Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


Ф.ОРАЗБАЕВАНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ БАҒЫТТАРЫ МЕН ТЫҢ ІЗДЕНІСТЕРІ



Pdf көрінісі
бет129/181
Дата27.05.2023
өлшемі4.33 Mb.
#474356
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   181
1 2019

Ф.ОРАЗБАЕВАНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ БАҒЫТТАРЫ МЕН ТЫҢ ІЗДЕНІСТЕРІ 
 
Ибраимова Ж.Т. 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы, ф.ғ.к. 
Түйіндеме: Мақалада профессор Ф.Ш.Оразбаеваның қазақ тіл біліміне қосқан үлесі жайлы айтылады. 
Тілдік қатынастың негізін салған ғалымның осы саладағы негізгі ұғымдары: тілдік және қатысымдық 
тұлғалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары, оларға тән негізгі белгілер, зерттелу жайы сөз 
етіледі, тілдік деректер арқылы дәйектеледі. Аталған мәселе жайлы ғалымдар пікірлері, зерттелу жайы 
қарастырылады. 
 
Аннотация: В статье рассматривается вклад профессора Ф.Ш.Оразбаевой в языкознание. А именно 
актуальны исследования ученым вопросов языковой и личностной коммуникативной лингвистики, ее 
составные части. В ее трудах исследованы так же свойства и различия коммуникативной лингвистики.
Annotation: The article discusses the contribution of Professor F.Sh.Orazbaeva in linguistics. Issues of 
communicative linguistics, components, features and differences. Professor F.Sh.Orazbaeva made a huge 
contribution to the science of communicative linguistics.
Қазіргі таңда қазақ тіл білімі қарқынды даму үстінде. Бұған дәлел ретінде коммуникативтік 
лингвистика, прагмалингвистика, функционалды лингвистика, психолингвистика, әлеуметтік 
лингвистика секілді бағыттарды атауға болады. Осындай бағыттардың қатарынан орын алатын – тілдік 
қатынас теориясы. Тілдік қатынас мәселесін алғаш рет назарға алып, арнайы зерттеп, ғылыми айналысқа 
енгізген ‒ ғалым Ф.Ш. Оразбаева. «Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі» атты еңбегінде: «Тілдік 
қатынас – тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы
қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу; яғни адамзаттың тіл арқылы қатынасқа түсуі тілдік 
қатынасты білдіреді», - деп анықтама бере отырып тілдік және тілсіз қатынастың ұқсастықтары мен 
айырмашылықтарын жіті талдап көрсетеді. Сондай-ақ атап өтетін маңызды нәрсе Ф.Ш. Оразбаева тілдік 
қатынасқа қатысты ұғымдарды, яғни тілдік қатынастың негізгі құрамын Баяншы ‒ Тұлғалар – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет