12
5.
Оразбаева Ф.Ш. «Өнегелі өмір, өрісті ғалым» Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері. Профессор
Құдайберген Жұбановтың 110 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция
материалдары. ‒ Алматы. ‒ 2009. ‒ 328 бет.
ҒАЛЫМ-ӘДІСКЕР – ӘДІСКЕР-ҒАЛЫМ
Жүнісбек Ә.
филология ғылымдарының докторы, профессор
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
aleke@list.ru
Түйіндеме: Мақалада ғалымның ұлттық терминжасам және тіл үйрету саласындағы еңбектерінің
маңызы талданады. Қосымша ретінде фонетикалық терминдердің ұлттық үлгісі
мен грамматикасыз тіл
үйрету әдістемесі ұсынылады.
Резюме: В статье анализируются значения работы профессора по образованию национальных
моделей лингвотерминов, а также методические труды по обучению казахскому языку. В
качестве
дополнения приложены фонетические термины и методика обучения без грамматики.
Заманның өзгерісі – бір қоғамның екінші қоғаммен алмасуы – алдымен ғалым-мамандарға сын.
Олардың бір тобы сол бәз-баяғы бұйығы күйінде қалса, «ел ерсіз болмайды» дегендей, көп ішінен елгезек
естілер де шықпай қалмайды. Жаңа қоғамның жаршысы да,
әрбір қоғами-саяси, экономика-мәдени,
ғылым-білім т.б. саласының көшбасшысы да сол соңғылар болады. Ғылым-білім
саласындағы сондай
бірегей көшбасшылардың бірі көпшілік таныған – Абай атындағы Ұлттық педагогикалық
университетінің қазақ филологиясы
кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы
Фаузия Оразбаева.
Профессор Ф.Оразбаеваның ғылым-білім саласындағы сан-алуан монографиялар, оқулықтар мен оқу-
құралдары, мақалалар мен баяндамалар - филология ғылымының кандидаты болып бастап, педагогика
ғылымының докторы болып жалғасып келе жатқан ұзақ еңбектің жемісі.
Нақты айтар болсақ, бүгін
Достарыңызбен бөлісу: