Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары


қолымызға тиіп отырған – 5 томдық еңбектерінің жинағы



Pdf көрінісі
бет9/181
Дата27.05.2023
өлшемі4.33 Mb.
#474356
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   181
1 2019

қолымызға тиіп отырған – 5 томдық еңбектерінің жинағы. Алайда профессордың ғылымға қосқан 
үлесінің мән-мағынасы еңбектің санында ғана емес, сол еңбектердің мазмұнында жатыр.
Қазіргі заман ғылымының әбден ширығып, әрбір зерттелім саласының қусырылып маманданып 
кеткен тұсында екі бірдей ғылым саласының – тілтаным мен педагогиканың – қос тізгінін бір қолға ұстау 
екінің бірінің қолынан келетін шаруа емес. Сондықтан да профессор Ф.Оразбаеваның еңбегін толық 
қамту керек болғанда «ғылыми-әдістемелік» деп екі сөзді қосақтап отырмаса болмайды. Ғалым 
шығармашылығындағы тілтанымдық теория мен тілтанымдық практиканы өз алдына, әдістемелік теория 
мен әдістемелік практиканы өз алдына сөз ету мүмкін емес, өйткені проф.Ф.Оразбаева екеуін бір-бірімен 
астастырып, бірінсіз бірі болмайтындай тұтасып жатқан пәнге айналдырып отыр. Теория арқылы 
практиканы жетілдіріп, практика арқылы теорияны дамытып келеді.
Қазіргі кезде қазақ ғылымының барлық салаларында халықаралық немесе орыс тілді атауларды 
қазақыландырып, ұлттық атаулар құрамын толықтыру үрдісі жаппай белең алды. Әдістемелік 
терминжасамның негізін қалап отырған проф. Ф.Оразбаеваның жаңашылдығы қазақ терминжасамының 
қазіргі ұлттық деңгейі жоғары екенін көрсетті. Қазіргі ұлттық терминжасамның ең басты жетістігі – жаңа 
атаулардың бірыңғай қазақы әуезді шығуы. Осы орайда айтылым, оқылым, тыңдалым, жазылым, 
тілдесім тәрізді төл үлгідегі әдістемелік атаулардың қазіргі кезде еркін айналымға түскенін, сондай-ақ 
тілтанымның өзге салаларында жаңа атаулардың пайда болуына ұйтқы болғанын ерекше атап өткен жөн. 
Мысалы, осы бір тың бастама, біріншіден, қазақ грамматикаларындағы зат есім және етістік мағынасында 
қатар жұмсалып жүрген айту, оқу, тыңдау, жазу тәрізді екіұшты атулардан арылтса, екіншіден, қазақ 
тілінің сөздік қорын жаңа сөз үлгілерімен байытып отыр. Аталған үлгідегі сөздер әдеби және салалық 
сөздіктер құрамына еніп, оқулықтар мен әдістемелік еңбектерде пайдаланылып жатыр. Өйткені олар, 
проф.Ф.Оразбаеваның өз сөзінің дәлелдемесіне жүгінсек, «...біріншіден, тілдік қатынастың басты 
ерекшеліктеріне сәйкес келеді; екіншіден, олар – қазақ тілінің сөздік қорына тән, қолданыста өзіндік 
орындары бар түбір сөздер; үшіншіден, олар... әдістемелік ғылыми ұғымдарды білдіреді; төртіншіден, 
әрқайсысы әртүрлі емес, қазақ тілінің сөзжасам жүйесіне сәйкес...». Жаңа атаулар оқулық, мақала, 
баяндама т.б. ғылыми-көпшілікке арналған еңбектердің құрамына кеңінен еніп жатыр. Көпшіліктің 
жатсынбай қабылдап жатқанына қарағанда, проф.Ф.Оразбаева “ұғымнан атау көрініп тұру керек, атаудан 


13 
ұғым көрініп тұру керек” деген А.Байтұрсынұлының үлгісін берік ұстанғаны көрінеді. Басқаша айтқанда, 
атау анықтама-аудармасыз-ақ оқырманға түсінікті болу керек. 
Проф. Ф.Оразбаева шет тілдерін үйренудің әлемдік үлгісі мен еуропалық стандарт негізінде қазақ 
тілін өзге ұлт өкілдеріне оқытудың оқу-әдістемелік кешенін жасауға белсене араласып келеді. Проф. 
Ф.Оразбаева ұсынған әдістемелік кешен қазақ тілін бірнеше деңгейде меңгеру мен бағалау жүйесін 
қамтиды. Әдістемелік кешен құрамында қазақ тілінің оқулығы (оқу кітабы), әдістемелік нұсқау, бақылау 
тестері, жаттығулар жинағы қарапайым және негізгі деңгейлерге жіктеліп, әр деңгейге лайық лексика-
грамматикалық минимум ұсынылып отыр. Лексика-грамматикалық минимум ұсынудың да үлкен мәні 
бар. Тіл үйренушілердің дайындық деңгейі, жас шамасы, кәсібіне лайық аса зәру сөздер мен сөз 
оралымдары алдымен қамтылу керек. Мұның өзі тіл үйренушілердің қазақ тіліне деген ынтасын 
арттырады, тіл үйрену жеңіл және нәтижелі болады. Ғалым-әдіскер салған сара жол бос сүрлеу болып 
қалып жатқан жоқ, әріптестері мен шәкірттеріне бағдар-сілтеме болып отыр.
Ендеше ғалым-әдіскер салған ізбен фонетикаға енген терминдер мен әдістемелік жаңалықтарымызды 
атай кетейік: ғалымның мерейтойына жасаған ШАШУЫМЫЗ болсын.
Қазақы термин-атауларға аса мұқтаж болып отырған тіл білімінің саласы фонетика болып табылады. 
Өйткені талданым атаулардың бәрі дерлік орыс үлгісіндегі терминдер болып табылады. 
А.Байтұрсынұлынан мұра болып қалған орнықты атаулардан кейін тың қазақы атаулар қосыла қоймады. 
Жол-жөнекей атай кетейік, «атау» дегенді Т.Шонанұлы «аталым» деп те пайдаланған екен. Ендеше 
проф.Ф.Оразбаеваның еңбегі терминжасам үрдісінің тарихи жалғасы болып табылады. Етістік үлгідегі 
атау-терминдерді заттекті қалыпқа түсіру қолға алынғалы бері жасалым, естілім, үндесім, үйлесім тәрізді 
тың фонетикалық терминқұрам зерттелім амалдарына айналып жатыр.
Мысалы, 
-
үндесім – созвучие (сингармонизм) 
үндесім дыбыс – сингармонический звук 
үндесім дауысты – сингармонический гласный 
үндесім дауыссыз – сингармонический согласный 
-
үйлесім дыбыс – ассимилятивный звук 
үйлесім дауысты – ассимилятивный гласный 
үйлесім дауыссыз – ассимилятивный согласный 
айтылым – орфоэпия, пройзношение 
айтылым сөздік – орфоэпический словарь 
айырым – дифференциальный 
айырым белгі – дифференциальный признак 
әуентаным − интонология 
қазақ әуентанымы – казахская интонология 
жуысым − щелинность 
босжуысым – ненапряженная щелинность 
босаңжуысым – полунапряженная щелинность 
аттасым –омоним 
көптесім – полисемия (многозначность) 
мәндесім – синоним 
созылым – длительность, долгота 
созылым белгі – признак долготы 
сөйленім– речь 
сөйлесім – диалог 
талданым – анализ 
таным (түйсінім) – восприятие 
дәмтаным – вкусовое восприятие 
үнтаным – слуховое (перцептивное) восприятие 
көзтаным – зрительное восприятие 
көкіректаным – интуиция 
қолтаным – тактильное восприятие 
пішінтаным – восприятие образов 
түстаным – цветовое восприятие
Қазіргі кездегі оқулықтар да, әдістеме де, мұғалім де қазақ тілін ана тілі ретінде үйретуге икемделіп 
дайындалған. Себебі мұғалімдер дайындайтын оқу орындары қазақ тілін тек ана тілі ретінде оқытатын 
мұғалімдер дайындап келеді. Сондықтан олар оқу сыныбына (аудиториясына) келеді де грамматиканы 


14 
жаттатудан бастайды. Айналып келгенде бала ережені біліп-ақ тұр, бірақ сөйлеуге дәрмен жоқ. 
Оқытушының да, оқушының да қыруар еңбегі тіл үйрету мен тіл үйренуге емес, грамматиканы жаттату 
мен жаттауға босқа сарп болуда. Ал бізге болса, қазақ тілін «екінші» (ана тілі емес) тіл ретінде үйрететін 
оқу-құралдары, әдістеме мен мұғалімдер керек. Ендеше әрекеттің басы қазақ тілін грамматикасыз 
оқытатын оқулықтар, әдістемелер мен мұғалімдер дайындау болу керек. 
Алдымен қазақ тілін игерудің деңгейлерінің басын ашып алу керек. Осы орайда қазақ тілін игерудің 
(білудің) төрт деңгейін ұсынамыз. 
Бірінші, ауызекі-тұрмыс тілі (разговорно-бытовая речь) яғни бала отбасында, ауыл арасында 
достарымен, көрші-қолаңмен (ересектер – жұмыста әріптестерімен) күнделікті тұрмыс мұқтажын өтей 
алатындай дәрежеде еркін сөйлей алады. Бұл балалар үшін бар болғаны төрт жағдаят: сабақ (күнде 
сабаққа барады, үйде сабақ дайындайды), тамақ (күнде үш-төрт мезгіл тамақ ішеді), киім (мектепке 
барарда киінеді, келген соң киім ауыстырады, жатарда-тұрарда киініп-шешінеді), ойын (баланың уақыты 
болса да ойнайды, болмаса да ойнайды). Олар – баланың алдынан күнделікті әлденеше рет оралып 
кездесіп отыратын, етене таныс жайлар. Балаға етене таныс және күнделікті зәру әңгімелер болғандықтан 
есіне тез сақтайды, сол жағдаяттарға орай пайдаланып дағдыланады. Ендеше күнделікті өткен сабақ 
өзінен-өзі пысықталып, қайталанып отырады. Күрделі және ойтекті (абстракт) мәтіндер болмауға тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет