Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет104/181
Дата27.05.2023
өлшемі4.33 Mb.
#474356
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   181
1 2019

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
Оразбаева Ф. Тіл әлемі. –Алматы: Ан Арыс. ‒ 368 б. 
 
 
ТІЛ ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІ... 
(Жаны жайсаң ұстазым Ф.Ш.Оразбаева туралы толғаныс) 
Қасенов Е.С. 
Абай атындағы ҚазҰПУ,


132 
Филология және көптілді білім беру институты
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ф.ғ.к. 
Алматы қаласы 
Түйіндеме: Мақалада белгілі ғалым Фаузия Оразбаеваның тіл және тілді оқытумен байланысты еңбектері 
жөнінде қарастырылған. Ғалымның қазақ тілінің ұлт тілі дәрежесіне көтеру туралы ойлары мен пікірлерінің маңызы 
кеңінен сөз етілген. Ғалымның «Тілдік қатынас негіздері» атты оқулығының қатысым теориясы негіздерін 
ұғындырудағы маңыздылығы атап өтілген. 
 
Аннотация: В статье рассмотрены труды известного ученого Фаузии Уразбаевой, связанные с 
языком и изучением языка. Широко освещены мысли и мнения ученого о повышении казахского языка 
на уровень национального языка. В учебнике «Основы языкового общения» отмечена важность 
осмысления основ теории причастности.
 Annotation:The article deals with the works of the famous scientist Fauzia Urazbaeva related to language and 
language learning. The thoughts and opinions of the scientist on the increase of the Kazakh language to the level 
of the national language are widely covered. The textbook "Fundamentals of language communication" noted the 
importance of understanding the basics of the theory of involvement. 
Тағдыр жұмыр басты пенденің пешенесіне тылсымға толы дүниенің есігін шыр етіп ашқаннан 
жазылады деп айтып отыратын үлкендер сөзі жадымызда мәңгі сақталған. Әлде тағдыр адам баласының 
тек өзіне тәуелді ме, ол жағы бимағлұм. Бұралаңдары көп өмірдің сан тарау соқпағынан өз жолын дұрыс 
тауып, ғұмыр кешудің өзі – үлкен бақыт. Асылы «бақыт» ұғымы ойлаған арманыңа, діттеген мақсатыңа 
жету дегенді берумен ғана шектелмесе керек. Бақыт – «бақ, зор қуаныш, шаттық»[1, 646 б.]. Ұлт 
танымында «бақыт» – еркін самғау, жақсылық дәнін егу, ізгі ниетте болу. Ендеше, бес күндік жалған 
тіршілікте қиналғанға қол ұшын беріп, айналасына мейірім нұрын шашу – бақыттың бақыты. Мұндай 
жандардың мәртебесі асқақтап, адами тұлғасы уақыт озған сайын биіктей түсетіні бар. Бүгінде күллі қазақ 
еліне ерекше ерен еңбектерімен танымал тілші-ғалым Фаузия Шамсиқызы Оразбаеваның ел келешегі 
үшін жасаған игі істері мен жақсылықтары ғалым тұлғасын даралай түскені сөзсіз шындық. Ата-анадан 
берілген ізгі қасиеттер мен мейірім шапағаты Фаузия Шамсиқызын ұстаздық пен ғылым жолындағы 
заңғар биіктерден көрінуіне ықпал еткені аңғарылады. Тумысынан «білсем, көрсем» деген қарапайым 
қазақ қызының ұстаздық пен ғылым жолының тізгінін тең ұстап, асу бермес белестерді бағындыруы – 
Абай атамыз айтқан «талап, еңбек, терең оймен» де тікелей байланысты дүние. Өмір жолын ұстаздықтан 
бастаған Фаузия Шамсиқызы бүгінде педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық 
педагогикалық университетінің профессоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Педагогика ғылымдары 
Халықаралық Академиясының академигі. Әрбір адамды шексіз бақытқа бөлер мұндай биік жетістіктер 
Фаузия Шамсиқызын болмысы бөлек, жаратылысынан ғылымның адамы екендігін ұғындыратындай. 
Ерен еңбек пен үздіксіз ізденіс адамы Фаузия Шамсиқызының ұстаздықтан бастау алып, ғалымдыққа 
ұштасқан өмір жолы – жаны таза, пейілі ақ, риясыз көңілді әрбір адам баласы үшін үлкен өнеге, ерекше 
үлгі мектебі. 
«Ақырын жүріп, анық бас, 
Еңбегің кетпес далаға. 
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға» – деген Ұлы Абай ғибратын жете сезінген Фаузия Шамсиқызы – өз еңбек жолын 
мектеп қабырғасынан бастап, кейін оны еліміздің жоғары оқу орындарында жалғастыра алған
ұстаздықтың сатыларын өткерген білікті ұстаз. Сондықтан да бүгінгі білім саласының қарыштай қадам 
басуына өзіндік үлесі бар ғалым Фаузия Шамсиқызының ұстаздық өнегесі – айрықша атап өтуге 
тұрарлық дүние. Әке жолына түсіп, ұрпақ тәрбиелеп, жоғары оқу орындарындағы жастардың сапалы 
білім алуына бағдар беріп жүрген «Фаузия Оразбаева – нағыз ұстаз, үлгілі жетекші, беделді тәлімгер» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет