Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет151/181
Дата27.05.2023
өлшемі4.33 Mb.
#474356
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   181
1 2019

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. 
Оразбаева Ф.Ш. Тіл әлемі: мақалалар, зерттеулер. ‒ Алматы: Ан-Арыс, 2009.
2. 
Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. ‒ Алматы, 2000. 
3. 
Оразбаева Ф.Ш., Рахметова Р.С., Көпбаева Ж.С., Мазибаева Ж.О. «Қазақ тілі» пәні бойынша 
қазақ тілін деңгейлік оқытудың білім беру стандарты мен бағдарламасы. ‒ Алматы: Абай атындағы 
ҚазҰПУ, 2010.
4. 
Әлметова Ә. “Сөйлеу әрекет әрекеттері түрлеріне оқыту (әдістемелік құрал). – Алматы: “Арыс” 
баспасы, 2007.- 
5. 
Оразбаева Ф. Тілдік қатынас. – Алматы, 2005 
6. 
Сағатова Г.Қ. Техникалық оқу орындарында кәсіби қазақ тілін оқытудың тәсілдері. Қазақ тілі 
және мәдениеті кафедрасы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті. 
 
 
 
ТІЛ ТЕОРИЯСЫНА ЖАҢА ТЕРМИНДЕР ЕНГІЗГЕН ҒАЛЫМ 
 
Нұрғали С. 
Абай атындағы ҚазҰПУ,
Филология және көптілді білім беру институты,
педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор 
Әрине, өз ұстазың туралы орнықты ой айту, оның ғылыми шығармашылық өмір жолы, 
педагогикалық қызметі, кісілік келбеті мен адами игі қасиеттері жайында кеңінен қамтып мақала 
жазу үлкен жауапкершілік жүктейтіні белгілі. Ал, аты елімізге әйгілі, аса көрнекті ғалым, үлгілі 
ұстазымыз жөнінде ой толғау әлгі жауапкершілікті одан да еселеп арттыра түсетіні сөзсіз.


202 
Бүгінде апайымыз 70 жасқа келді. Осы тұста ғалымның ғылымдағы өзіндік қолтаңбасы мен 
қалыптастырған мектебі, тіл білімі ғылымын жетілдірудегі, жаңалық әкелудегі жетістіктеріне 
тоқтауымыз орынды деп ойлаймын. Ғұмырын қазақ тілінің қыр-сырын оқытып үйретудің амал-
тәсілдерін зерттеуге арнаған ғалым туралы филология ғылымдарының докторы, профессор Ғ.Қалиев 
былай дейді: «Тілдік қатынас негізінде қазақ тілі әдістемесіне Фаузия Оразбаева енгізген тілдік 
қатысым әдістемесінің мәні өте жоғары. Профессор Ф.Ш.Оразбаева – таза «әдіскер» емес, теорик-
әдіскер ғалым. Әдіскер ғалымдардың екі тобы белгілі: біреулері өздерінің әдістемелік зерттеулерінде 
теориялық жағынан анықталған пәндерге не пән салаларына сүйенеді, олардың теориясына өз 
тарапынан еш нәрсе қоспайды, тек соларды оқыту әдістемесін жасайды, мұндай әдіскерлер көп. Енді 
біреулері өздері теориясын зерттеген не зерттеуге үлес қосқан мәселелердің әдістемелік үлгілерін 
жасайды. Ф.Ш.Оразбаева осы айтылғанның екінші тобына жатады, мұндай әдіскерлер көп емес». 
Теорик-әдіскер ғалым Ф.Ш.Оразбаева – қазақ тілін оқытудың теориялық негіздерін ғылыми тұрғыда 
зерттеуге шәкірттерін бағыттаған ұстаз. Өзі ғана ғылымға жол салып қойған жоқ, соңынан жас 
ғалымдарды ілестіре білді. Ұстазымыздың тікелей ғылыми жетекшілігімен тіл білімі теориясы, қазақ 
тілін оқыту әдістемесі ілімі бойынша сандаған ғылым кандидаты, ғылым докторларын дайындады. 
Бұл орайда ғылымда академик Фаузия Оразбаеваның мектебі қалыптасты. Мен де сол мектептің 
түлегімін.
Қазақ тіл білімінде тілдің қатысымдық қызметін зерттеп, алғаш рет ғылыми негіздерін анықтаған 
– 
Оразбаева Фаузия Шәмсиқызы. Фаузия апайдың бұл саладағы еңбегі - тілдік қатынастың теориялық 
проблемаларын зерттеуге арналған алғашқы ізденістердің бірі. Осы еңбегінде «оқылым», «айтылым», 
«тыңдалым», «жазылым» деген ұғымдарға ғылыми түсінік береді, дәлелдейді. Бұл терминдерді 
ғылыми айналымға қосқан апайдың ойын біздер жалғастырдық. Г.Бейсенбекова оқылым бойынша, 
Ф.Абдіразақова жазылым бойынша, С.Нұрғали айтылым бойынша, М.Жорақпаева тыңдалым 
бойынша ғылыми зерттеу жұмысын жаздық. Қазіргі күні бұл ұғымдардың өте актуалдылығы белгілі.
Фаузия апайдың: «Тіл ғылымын танып-білген сайын ол күрделеніп, тереңдей түседі» деген 
пайымына зер салар болсақ, ізденіс-зерттеулерін бір сәтке тоқтатпастан, ғылымдағы 
жаңалықтарымен жарқ ете қалған Фаузия Оразбаеваның өз зерттеулерін қазіргі заманның 
сұранысына жауап бере алатын жаңашыл технологиялар негізімен ұштастыра түсуін, нағыз ғылыми 
интеграция деп білеміз. Ерен еңбек пен үздіксіз ізденіс адамы Фаузия Шамсиқызының ұстаздықтан 
бастау алып, ғалымдыққа ұштасқан өмір жолы – жаны таза, пейілі ақ, риясыз көңілді әрбір адам 
баласы үшін үлкен өнеге, ерекше үлгі мектебі. 
Фаузия Шамсиқызының көптеген еңбектерінің бәрін бір мақалаға сыйғызу қиын, десе де, бірер 
шамасының атын атап өтейін. «Қазақ тілін тез үйрену сабағы» («Ускоренный практический курс по 
казахскому языку»), «Тілдік коммуникацияның негіздері», «Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің 
ғылыми-теориялық негіздері» деген еңбектері жарық көрді. Бұл еңбектер – студенттер мен 
магистрлерге, ізденушілер мен аспиранттарға, т.б. осы саладағы оқытушылар мен ұстаздарға аса 
пайдалы зерттеулер. Ұстазымыздың қаламынан 2005 жылы шыққан құнды еңбектердің бірі - «Тілдік 
қатынас» атты оқулық. Ол негізінен жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарына 
және ұстаз-әдіскерлерге арналған. Жұмыс атауының өзі айтып тұрғандай, бұл кітап тілге, оның 
ішіндегі, әрине, қазақ тіліне қатысты. Сондықтан «жалпы қауым» өкіліне де түсінікті, әрі танытары 
мол еңбек деп бағалаймыз. Жұмыстың тағы бір құндылығы оның қазақ тіліндегі осы тақырыпқа 
жеке арналған алғашқы ізденіс екендігінде. Әрине, қазақ тілін оқытудың жалпы әдістемесі дәл осы 
еңбектен басталмағаны белгілі. Оқулық авторы оның ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы 
тарихи бастауын сөз етеді. Ахмет Байтұрсынұлынан бастап Шәкәрім Құдайбердіұлына дейінгі 
ғалым-ағартушылардың тер төгіп, құнды еңбектер ұсынғанын да өте жақсы көрсетеді. 
Фаузия Оразбаеваның мұндай үлкен ғалым болуына мұғалімнің отбасында туып, нағыз 
ағартушының тәрбиесінде өскендігі де әсер етуі хақ. Сондықтан мектепті де, ҚазМУ-ді де өте жақсы 
бітіріп, өзі де еңбек жолын мұғалімдікпен бастап, институттар мен университеттердегі оқытушылық, 
доценттік, профессорлық қызметтер сияқты абыройлы да ауыр жолдардан өтіп келеді. 
Тұла бойынан тектілік пен бекзаттықтың, қарапайымдылық пен парасаттылықтың лебі есіп 
тұратын, еңбекқорлық пен ізденімпаздықтың, жан сұлулығы мен рухани байлықтың жылы ұясы 
іспеттес Фаузия Шамсиқызы – өз еңбек жолын мектеп қабырғасынан бастап, кейін оны еліміздің 
жоғары оқу орындарында жалғастыра алған, ұстаздықтың сатыларын өткерген білікті ұстаз. 
Сондықтан да бүгінгі білім саласының қарыштай қадам басуына өзіндік үлесі бар ғалым Фаузия 
апайдың ұстаздық өнегесі – айрықша атап өтуге тұрарлық дүние. Әке жолына түсіп, ұрпақ тәрбиелеп, 
жоғары оқу орындарындағы жастардың сапалы білім алуына бағдар беріп жүрген «Фаузия Оразбаева 
– 
нағыз ұстаз, үлгілі жетекші, беделді тәлімгер» (академик Рәбиға Сыздық). Абай атындағы Қазақ 


203 
ұлттық педагогикалық университетінде студент жастарға терең білім берумен қатар, еліміздің әр 
қиырындағы институттар мен университеттердің оқытушыларына, доценттеріне ғылыми жұмыстар 
бойынша жетекшілік жасап, кеңес беріп келеді. Басқаша айтар болсақ, белгілі бір ұжым басшысы 
ғана емес, сол ұжымдағы барлық қызметкерлердің, магистранттардың, ізденуші шәкірттердің білім, 
білік деңгейлерінің үнемі көтеріліп отыруына мүмкіндік туғызып, еселі еңбек еткен ұлағатты ұстаз. 
Бұл айтылғандар ғалымның өзара бірлігі күшті, рухани-адамгершілігі мол өнеге мектебін 
қалыптастырудағы үлесін айқын танытып тұр. 
Фаузия Шамсиқызы іскерлігінің арқасында университет жанынан кандидаттық пен докторлық 
қорғайтын ғылыми кеңес ашты. Филология, педагогика ғылымдарының кандитаттық және докторлық 
ғылыми дәрежесін беру жөніндегі сол диссертациялық кеңестің төрайымы болды. Сол кеңесті 
бірнеше жылдар қатарынан өзінің дипломатиялық кеңдігімен өте жақсы, жайлы, еркін басқарып, 
ғылым жолына көптеген мамандар даярлады. Тіпті, қорғау барысында ғылыми кеңес мүшелерінің 
бірауыздан дауыс беруі қорғап тұрған адамның өзінен гөрі бұл кісінің ісі мен жүргізу саясатының 
жайлылығынан ба деген ой туады... Мұны Фаузия Шамсиқызының бойындағы парасаттылық 
қасиеттердің арқасы деп бағалауымызға толық болады. Қорғаймын деп, ісі түсіп барушыларды 
қайдан болса да, таныс, таныс емесіне қарамай, бәрін жақсы, жылы жүзбен қабылдап, сөйлесіп, 
қорғаушының бойына жігер құяды, ғылыми бағытын анықтауға көмектеседі. Бұған қалай риза 
болмассың?! Кім болса да, бұл кісіге жақсылық пен амандық тілеп, ризашылық білдіріп жатады. 
Ізденуші диссертациясын жақсы қорғап жатса, қорғаушының қуанышын бөлісе біледі. Фаузия 
апайдың осы, тал бойына жарасқан салмақты мінезін, кісілік кішіпейілділігін, жан дүниесінің 
сұлулығын бөліп айтқым келеді.
Апайымның бойындағы бір жақсы қасиет – адамдарға жақсылық жасап тұрғысы келіп тұрады. 
Адам бойындағы небір мәселелерден қажеттілік туындаса, соны көре де, байқай да біледі. Адам 
бойынан жақсылық іздері мен нысанын тауып, оны әрі дамытып, айта да алады, қолдай да біледі. 
Ұстазымыз ізденушілермен, әріптестерімен өте мәдениетті, аса сыпайы араласады. Әдістеме 
саласындағы жұмысты ұйымдастыру қабілеті, кісілермен қарым-қатынасы үлкендерге деген ілтипаты 
ерекше. Үлкенді де, кішіні де, қатарластарын да ұйыта ұйымдастыра біледі. 
Бүгінде Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика 
ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корр. мүшесі, Ш.Уәлиханов атындағы І дәрежелі сыйлықтың 
лауреаты, ҚР БжҒМ-нің «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері, Педагогика 
ғылымдары Халықаралық академиясының академигі, ҚР Президентіне үміткерлерден мемлекеттік 
тілден емтихан алушы «Лингвистикалық комиссиясының» хатшысы (1999, 2005, 2011, 2015жж) 
Фаузия апай Оразбаева – қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша жазылған қаншама 
бағдарламалардың, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың авторы. 40 кандидаттық, 11 
докторлық диссертациялар қорғатып, мамандар даярлауда, республикаға белгілі ғалым, ұстаз ретінде 
ұшан-теңіз еңбек сіңіріп келеді. Осындай ұстаздан тәлім алған біз бақыттымыз. Апай - біздің
мақтанышымыз! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет