136
зерттеулеріндегі терминдердің ұлт тіліндегі қолданысына басымдық беруді үнемі назарда ұстағандығын
баса айту қажет.
Профессор Ф.Оразбаева зерттеулеріндегі
тілдік тұлға, қатысымдық тұлға, оқылым, жазылым,
тыңдалым, айтылым, тілдесім деген терминдерді арнайы сөз етуді жөн көрдік. Себебі, бұл аталған
терминдер
«тілдік қатынас» ғылымының басты нысаны яки аталған ғылым саласының күретамыры
десек те болады. Жалпы бұдан басқа да
«тілдік қатынас» ғылымында көптеген терминдер бар. Ал біз
жеке дара бөліп алып сөз еткіміз келіп отырған терминдер тілдік қатысымның өзегі, тұтастай ғылымның
базалық тірегі десек те болады.
Ғалым еңбектерінде
тілдік тұлға терминімен
қатысымдық тұлға термині қатар қолданылады.
Аталған терминдердің өзара қатар берілуі немесе олардың жарыса
қолданысын заңдылық деп те
қарастыру қажет. Бұл турасында ғалым «тілдік тұлға мен қатысымдық тұлға туралы мәселе тілдің
тұлғалары мен сөйлеудің алғы шарттарын ажыратып алудан басталуы қажет. Қатысымдық тұлға тілдік
тұлғаларға қатысты болғанымен, онымен бірдей емес. Қатысымдық тұлға туралы зерттеу тілдің тұтас
қарым-қатынастық ролімен тікелей байланысты ерекшеліктерді қамти келіп, белгілі бір ойды тиянақты
жеткізу, оған жауап алу, сөйлеу,
сөзді қабылдау, оның мағынасын түсіну, әр түрлі экспрессивтік-
эмоциональдық күйді таныту т.б. – сол сияқты мәселелермен тығыз бірлікте қарастырылады. Демек,
коммуникативтік тұлғаның жұмысы жалпы сөйлеу процесімен тікелей байланысты» - деген
тұжырымынан аталған терминдер өзара жарыса қолданылғанымен, олардың өзара терминдік тұрғыдан
сондай-ақ терминдік мағынасы мен терминдік дефинициясының бірдей емес екендігін айтады [1, 56].
Сондай-ақ, ұстаз-ғалым бұл терминдердің әрқайсысына жеке-жеке лингвистикалық түсіндірмесін
былайша береді: «
Тілдік тұлғалар – адамзат тілінің сақталуы мен өмір сүруіне қызмет ететін,
сөйлеу
мүшелері /дыбыстау мүшелері/ арқылы жасалатын, фонетикалық, лексикалық және грамматикалық
қасиеттерге ие болатын, таңбалық сипаты бар тілдің құрылымдық бірліктері» десе, «
Қатысымдық
Достарыңызбен бөлісу: