187
индивидуалды-биологиялық жақтар ұштасып, бір-бірімен бірлікте болады. Осы бірліктен тіл мен
ойлаудың жалпы ерекшелігі көрінеді. Ой – тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы,
адам миының сәулелендіруші әректі арқылы тілдік единицалар объективті дүниенің
заттары мен және
құбылыстары мен байланысқа түседі, мұнсыз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы қатынас жасауы мүмкін
болмаған болар еді. Белгілі бір тілдің дыбыстық комплекстері ойлауда сәулеленетін обьективті дүниенің
элементтерінің сигналдары ретінде қызмет етеді де, бұл дыбыстық комплекстерде адам танымының
нәтижелері орнығып бекітіледі. Ал осы нәтижелердің өзі ары қарай танып білуге негіз болады.
Сондықтан да тіл ойлаудың қаруы ретінде сипатталады.
Қазақ тіл ғылымында тіл мен сөйлеуге қатысты мәселелер толыққанды зерделенген. Сөйлесім әрекеті
тек сөйлеу мүшелерінің қызметіне ғана емес, ойлау мен пайымдаудың, сана мен мидың да ерекшелігіне
қатысты. Бұл тұрғыда ғалым Т.Қордабаев былайша тұжырымдайды: «Сөйлеу дегеніміз – тілді қатынас
жасау процесінде өз ойын басқаларға білдіру, басқаның ойын білу мақсатында қолдану деген сөз. Сөйлеу
тілдік материалдар арқылы болады және тілдік заң-ережелерге, тілдік нормаға бағынады. Тіл мен сөйлеу
ажырамас бірлікте» [5, 87].
Сөз – лексикалық және грамматикалық жағынан да, сөзжасам түрғысынан да жан-жақты зерттеліп
келе жатқан тілдік тұлға. Тілдік қатынастың дыбыс арқылы айтылуы және әріп арқылы таңбалануы
лингвистикада ауызша және жазбаша тілдік қатынастар деп те айтылады. Осы тұрғыдан келгенде, тілдік
қатынасты дыбыстық және графикалық таңбалардың әмбебап жүйесі деп танысақ, онда тілдің таңбалар
жүйесі тілдік қатынастың ауызша түрі, болып табылады. Тілдік таңбалар жазылу арқылы көзге көрінеді,
ал дыбысталуы (немесе айтылуы) арқылы естіледі. Бұл екеуі де тілдік қатынастың жүзеге асуы үшін
қызмет етеді.
Қатысымдық бағыттағы оқу үдерісіне басты қатысушылар – оқытушы мен тіл үйренуші. Оқытушы –
тіл үйренушінің әрекетін бақылаушы, түсіндіруші, ақыл-кеңес беруші, реттеуші, ал тіл үйренуші – қарым-
қатынасқа түсуге бар қарқынымен ұмтылушы, ізденуші, белсенді әрекет иесі.
Олардың арасындағы
субъект-субъектілік қатынастар ынтымақтастыққа және тең құқықты сөйлеу серіктестігіне негізделеді.
Тіл үйренушінің іскерлік, белсенділік, өзіндік шығармашылығының негізгі факторы – оның мықты оқу
уәждемесі, өзіндік терең пайымдауы мен дәлелі. Оқытушы ұйымдастыратын сөйлеу әрекетінің түрлері тіл
үйренушінің қатысымдық қажеттілігіне қарай уәждеме туғызуға бағытталуы тиіс.
Қатысым әрекеті арқылы сөйлеуші бір хабарды, ақпаратты ауызша баяндап, екінші біреуге түсінікті
етіп жеткізеді. Оқушының қазақ тілінде ойын ауызша жеткізе білуге үйрету үшін, ең алдымен, өмірде оны
екінші адаммен түсінісе біліп, ойын ауызша жеткізіп қана қоймай, оған жауап ала біліп, ұғынысып, тілдік
қарым-қатынасқа түсе білуге үйрету керек. Өз ойларын ашық айта білетін азамат тәрбиелеу [2].
Қатысым әрекеті кезінде жазуда қарастырылмайтын интонация, дикция, сөйлеу мәнері секілді тілдік
амалдар ескеріледі. Сөйлесім әрекетінің бұл түрі көп жағдайда ым-ишара, бейвербалды амалдармен
толықтырылады. Айтылымда сөйлем құрылысы, өрістетіп айтылу жақтарына қатаң талап қойылмайды.
Яғни инверсия – айтылымға тән құбылыс. Айтылым монолог және диалог арқылы жүзеге асады. Қарым-
қатынас үдерісінде сөйлеушілер өздерінің ойларымен және сезімдерімен алмасады, бір-бірін жете танып,
ашыла түседі, тілді одан әрі тереңірек меңгеріп, ойларын толығырақ жеткізсем деген қызығушылықтары
артады. Сонымен қатар тілдік құралдарды есте сақтап, оларды қолдану заңдылықтарын меңгереді.
Қарым-қатынас барысында адамдардың арасында өзара ақпарат алмасу жүзеге асырылады. Бұл жерде
қарым-қатынасқа түсушілердің әрқайсысы үшін ақпараттың маңыздылығы үлкен рөл атқарады себебі
«...адамдар өзара сөз алмасып қана қоймайды, сондай-ақ, ортақ мәмілеге келуге тырысады» [4]. Ал
адамдардың ортақ мәмілеге келуі ақпарат
жай қабылданып қана қоймай, терең сезілгенде ғана жүзеге
асуы мүмкін. Сол себепті «кез-келген коммуникативтік үдеріске іс-әрекет, қарым-қатынас, таным үшеуі
бірге кіреді» [6].
Қазақ тілін жаңаша технологиямен оқыту – тіл үйренушілердің шығармашылық қызметін, сапалы
білім ала білуін қалыптастыратын ізденіс. Тіл үйренушінің саналылығы қазақ тілінің төл дыбысының,
сөзінің сөз тіркесінің, сөйлемнің өзіндік болмысын танып-білу барысында ғана және сол үшін ғана емес,
жүйе теориясының заңдылықтарын ғылымның барлық саласында қолдану жолдарын меңгеру қажет
екенін түйсігімен түйсінуі барысында ғана қалыптасады. Бұл ретте оқытушының дұрыс қойған талаптары
мен тапсырманы орындау алгоритмдерінің бірізді тәртіптелген жүйесі оқушыны саналылықпен білім
алуға дағдыландырады. Тіл үйренушінің саналылықпен білім алу ұстанымы толыққанды жүзеге асуында
келесі ұстаныммен табиғи байланысты болуы үлкен рөл атқарады. Функционалды сауаттылық пен
коммуникативті дағдыларды қалыптастыруда оқылым дағдысын жүзеге асыру кезінде тиімді әдіс-
тәсілдердің мол екенін ажыраттым. Сол әдістер арқылы тіл үйренуші қажетті ақпаратпен танысып, оны
өзінің тәжірибесінде
пайдалануды негізге алатынын, оқылым арқылы тіл үйренушінің танымы
188
кеңейетінін, ойлау жүйесі дамитынын түсіндім. Оқылымға негізделген сабақтарды тиімді құру сын
тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.
Сөзімізді түйіндеп айтар болсақ, оқытудағы белсенділік – тіл үйренушінің әрекеттік және тұлғалық
сипатын қалыптастырып келеді. Ғалым, профессор Ф. Оразбаеваның қатысымдық теориясының қазақ
тілін үйретудегі маңыздылығы туралы ой-пікірлері мен ғылыми еңбектері бүгінгі білім көкжиегіндегі тіл
үйренушіге ұсынылатын тапсырмаларды қорытындылап, өз септігін тигізуде. Сондай-ақ жаңаша
дидактикалық бағыттағы әдіс-тәсілдердің де тәжірибесі мол деп бағамдаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: