Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет141/181
Дата27.05.2023
өлшемі4.33 Mb.
#474356
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   181
1 2019

 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. 
З.Бейсембаева. Сөзжасамды оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері. ‒ Алматы: РБК,2000. 
2. 
Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. ‒ Алматы: РБК, 2000, -207 б. 
3. 
.Подласый И.П. Педагогика. ‒ Москва: Новый курс, 2000. ‒ 190 с. 
 
 
 
ТІЛДІК ҚАТЫСЫМ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 
Найманбай А.Р. 
ф.ғ.к., доцент,
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 
Нұр-Сұлтан, Ainura-1978@mail.ru  
Түйіндеме: Мақалада тілдік қарым-қатынас, қазақ тілінің даму тенденциясы мен оқу процесі, сонымен 
қатар оқытудың жаңа дидактикалық қағидалары талданады. Сондай-ақ ғалымдардың осы тақырыптағы 
пікірлері. 
Тірек сөздер: әдіс, психология, дидактика, таным, ойлау. 
 
Аннотация: В статье анализируются языковое общение, тенденции развития казахского языка и 
процесса обучения, а также новые дидактические принципы обучения. А также мнения ученых по 
указенному тему. 
Ключевые слова: метод, психология, дидактика, познание, мышления. 
Annotation: The article analyzes the language communication, the development trends of the Kazakh 
language and the learning process, as well as new didactic teaching principles. As well as the opinions of scientists 
on this topic. 
 Keywords: method, psychology, didactics, cognition, thinking. 
Ұстаздық – тағылымы терең шеберлік өнері. Көрнекті ұстаз, ғалым, әдіскер, ардақты ана, ҚР ҰҒА 
коор. мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оразбаева Фаузия Шамсиқызы бүкіл 
саналы ғұмырын білім жолы мен ғылыми ізденістерге, жас ұрпақтың рухани сусындауына арнап келеді. 
Ғалымның әдістеме мен тілдік қатынас аясындағы еңбектері еліміздің барлық ЖОО-да қолданылуда.
Ұлт зиялылары, әдіскер-ғалымдар А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, А.Айғабылов, Х.Арғынов, 
Б.Шалабаев, Т.Қордабаев, А.Жаппаров сынды тұлғалардың еңбектерінен бастау алған «әдіснама», 
«мәтінтану» мәселесі бүгінгі күні дербес сала болып қалыптасты. Ф.Оразбаева бірнеше ғылыми 
мақалалар мен оқу құралдарының, монографиялардың авторы. Бірнеше жылдардан бері елімізге танымал 
ғалымдар Х.Арғынов, С.Рахметова, Т.Әбдікәрімова сынды тұлғалармен авторлық бірлікте оқулықтар 
жазып жүр. 
Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050. Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа 
саяси бағыты» атты қазақстан халқына Жолдауында оқыту әдістемелерін жаңғырту мен отандық білім 
беру жүйесінде инновациялық әдістер мен құралдарды қарқынды енгізуге, оңтайлы шешу жолдарын 
қарастыру туралы айтып, болашақтағы орындалу межесін көрсеткен болатын [1, 5]. 
Тәрбие мен білім беру – егіз ұғым. Қазақ тілі – басқа пәндерді оқытудың негізгі тетігі болып саналады. 
Ана тілінің басқа пәндерден айырықша басымдықтары бар. Ол ерекшелік ана тілінің білім жүйесіндегі 
белгілі бір пән ғана емес, сонымен қатар барлық басқа пәндерді оқып-үйренудің бірденбір құралы 
екендігінде. Осы себепті ана тілін оқытудың сапасы оқушылардың тек осы пән ғана емес, басқа барлық 
оқу пәндері бойынша алатын білімдерінің деңгейіне ықпал етеді. 
Қазақ тілін оқыту әдістемесі тілдің адам өміріндегі, қоғамның әлеуметтік дамуындағы маңызы, тіл 
мен сана, сөз бен ойлау арақатынасы туралы лингвистикалық, психологиялық қағидалар сүйенеді. Ол тіл 
үйренушілердің дұрыс ойлау, дұрыс сөйлеу, бір-бірінің сөзін дұрыс түсіну, ауызша да, жазбаша да ойын 
дұрыс, жүйелі жеткізе білу қабілетін дамытып, қажетті дағдыларын, білігін, жеке тұлға ретінде дүниеге 


186 
көзқарасының, дүниетанымының негізін қалыптастыру жолдарын қарастырады. Бұлар – оқу процесінің 
құрамдас бөліктері. Мұның өзі қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде бірнеше ғылым 
салаларымен тығыз байланыста, пәнаралық сипаты басым ғылым екендігін ұғындырады. 
Адамның ойы тек тіл арқылы ғана нақтыланып, түсінікті қалыпқа енеді. Тіл мен сананың, сөйлеу мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет