындары мен əскери кафедраларды
бітіргендерді қоспағанда, сержанттар құрамының əскери қызметшілері өздерінің келісімі
бойынша қатардағы жауынгерлер құрамының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін;
2) тиісті командирлердің (бастықтардың) қарамағына қабылданған əскери
қызметшілерді əскери лауазымдарға тағайындау, егер «Арнаулы мемлекеттік органдар
туралы» 
Заңда
өзгеше белгіленбесе, Заңның 
21-бабының 5-тармағында
белгіленген
мерзімнен аспайтын, мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі;
3) егер əскери қызметшіге мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерге рұқсаттама
беруден бас тартылған немесе ол көрсетілген рұқсаттамадан айырылған жағдайда ол
мемлекеттік құпияларды құрайтын мəліметтерге берілетін рұқсаттамамен байланысты емес
əскери лауазымға белгіленген тəртіппен тағайындалады.
ҚР Президентінің 2017.31.10. № 574 
Жарлығымен
50-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
);
ҚР Президентінің 2022.18.08. № 986 
Жарлығымен
50-тармақ жаңа редакцияда
(
бұр.ред.қара
)


16.09.2022, 23:50
Континент WWW - «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарынд…
https://continent-online.com/Document/Document.aspx?doc_id=30058190&sublink=0&mode=all&action=print&comments=on&user_comments…
11/32
50. Бос əскери лауазымдарға төмен тұрған құрамның əскери қызметшілері не азаматтар
уəкілетті органның бірінші басшысы айқындайтын тəртіппен уақытша тағайындалуы
мүмкін. Бұл ретте азаматтық персонал адамдарына (жұмыскерлерге) лауазымдық
айлықақы атқаратын əскери лауазымына сəйкес белгіленеді.
Əскери лауазымдарға уақытша тағайындалған азаматтық персонал адамдары
(жұмыскерлер) осы əскери лауазымдарға əскери қызметшілер тағайындалған кезде басқа
лауазымдарға тағайындалады, ал басқа лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған
жағдайда – белгіленген тəртіппен қызметтен шығарылады.
51. Əскери қызметшілер жоғары, тең немесе төмен əскери лауазымдарға
тағайындалады.
52. Əскери лауазым, егер оған бұрынғы əскери лауазымға қарағанда, əскери лауазымдар
тізбесінде көзделген əскери лауазымның анағұрлым жоғары деңгейі немесе анағұрлым
жоғары əскери атақ, ал əскери лауазымдар мен əскери атақтар тең болған кезде - əскери
басқару органының анағұрлым жоғары деңгейі сəйкес келсе, жоғары болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет