163
Keywords: home methodology, communicative approach, teaching a language, official language, speech
situation, communicative competence, speech activity, skill, quality talking.
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне сай оны оқыту сапасының да жоғары болуы ‒ заңдылық.
Қазақстан халқының құрамындағы барлық ұлт өкілдерінің қарым-қатынас
құралы ретінде мемлекеттік
тілде сөйлеуін қамтамасыз ету ‒ бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан қазақ тілін оқыту
әдістемесіне ерекше мән беріліп отыр. Осы бағытта көптеген еңбектер жазылып, онда тілді меңгертудің
отандық және шетелдік әдіс-тәсілдері ұсынылып, оқу процесінде іске асырылып та жатыр. Ең маңыздысы
‒ мемлекеттік тілді қатысымдық бағыттағы басты құрал ретінде меңгерту. Тіл үйренушілер қазақ тілінде
бір-бірімен сөйлесіп, пікір алысып, қарым-қатынас барысында, атап айтқанда, тұрмыста, қоғамда болып
жатқан түрлі әлеуметтік-экономикалық мәселелерге өз көзқарастарын білдіре алады. Қоршаған ортадағы
түрлі іс-әрекеттер мен құбылыстарға баға беріп, өз ойларымен бөліседі. Мұны қатысымдық бағытта
оқытудың нәтижесіндегі қазақ тілінің қолдану аясы кеңейіп, әлеуметтік рөлінің артуы деп айта аламыз.
Осы сала бойынша отандық әдістемеде қатысымдық бағытта оқытудың негізін қалаған ғалымдардың
бірі ‒ ғалым Фаузия Шәмсиқызы Оразбаева. Профессор Ф. Оразбаева: « Тілдік қатынастың қоғамдық
негізі қарым-қатынас құралы тілдің қоғамдағы рөлі мен мәніне байланысты. Қазақ тілінің қатысымдық
ерекшелігін зерттеуде оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың, қазақ тілінің қоғамдық мәнін
жете түсіндірудің ерекше маңызы бар. Бұл ‒ біріншіден, жалпы дүниеге деген танымдық көзқарастың
негізінде танылса, екіншіден, қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қатынас құралы ретіндегі алатын орнына
байланысты қарастырылады», ‒ деген пікір айтады [1.66]. Қатысымдық бағытта оқыту тіл үйренушінің
ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасай алуы үшін қажетті қатысымдық дағдыларын жетілдіре
отырып, тілді үйретудің алдына қойған мақсаттарын айқындай түседі. Тіл үйренуші әр түрлі сөйлеу
жағдаяттарында қарым-қатынасқа түсіп, әрқайсысы қоммуникативтік құзыреттілігін арттыруға
тырысады. Ең бастысы, сөйлесім әрекетінің барлық түрі өзара байланыса сабақтасып, үйренушінің тілді
сапалы меңгеруіне көмектеседі.
Тілді меңгеруде маңызды рөл атқаратын әдістеме ғылымы да бір орында шектеліп қалмайды. Әдіс
түрлері уақытпен бірге ілесе,
жаңа технологиялармен толығып, орындарын алмастырып, кейде атауы
өзгеріп, мазмұны өзгермей, тиімділігіне қарай қайта оралып жатуы да әбден мүмкін.
Тілді қарым-қатынас арқылы оқыту сөйлеуге бағыттап оқытудың тиімділігін ғалым Ф.Оразбаева
тәжірибелік бағдарын айқындап берді. Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқытуда тың мәселені көтерген
әдіскер-ғалым сөйлесім әрекетін дамытудағы ең тиімді әдіс ретінде қатысым әдісін ұсынып, оны
оқытудың барлық ерекшеліктерін көрсетіп берді [2,126]. Профессор Ф.Оразбаева өз еңбектерінде қазақ
тілін оқытудың жаңа технологиясы тілдің осы қатысымдық қызметін ескере отырып іске асырылатынын
айта келе, тілді меңгерудің алғышарты сөздің мән-мағынасы, сөйлемнің дұрыс құрылуы, мәтін және
сөйлесім актілері болып табылатынын көрсетеді. Қатысым әдісін коммуникативтік дағдыны
қалыптастырудағы ең басты әдіс ретінде анықтай отырып, әдіскер-ғалым өз ойын былай тұжырымдайды:
«Қатысымдық әдіс дегеніміз ‒ үйренуші мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге
асатын, белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын, тілдік қатынас пен әдістемелік
категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын, тіл үйретудің тиімді
жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі [2.127].
Мәтіннің және сөйлемнің басты негізі сөз болғандықтан тілді меңгерту
ең алдымен сөздік қорға
байланысты. Сондықтан қазақ тілін үйретуде сөздік қорға аса мән беріп, оны дамытып, байытудың түрлі
жолдарын қарастырған жөн. Ал жаңа технология бойынша сөзбен жұмыс түрін ұйымдастыру оны тез
меңгеруге, тіл үйренушінің қабілетін арттыруға жағдай тудырады.
Оқыту технологиясында мәтінді оның функционалдық-семантикалық өрісі жағынан қолданған тиімді.
Себебі мәтін семантикасы номинативтік және қатысымдық, танымдық және эмотивтік қызмет тоғысады.
Сонымен, тілші ғалым оқытудың жаңа технологиясында қатысым жүйесіне енетін мәтінді қатысым
тұлғасы ретінде қабылдаудың дұрыс екендігін айтады. Профессордың ой-тұжырымы бойынша, қазақ
тілін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту оқу жүйесінің сапасын арттыруға, оның басты
принциптерін жүзеге асыруға септігін тигізетін жинақталған әрекет ретінде қарастыруды қажет етеді.
Қазақ тілін оқытуда ұстаз бен шәкірттің екі жақты әрекеті тең дәрежеде орындалады. Бұл, біріншіден,
тілді оқытудың бағыты қойылған міндеттеріне байланысты болса, екіншіден, тіл үйренушінің жеке
тұлғалық қасиетіне, қазығушылығына да байланысты. Түпкі мақсат – екеуінің де қалауының орындалу
үрдесінен шығу. Қазақ тілін қатысымдық деңгейде меңгерту оқыту барысында үздіксіз қарым қатынас
жасау негізінде ғана жүзеге асады. Тіл үйренушінің іскерлік, белсенділік қабілетінің негізгі факторы –
оның жеке пайымдауы мен дәлелі Қазақ тілін үйрету тілдік тұлғаның қатысымдық құзыреттілігін
дамытуды, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін жоғары көтеріп, оның қолданылу аясын кеңейтері сөзсіз.
164
Сонымен қатар, ғалым өзінің ғылыми мақалаларында бүгінгі күннің өзекті мәселерінің бірі – болашақ
педагог мамандардың кәсіби гуманитарлық білімі мен біліктігін жетілдіру туралы пікірін ортаға салады.
Мәселен, маман дайындаудағы гуманитарлық білім ғылым мен мәдениеттің интеграциясын:
тоғысуын
қажет етеді дей келе, қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын негізгі талаптарды төмендегіше атап
көрсетеді:
1)
Осы тілді үйрету әдістемесін жетік білу;
2)
Оқушы алдында біліммен қатар интелектуалдық мәдениетінің жоғары болуы;
3)
Әлемдік мәдениет үлгерін игеру;
4)
Жасына, еңбек өтіліне қарамай адам мен адамның эстетикалық, этикалық деңгейдегі қарым-
қатынасын меңгеру;
5)
Адамзат құндылықтарынан хабардар болу;
6)
Адами құндылықтарды өз бойына сіңіре білу.
Педагог мамандардың гуманитарлық мәдени білігі информатикалық-компьютерлік технологияның
тиімділігін мойындағанымен, оларды оқу жүйесінде орынсыз пайдаланып, көзсіз қолданыла бергенін
құптамайды. Педагог маманның шеберлігі көзбе-көз қарым-қатынастан, адам жанын ұғынудан
байқалады. Ғалым мұндайда қатысымдық ұстанымдардың педагог мамандарға өз ісін меңгеруге тигізер
ықпалы зор екендігіне тоқталады.
Қазақ тілінің қоғамдағы орны мен әлеуметтік қызметіне салауатты талаптар тіл білімі мен оны оқыту
әдістемесінің алдына жаңа міндеттер қойып отырғаны белгілі Оны осы тұста профессор: «Қазіргі жаңа
кезең – жаңа белестер тілдің адамдар арасындағы пікір алмасу құралы ғана емес, бүгінгі күн қажеттігін,
өмір сұранысын өтейтін, мемлекеттік мәртебені көтеретін, қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынас құралы
болумен қатар; XXI ғасырда өмір сүріп, өркениетті өз қолдарымен жасайтын, Қазақстан
Республикасының әлемдегі орнын айқындауға қатысатын, тіліміз
бен ділімізді, дініміз бен рухымызды
сақтауға ат салысатын жаңа ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге әсер ететін басты құрал есебінде де қызмет
ететіндігі естен шықпауға тиіс» деген өзінің орайлы ойымен дәлелдей түседі.
Мемлекеттік тілдің жағдайы мен оның дамуы бала-бақща мен мектептен басталып, арнаулы және
жоғарғы оқу орындарында жалғасып, одан әрі мекеме өндіріс орындарында ұштасып жататын үздіксіз
процесс. Өз ойын осы бағытта қорыта келе, профессор Ф.Ш. Оразбаева колледждер мен жоғары оқу
орындарында мемлекеттік тіл мұғалімдерін дайындау мәселесіне орай төмендегідей ұсыныстар жасайды:
1.
Педагог мамандардың біліктілігі мен кәсіби білімін жетілдіретін жоғары мектеп әдістемесін іс
жүзіне асыру;
2.
Басқа да тілді үйретудің тиімді, универсал әдістемесін игерген маман дайындауды іске асыру
үшін, осы саладағы бағыттар психология, педагогика, әдістемелік ілім негіздерін қамти келіп,
педагог
маманның кәсіби және тұлғалық қасиеттерін дамытуға ықпал ететін курстармен толықтырып отыру;
3.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік мамандықтар классификаторына «Қазақ тілінде
оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын» қайта енгізу;
4.
Тілді оқытудың универсалдық әдістемесімен таныстыратын нұскаулар жазылып, баспадан
шығарылып, онда оқытушының мақсаты, міндеттері айтылып, оған қойылатын талаптарды саралап,
мұғалімдерге нақты көмек көрсетіп отыру;
5.
Тілді үйретудің универсал әдістемесімен, жаңаша оқыту технологиясымен қаруланған авторлар
ұжымы жасақталып, олардың әр деңгейдің бағдарламасын тілдік қатынастың принциптеріне негіздей
отырып, біртұтас етіп дайындап шығауға жағдай жасау.
6.
Оқулық күрделі шығармашылық-педагогикалық әрекеттің жемісі бола тұра, тұтас, жүйелі,
ғылыми еңбектердің қатарына жатады. Осындай өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес оқулық жасау ‒ өте
жауапты да күрделі іс. Сапалы оқу жүйесі тілшілер мен әдіскерлерге оқулық теориясын анықтап, оның
басты қағидалары мен ұстанымдарын айқындауды, ғылыми тұрғыдан шешуді керек ететін, ғылым үшін
бұл кезек күттірмес мәселе екенін түсіндіру.
Осы
тұрғыдан келгенде, ғалым ұстар ұстаным бойынша, оқулықтар, біріншіден, тілі өте түсінікті,
қазақ әдеби тілінің нормасына сәйкес, тіл үйренушілердің логикалық ойлау дәрежесін ескере отырып,
жазылғаны ұтымды. Екіншіден, оқулықтарда бір сыныпта немесе келесі курстарда алдыңғы материалдар
сол қалпында қайталанбай, дамытылып, тереңдетіле берілгені жөн. Ғалым сонымен қатар, тіл
үйренушілердің қабілет ерекшеліктерінің әр уақытта назардан тыс қалмауын ескертеді. Осы орайда,
Ф.Оразбаева тілді меңгертудегі басты үш бірлікті ‒ ой ‒ тіл ‒ сөйлесімді бір-бірімен тығыз байланыста
қарастыру қажеттігін баса көрсетеді. Бұл үш бірліктің негізі әр алуан салаларды: педагогика, психология,
технология лингвистика, қоғамтану және тағы басқа пәндерді өзара тоғыстыра келіп,
оқытудың жаңа,
ұтымды жолдарын іздестіруді қажет етеді. Тіл – адамдардың өзара түсінісуін, пікір алмасуын қамтамасыз
ететін, іс жүзіне асыратын қатысымдық құбылыс, қатысым құралы ретінде қолданылатын біртұтас жүйе.
165
Қазіргі кезде адам факторын қарастырғанда жан-жақты жетілген, көп тілді меңгерген тұлғаның
қалыптасуына, оны тәрбиелеуге ерекше мән берілуде. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ тілінің алатын орны
айрықша. Өйткені қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Бұл тілді игеру ‒ мемлекет тұрақтылығына қызмет ету
болып табылады. Ғалым осы мәселені үнемі басты назарда ұстайды. Қазақ тіл біліміндегі тілдік
қатынастың теориялық негізін қалай отырып, оны оқытудың әдістемелік түрлі тәсілдерін де жүйелеп,
реттеп ұсынуы ғалымның интелектуалдық әлеуетінің зор екендігінің көрсеткіші деп тануымызға болады.
Тілді дамыту, оқыту, үйрету өзге ұлт өкілдері арасында насихаттау жолында қазақ халқының ұлттық
мәдениетін, дәстүрін, бай тарихын да сабақтастырып қатар алып жүруі ғалымның кәсіби шеберлігі мен
ғылыми тәжірибесінің озық екендігін дәлелдейді.
Қорыта келгенде, профессор Ф.Ш.Оразбаеваның жоғарыда айтылған оқытудағы қатысымдық бағыт
пен жаңа технологиялар туралы пікірлерінің де, оқу құралдарын дайындау мен мемлекеттік тілді оқыту
жүйесіндегі ұсыныстарының да жаңа талаптармен сәйкес келуі ‒ ғалымның білім жүйесіне жаңа
көзқараспен қарайтындығының, оның тиімді жолдарын нақты көрсетіп отырғандығын дәлелдейді.
Ғалымның осы бағытта жазған барлық еңбектері оқу-әдістемелік салада, жалпы білім беру жүйесінде
тілдің мәртебесін нығайтып, қолданыс аясын кеңейтуге үлкен үлес қосатын еңбектер екені айқын.
Достарыңызбен бөлісу: