204
мазмұны және маңызды міндеті» ретінде қарастырылады (С.Л. Рубинштейн). Дағдыны анықтауға
түрлі тұрғыдан келеді: қабілетке, ептілік синонимына, автоматтандырылған әрекетке. Неғұрлым кең
таралғаны- дағдыны көп рет қайталанған, мақсатты жаттығулар
нәтижесінде нығайтылған,
мүлтіксіздікке жеткізілген әрекетті атқару ретіндегі анықтамасы. Ал «XXI ғасыр дағдысы» деген
ұғымның мағынасын осы анықтама толықтай аша ма? Осы тұрғыда ғалым-әдіскер Ф. Оразбаева
анықтаған «тілдік қатынас» ұғымын қазіргі кездегі білім жүйесіндегі дағдының баламасы ретінде
қабылдауымызға болады.
«Тілдік қатынас(ТҚ)-адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну,
айту, пікірлесу т.б. әрекеттеріне тікелей қатысты құбылыс»[1,3]. Жаңартылған білім
бағдарламаларында оқыту нәтижесі оқу мақсаттары түрінде белгіленіп, оқу пәндерінің мазмұны
профессор Ф. Оразбаеваның «тілдік қатынас арқылы әлемді тану
барысында тілді тұтынушыда
коммуникативтік құзырет мәселесі алға шығады»[2,273] деген концепциясына сәйкес таңдалып
алынған. Сөзіміздің дәлелі ретінде оқу бағдарламаларынан айғақтар келтірейік:
•
«Оқыту мақсаттары арқылы мұғалімдер сөйлеу қызметінің төрт дағдысын (тыңдалым,
айтылым, оқылым, жазылым) қалыптастырады, сонымен қатар, оқушылардың жетістігін бағалайды
және оқытудың келесі кезеңі туралы ақпарат береді»[3].
•
«Оқыту пәнінің мазмұнын 4 бөлім құрайды:
1) тыңдалым;
2) айтылым;
3) оқылым;
4) жазылым»[3].
Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір-бірімен тығыз
байланысты. Айталық, қарапайымнан күрделіге қарай шиыршық бойымен дамып, өрлей түскені жай
ауызекі тілде ғана ойын жеткізуден, күрделі мәтіндер құра білу дағдылары шыңдалып, тілдік
құзыреттіліктері шыңдала түседі.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы(ЭЫДҰ) әзірлеген құзыреттерді анықтау мен
іріктеу жобасының шеңберінде жасалған құрылым негізінде құзырет «жай ғана білім мен дағдыдан
анағұрлым күрделі. Ол белгілі бір жағдайларда психологиялық ресурстарды
оның ішінде дағдылар
мен өмірлік ұстанымдарын жұмылдыра және соған сүйене отырып, күрделі міндеттерді шеше білу
қабілетін қамтиды. Мысалы, тиімді қарым-қатынас құру қабілеті жек адамның тіл білуіне,
ақпараттық технологиялар саласындағы тәжірибелік дағдыларына және өзгелермен қарым-қатынас
жасауына сүйенетін құзыреттерді айтамыз»[4,95]. Міне, зер салып қарасаңыз, жаңартылған білім
бағдарламаларында әлемдік білім стандартына сай қарым-қатынастағы тілдік дағдылар оқыту
нәтижесі, құзыреттілік ретінде алға тартылған.
Сонымен жаңартылған білім мазмұнын құрайтын ғалым-әдіскер атап көрсеткен тілдік бірліктерге
тоқталайық:
«Тыңдалым-яғни аудирование-соңғы жылдары көп сөз болып жүрген
және оқу процесінде
кеңінен орын алған маңызды сөйлесім әрекетінің бірі. Бұл атаудың ең басты мәні- адамдар
арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асыратын тілдік бірліктерді тыңдау, есту арқылы қабылдау
және ұғу»[2,286]. Тыңдалым негізінен қадағалау қиынға түсетін дағды. Сондықтан бұл іс-әрекетте
тыңдалымалды және тыңдалымнан кейінгі жұмыс түрлерінің алатын орны зор. Тыңдалым
мақсаттары да әртүрлі болады: мәтіннің мазмұнын, идеясын түсіну үшін тыңдау, мәтіннен үзінділер
тыңдау, нақтылы ақпараттар алу үшін тыңдау т.б. Бағдарламада «Тыңдалым» бөлімі келесі
бөлімшелерден тұратындығы айтылады:
1) болжау;
2) назарын шоғырландырып тыңдау;
3) сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну;
4
) көркем шығармаларды тыңдау;
5) негізгі ойды анықтау;
6) тыңдалым материалдары бойынша жауап беру.
«Айтылым-адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлесім әректінің бір түрі.
Ол-тілдік қарым-қатынас барысында адамның
өз ойын жарыққа шығару процесі, өз сөзін екінші
біреуге ұғынықты етіп жеткізуі»[2,292]. «Айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) сөздік қорының алуандығы;
2) сөз мәнері мен сөйлеу этикеті;
3) орфоэпиялық нормаларды сақтау;
4) мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау;
205
5) сенімді және еркін жауап беру;
6) визуалды материалдар арқылы тілді дамыту[3].
«Оқылым-графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің мағынасы
мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, сауатты дұрыс, мәнерлеп, ұғынықты
оқу және одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу»[2, 278]. Бағдарламада аталған оқылым
талаптарын орындау үшін профессор Ф. Оразбаева атаған зерделік оқылым, ізденімдік оқылым,
көрсетімдік оқылым, аналитикалық оқылым түрлерін мақсатқа сай қолдану тиісті нәтиже берері
анық.
«Жазылым-тілдік бірліктердің графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген; лингвистикалық,
психологиялық, физиологиялық, әдістемелік ерекшеліктерге қатысты
тілдік материалдың мазмұны
мен формасын бірдей қамтитын, адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын
күрделі тарихи әрекет»[2, 282]. Жазылым әлемдік білім стандарттарындағы «сауаттылық» ұғымымен
тығыз байланысты. ЮНЕСКО-ның ұйғарымы бойынша «сауатты адам» деп өз ой-пікірін А4
форматындағы екі беттен кем емес көлемде қағазға түсіре білетін адамда айтады екен. Яғни, адам екі
беттік эссе жаза алса, онда ол сауатты болып есептеледі. Сондықтан да жаңартылған білім мазмұны
аясында кез келген пәнде эссе жазу оқу талабы ретінде қойылған.
Ойды еркін, түсінікті, анық, толыққанды жеткізе алу дағдысы функционалдық сауаттылыққа да
жатады. Функционалдық сауаттылық оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін және
оқушылардың өнімді жұмысының көрсеткішін білім деңгейі ретінде қарастырады. Бұл деңгей
өмірдің әртүрлі салаларындағы тапсырмаларды шешуде мектептік білім мазмұнының қолданбалық
сипатына және оқушының игерген біліміне негізделеді[5,3]. Функционалды сауатты адам қоғамның
құндылықтарына сәйкес қоғамдық ахуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Осы
тұрғыда біздің жағдайымызда функционалды сауатты адамның сипаттарын былайша белгілеуге
болады: қоғамдық ортада өмір сүре білетін,
тіл табыса білетін, өмірлік жағдаяттарда іс-әрекеттер
жөнінде нақты және қысқаша сөйлеу қабілеттерімен ерекшеленетін адамды айтуға болады.
Функционалдық сауаттылық әсіресе жазылым іс-әрекетінде байқалады. «Жазылымның өзгешелігі:
бір қарағанда мұнда қатысымдық байланыс жоқ сияқты болып көрінуі мүмкін. Өйткені тіл үйренуші
азды-көпті ойын қағазға түсіреді, бірақ онда екінші адаммен тікелей тілдесу іске аспайды.
Жазылымның қиындығы да осында: жазу үстінде адам ойын тиянақты, жүйелі, бас-аяғын түгендеп;
басқа біреуге ұғынықты болатындай етіп, екінші адамға ыңғайлап жазады, тілдік қарым-қатынастың
жазбаша түріне бейімдеп орындайды. Тұжырымдап айтқанда, жазу оны жазған адамның ыңғайынан
гөрі, жазуды оқитын, қабылдайтын басқа, екінші біреудің ыңғайына қарай, екінші адамның талап-
тілегін ескеріп, сол үшін де жазылады»[2, 285]. Бұған біздің алып-қосарымыз жоқ. Тек жаңартылған
білім мазмұнын игертуде жазылымның осындай табиғатын білу білім алушыға да,
білімді
үйлестірушіге де қажетті де құнды мәлімет.
Бұдан басқа ғалым Ф. Оразбаева анықтаған тілдесім әрекеті жаңартылған білім
бағдарламаларында арнайы аталмаса да оқу мақсаттарының түпкілікті нәтижесін байқататын ерекше
құбылыс. Басқаша айтқанда қазіргі білім саласындағы басты талап диалогты оқытуды ұйымдастыру
мен жүргізу осы тілдесімді жүзеге асыру болып табылады. Философ М.М.Бахтиннің пікірінше,
«Өмір өз табиғаты бойынша диалогтік құбылыс.Өмір сүру дегеніміз-диалогке қатысу: сұрау, тыңдау,
жауап беру, келісу және т.с.с.». Диалог-сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады.
Біз мақаламызда қазіргі оқытудың артықшылығы оның методологиялық негізі іс-әрекет
теориясына негізделіп құрылғанын сипаттадық. Қорыта келгенде, жаңартылған білім мазмұны
коммуникативтік құзырет ұстанымына сай құрылған десек, бұл мәселенің теориясы мен тәжірибесі
профессор Ф. Оразбаева еңбектерінде толықтай қамтылған және ғылыми дәйектелген деп
тұжырымдаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: