174
мазмұнына мәтіндер, тілдік материалдар қарым-қатынас жағдаяттары, лексикалық, грамматикалық,
фонетикалық бірліктер жатады.
Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқыту әдістемесі ілімінде тілді үйретудің тиімді әдістерінің негізін
қалаған әдіскер-ғалымдар С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев, Н. Оралбаевалармен қатар Р.Ш.Оразбаеваның
еңбектерінде де жан-жақты зерттеле отырып, әдістеме ғылымына өзіндік жаңалығымен енді.
Ғалым Ф.Оразбаева: «Қазақ тілінде сөйлеуге үйрету арқылы оқытушы үйренушіге ойын қазақша
жеткізе білумен қатар, пікір айтуға, көзқарасын білдіруге де тәрбиелейді. Сөйлеуге үйрету – тілді жалаң
меңгеру емес, адамның жалпы ойлау қабілетін кеңейту, жетілдіру деген сөз» дейді [1].
Қазақ тілін оқыту әдістемесінде «тілдесім» ұғымын алғаш рет қолданысқа енгізіп,
жан-жақты
саралаған ғалым Ф.Ш.Оразбаева мынандай анықтама береді: «Тілдесім процесі жүрмей, оқыту да іске
аспайды. Өйткені оқытудың негізі – тілдік қарым-қатынас, сөйлесу, тілдесу. Сондықтан тілдесім – тіл
арқылы қарым-қатынас – барлық оқыту процесінің маңызды тірегі, қажетті шарты» [1].
Тілдесім әрекеті арқылы тілді кәсіби деңгейде үйретуде алға қойылатын басты мәселе студентті өз
саласы бойынша еркін қарым-қатынасқа түсуге үйрету. Ол үшін оқытушы түрлі тіл үйрету әдістеріне
жүгіне отырып, ізденеді. Мемлекеттік стандарт пен білім беру талаптарына сай материалдармен
толықтырып, өз білімі мен біліктілігін де үнемі арттырып отырады.
Осы орайда, сабақтың барысында әдіс-тәсілдерді қажетіне қарай қолданудың артықшылығы бар.
Мысалы, бір сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану сабақты түрлендіреді, қызықты өтуіне жол береді.
Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы түрлендіру студентті шаршатпайды, өз мамандығының төңірегінде тілдесуіне
мүмкіндік жасап, кәсібіне қызығушылығын арттырады.Оқыту әдістемесіндегі түсіндіру, жаттықтыру,
баяндау әдістерімен қатар, осы оқыту әдістерінің барлық түрлеріне қатысты ерекшеліктерді меңгерген
қатысым әдісі бар. Дәстүрлі әдістерді қолданудың тиімділігі ғылыми тұрғыдан әбден дәлелденген десек
те олардың атқаратын қызметі қатысым әрекетіне келіп тіреледі. Ол тіл үйренуші студенттердің сөйлеу,
тілдесу қабілетін дамытудағы ең тиімді әдістердің бірі.
Профессор Ф.Ш.Оразбаеваның ғылыми зерттеуінде ұсынған қатысым әдісімен оның принциптері
жоғары оқу орындарында қазақ тілін орыс аудиториясында қатысымдық тұрғыдан меңгертуде ең тиімді
әдіс екені әлдеқашан дәлелденген. Бұл әдістің маңыздылығы сол тілдесім әрекеті арқылы тілді меңгерту
барысында сабақтың құрылымы түгелдей сөйлеу қатысымына негізделеді. Сөйлеу процесінің негізінде
қатысымдық принциптер жатыр. Сөйлеу тілін дұрыс дамыту үшін
белгілі бір тілдік дағдылар
қалыптасады. Олар: сөздік қорының мол болуы, сөз, сойлем мағыналарын түсініп, сауатты байланыстыра
білу, сонымен бірге жазбаша сауаттылығын көтеру, жазбаша тілдесе білу дағдылары. Мұндай тілдік
дағдылар студенттің сабаққа деген белгілі бір әрекетінің қарқындылығы мен белсенділігін арттырады.
Қатысым әдісінің тілді оқытуда басқа әдістерге қарағанда өзіндік айырмашылығы бар. Қатысым әдісі
тілді оқыту саласындағы әдістердің жиынтығы себебі ол сөздің қолданылу ерекшеліктері мен
мағыналарын түсіндіреді, тілдің грамматикалық құрылысын меңгертеді. Тіл үйренушінің тілдесім
арқылы сөз байлығы дамиды, дұрыс сөйлеу қабілеті артады, тілдік тұлғаларды дұрыс оқып жазуды
игереді, олардың тілдік қарым – қатынас шеберлігі өз мамандық саласы бойынша қалыптасады.
Техникалық жоғары оқу орындарында мамандыққа қатысты кәсіби тілді тілдесім әрекеті арқылы
оқытуда қатысымдық әдісті қолдану тікелей байланыс бойынша оқытушы мен студенттің қарым –
қатынасының негізінде қалыптасады. Сабақтың барысында екі жақтан бірдей болатын тілдік қарым –
қатынас арқылы, яғни тіл үйренуші мен тіл үйретушінің, берілген тапсырмаларды орындауы, өз бетінше
жұмыс істеуі, екі жақтан болатын іс – әрекеттің нәтижесінде байланыс жүзеге асады. Ондай байланыс тек
сабақ арқылы жүргізілмейді, ол күнделікті өмірде де жүріп жатады. Бір студенттің
екінші студентпен
мамандық саласындағы пікірлесуі, сөйлесе білуі, кәсіби тақырыптық қарым – қатынаста қалыптасады.
Студенттің өз мамандығына байланысты сөйлесіп, түсінісуінде адамның жеке қабілетін ескеруді
негізге алу керек. Олардың жеке басына тән тілді тілдесім әрекеті арқылы меңгерудегі барлық қасиеттерін
жан – жақты қарастырып, олардың үнемі байланыста болуын қадағалап отыру қажет. Ол үшін
жаттығулар мен тапсырмалар студенттің ынтасына қарай ұйымдастырылып берілгені өте жақсы.
Мысалы, мәтіндік тапсырмалар, сұхбаттар, мультимедиялық, интерактивті тақта кабинетіндегі
тақырыптық тапсырмаларды түрлендіріп беріп отыру арқылы тілді қатысымдық тұрғыда меңгертуге
болады.
Болашақ маманды кәсіби тілде тілдесім әрекеті арқылы сөйлеуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың
түрлерін
айқындау, жаттығулар мен тапсырмалардың жүйелілігін қадағалау, олардың қызметін
анықтауды қажет етеді. Сабақ барысында қолданатын қатысым әдісінің жұмыс түрлері екі адамның бір-
бірімен тікелей қарым-қатынасы, тіл үйренуші мен тіл үйретуші арасындағы бетпе-бет байланыс. Кәсіби
бағытта тілдесім - әр түрлі материалдарды меңгеру, алғашқы кезеңге қатысты қажетті сөздік құрамды
жан-жақты пайдалана отырып тілдесу, пікірлесу. Кәсіби бағдарлық тілдесім айтылған ойдың адамға
175
түсінікті болып, екінші адамның оған өзіндік пікірі қалыптасатындай қабылдауына мүмкіндік жасауын
қажет етеді. Тілдесім әрекеті арқылы студенттер екеуара, үшеуара, топ болып бір-бірімен қарым-
қатынасқа түседі. Сөйтіп, қатысым әдісін қолдана отырып, ортақ тақырыпта әңгіме-дүкен құрып, тілдесім
әрекетін іске асырады. Мысалы, оқытушы мамандыққа қатысты бір сөз айтады. Бірінші студент осы сөзге
байланысты бір сөйлем құрайды. Келесі студент осы сөзге
байланысты тағы бір сөйлем
құрайды.Осылайша бірнеше студент тілдесім арқылы шағын мәтін құрап, мамандығына қатысты сөздік
қорын толықтырады. Осылайша студент тілдесім арқылы мамандығына қатысты қарым-қытынасқа түсіп,
байланыстыра сөйлей білуге, ақпаратты тыңдай отырып, тілдік қарым-қатынаста пайдалана алуға, өз
пікірін нақты білдіруге үйренеді.
Студенттерге мамандыққа қатысты жаңа сөздермен әңгіме құрастыру тапсырмасы берілсе, сабақтың
ұйымдастыру кезеңінен бастап мамандыққа қажетті сөздер, сөз тіркестері, сөйлем үлгілерін қатысым
арқылы жүзеге асыра алады. Берілген әңгіме құрастыру тапсырмасы ары қарай сөздікпен жұмыс,
аударма
тапсырмасына, интерактивті тақтада өз бетімен жұмыстарды орындауға ұласады. Тілдік қарым –
қатынасты сауатты меңгертуге байланысты берілетін сөздікпен жұмыс, мәтіндік жұмыс, аударма
жұмыстарының бәрі де сабақта өз нәтижесін береді. Тілді тілдесім әрекеті арқылы меңгертуде барлық
жұмыстарда қатысымдық әдісінің жүзеге асуы үшін қажетті тілдік тұлғалардың түрленіп, әр түрлі
жағдайда өзгертіліп отыруы қажет.
Тілді тілдесім әрекеті арқылы үйренген алғашқы кезеңде-ақ қарым-қатынасқа түседі, ал белсенділігі
жоғары болған жағдайда сөздік қорын байытады, лингвистикалық, аутентикалық материалдар арқылы
үйренушілер өзінің бар білімін дамытады. Болашақ маман иесі түрлі жағдаяттарға қатысты мәселелердің
шешімін табуда жеке пікірін білдіріп, жоғары белсенділік көрсете алады. Шаршы топ алдында сөз
сайысына түскенде, қарым-қатынасқа түсіп, сөйлеуге тілдесуге үйренеді. Басқадан естіген сөзін жадында
сақтап, келешекте пайдалана отырып, өмірдегі қарым-қатынасты дамытады. Мұндай қарым-қатынас
тілдің икемділігін орнықтырады.
Қатысым әдісі тілдік таным, қатысымдық танымды тудырады. Ол
адамдардың қатынасының негізі болып саналады. Екеуара және топ болып бір мақсатқа жету үшін,
шешім қабылдау үшін, бір-бірімен тілдеседі, келіседі. Белгілі бір тапсырманы дұрыс орындауда, одан
жоғары нәтиже шығару бағытында үйренуші дербес қабілетін пайдаланып, қарама-қарсы адамнан да
қатысым арқылы өзіне қажетті мәлімет алады.
Қорыта келсек, қазақ тілін тілдесім әрекеті арқылы меңгертуде қолданылатын қатысымдық әдіс
ізденушіні талаптандырады, алдына қойған мақсат-міндеттеріне жетуіне ұмтылдырады.
Достарыңызбен бөлісу: