Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет145/181
Дата27.05.2023
өлшемі4.33 Mb.
#474356
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   181
1 2019

Пайдаланылған әдебиеттер:
 
 
1. 
Оразбаева Ф. Ш. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. – Алматы: РБК, 2000. -207б.
2. 
Дьяченко В.К. Сотрудничество в обучений. – М.: Просвещение, 1971. -191 с. 
3. 
Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говарению. – М.: 
Просвещение, 1985. -208с. 
4. 
Артюнов А.Р. Коммуникативный интенсивный курс РКИ для заданного контингента 
учащиехся (мет. пособие). – М. – 1989, -97с. 
 
 
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ 
ҚАТЫСЫМДЫҚ БАҒЫТТА МЕҢГЕРТУ 
Жамашева Ж.Р.
п.ғ.к., М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 
Түйіндеме: Бұл мақалада қатысымдық бағыттың қашықтан оқыту әдістемесіне қатыстылығы туралы 
қарастырылады.
Тірек сөздер: қатысым, қашықтан оқыту, әдіс. 
Аннотация: В данной статье рассматривались вопросы относительности коммуникативной 
напрпавленности к методике дистанционного обучения. 
Ключевые слова: коммуникация, дистанционное обучение, метод.
Annotation: In this article the questions of relativity of communicative orientation to the of distance learning 
methodology were considered.  
Keywordscommunication, distance learning, method.
Жалпы әдіс деп оқыту мақсаттарына жеткізетін қызметті ұйымдастыру және реттеп жүзеге асыру 
барысында оқытушы мен білім алушылардың өзара іс-қимыл нормаларының жүйесі туралы теориялық 
түсінікті беруші дидактикалық санатты айтамыз.
Теориялық біліммен қоса оны практикалық тұрғыда нақтылау іс қағаздарын меңгерту әдістерінсіз іске 
асырылмайды. Құжаттарды оқыту, байқау және анықтау мүмкіндіктері оқытудың тиімді әдістерін 
айқындауға әкеледі. Іс қағаздарын оқытуда әдістерді жүйелі жүргізу оңды нәтижелерін берері сөзсіз. 
Қазақстанда оқыту әдістері туралы өткен ғасырдың басында-ақ А.Байтұрсынов [1], С.Қазыбаевтар [2] 
өздерінің нақты тұжырымдарын айтып кеткен. Одан кейінгі оқытудың тиімді әдістері әдіскер - ғалымдар 
Х.Арғынов [3], Д.Әлімжанов пен Ы.Маманов [4], Н.Оралбаева мен К.Жақсылықова [5] т.б. көптеген 
ғалымдар еңбектерінде көрініс тапқан. Сонымен бірге жаңашыл - педагогтар Қ.Бітібаева, 
Б.Қанияхметова, Қ.Айтқалиев, Ы.Ырысбаевалар сабақты өз уақытындағы өмірге лайық, жоғары деңгейлі 
педагогикалық идеяларымен сабақ жүргізе білді.
Кейінгі жылдарда қазақ тілін оқыту әдістемесі өте қарқынды дамыды. Ғалым-әдіскер 
Ф.Ш.Оразбаеваның «Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі» атты зерттеу жұмысы [6] көптеген 
ұстаздарға қазақ тілін оқытудың жаңаша жолдарын іздестіруге, болашақ ұрпаққа, мамандарға өмір сүріп 
отырған заман талабына сай білім беруге ынталандырды. Тың ізденістерге талпындырды. Соның 
нәтижесінде Р.Рахметова [7], Г.Бейсенбекова [8], Н.Шадиева [9], С.Нұрғали [10], К.Мухлис [11], т.б. қазақ 
тілін оқытудың әр қилы әдістерін ұсынып, олардың кәсіби мамандықты қазақ тілінде сапалы игеруге 
әсерін тигізетіндігін эксперимент жүргізе отырып, дәлелдеді. 
Ф.Ш.Оразбаева өз еңбегінде қазақ тілін оқытудың қатысым әдісін ұсынады. Оларды сөйлесім, 
жазылым, оқылым және тыңдалым әрекеті арқылы оқыту әдістеріне бөледі. Әрі қатысым әдісінің тіке 
байланыс, адамның жеке қабілетін ескеру, сөйлеуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін 


196 
айқындау, сатылап даму, динамикалық өзгеру және өзектілік принциптері негізінде жүзеге 
асырылатынын көрсетеді [6;122 б.]. 
Р.Рахметова оқыту әдістерінің бес түрін береді: 
1. 
Орындау; 
2. 
Репродуктивтік; 
3. 
Практикалық; 
4. 
Ішінара-әзденіс; 
5. 
Ізденіс [7 ;53 ] 
Ал әдіскер Г.Бейсенбекова қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқытуда оқылым әрекетінің түрлері мен 
өзіндік ерекшеліктерін автор мәтін негізінде қарастырып, қазақ тілін үйретудің тиімді әдістерін ұсынады 
[8;46-79]. 
К.Мухлис өз еңбегінде қазақ тілі мәтіндерін компьютермен оқытудың мәтінді талдап оқыту, білімді 
бағалаудың тестік және рейтингтік әдістерін жан-жақты береді [11-110]. 
Бүгінгі техниканың ең жоғары сатыда дамуы кезінде жас буын өкілдерін оқыту − аса маңызды да 
күрделі іс. 
Жас ұрпақ қазір жаңа ақпаратты технологияның кез келген құралдарының тілін біліп, одан көп 
мағлұмат алады.Олар көп ақпарат алғысы және терең білгісі келеді. Осы сұраныс мүддесінен шығу үшін 
қашықтан оқыту технологиясы туындады. Енді жоғары оқу орындарында қазақ топтарына мемлекеттік 
тілде іс қағаздарын оқытуды қандай әдістер арқылы жүзеге асыру керек? Тиімді де қызықты әдістері бар 
ма? Осы сауалдарға жауап ретінде өзіміз күні бүгінге дейін жүргізіп келген бірқатар әдістерді ұсынып 
көрейік. 
Ресми іс қағаздары − нақты фактілерді дәл көрсетіп, бір ізбен жүйелі жазуға негізделген ерекше 
қатынас жасау құралы. Осы қатынасты жүзеге асыру үшін білім алушылардың іс қағаздарына тән барлық 
ерекшеліктерді игерулерін талап етеді. Жалпы қашықтан оқыту технологиясының әлемдік даму 
тәжірибесінде, қашықтан оқыту дәстүрлі әдіс-тәсілдер негізінде дамиды. Бізде өз тәжірибемізде еліміздің 
озық әдістеріне сүйенуді жөн көрдік. Қашықтан оқыту технологиясы арқылы іс қағаздарды мемлекеттік 
тілде оқытуда – қатысымдық бағытта менгерту тілге деген әлеуметтік сұраныс. 
Негіз етіп отырған қатысымдық бағыттың қашықтан оқыту әдістемесіне қатыстылығы қашықтан 
оқытуда да, түрлі телекоммуникациялық байланыстар арқылы қатынастар орнатылуында.
Ф.Ш.Оразбаева “Коммуникативный метод” “коммуникация” сөзімен байланысты шыққандығын атап 
өтеді.
Барлық тілдік қатынастар сөйлесім әрекеттерінің оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім 
қашықтан оқытуда іске асатындығы бізді қызықтырды. Тікелей сөйлесім әрекеттері орнайды, дыбыстық 
қатынас та, таңбалық қатынас та қашықтан оқытуда іске асатындығы анық. 
Олар: 
1.Гипермәтінді тапсырмалар беру арқылы – оқылым, жазылым әрекеттері іске асады; 
2. 
Аудио немесе бейнетаспалар, бейнефильмдер арқылы оқу материалдарын ұсыну арқылы – 
тыңдалым әрекеті іске асады; 
3.Интерактивті тақтаның көмегімен дәрістер оқу үстінде – айтылым, тілдесім әрекеттері іске асады; 
4. 
Компьютер арқылы оқыту кезінде – оқылым, жазылым әрекеттері іске асады; 
5. 
Теледидарлық телеоқулар уақытында – тыңдалым; 
6. 
Тест тапсырмаларын беру - оқылым, жазылым әрекеттері; 
Бұлардың бәрі мемлекеттік тілде іс қағаздарды қашықтан меңгертуде іске асады және жаттығу 
жұмыстарын, тапсырмаларды тыңғылықты орындау білімгерлердің сөздік қорын байытуға, кез келген 
жерде құжаттармен жұмыс істей алуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар іс қағаздарын дұрыс толтыру 
әдістерімен, жазу стилімен қызмет барысында қажетті білім негіздерімен қамтамасыз етеді. Іс 
қағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі біртектес сөздері, қалыптасқан сөз орамдары, құжат 
мәтінінде орын алған белгілі стандартты сөйлемдері болады. Сондықтан сабақ беру үрдісінде 
қолданылатын әдістер қазақ тілінде іс жүргізудегі өзіндік ерекшеліктерге және нормативтерге 
байланысты құжат үлгілерін меңгеруге, іс қағаздарын дұрыс әрі сауатты толтыруға көмегін тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет