123
берілген. Ойын қызығына түскен балалар өлеңді де жаттап алады. Бұл балалардың тапқыр, шапшаң
болумен қатар өлеңді жаттап алуына мүмкіндік береді. Ойнай отырып, қазақ тіліндегі сөйлем
мүшелерінің орын тәртібі туралы жан-жақты ақпарат алады. Атап айтқанда,
баяндауыштың сөйлемнің
соңында келетіні, анықтауыштың бастауыштан бұрын келетіні, бастауыштың баяндауыштан бұрын
келетіні т.с.с. Әрине, 2-сыныпта оқитын бала оның бастауыш, анықтауыш, баяндауыш екенін білмейді.
Алайда тілдік саналарында ондай сөздердің орын тәртібі туралы түсінік қалыптасады. Кейін жоғары
сыныпта сөйлем мүшелерінің орын тәртібі туралы ережені оқыған кезде бұл олар үшін жаңалық
болмайды, жеңіл қабылдайды. Сол сияқты оқу кешеніндегі «Сөздегі сөз», «Шашылған сөздер»,
«Айгөлек», «Сиқырлы қоржын», «Оймоншақ», «Қоржын», «Қарлы кесек», «Кім жылдам?», «Кім
тапқыр?», «Кім ұтқыр?», «Кім шешен?», «Кім қандай?», «Сөйлемді аяқта», «Жылдам жина», «Айшықты
сөз», «Ассоциация», «Бинго», «Сөйлемді аяқта», «Бір сөзбен айтқанда», «Сөздердің айтылуы», «Кім көп
біледі?», «Орныңды тап», «Жедел жауап аялдамасы», «Дөңгелек үстел», «Тиын тастамақ», «Сөзталас»,
т.с.с. ойындар да ұтымды берілген.
А.Байтұрсынұлы: «...Қазақ тіліндегі сөздердің бәрін білгеніміз қазақ тілін қолдану болып табылмайды. «Тілді
қолдана білу» деп айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала білуді және сол сөздерді сөйлем ішіне орын-
орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз», – деген еді [2, 369]. Расында да, қазақша сөйлеушілердің бәрін бірдей қазақша
дұрыс сөйлеп тұр деп қабылдай беруге болмайды. А.Байтұрсынұлы шығарма сөзінің өңді, ұнамды болуы үшін сөз
дұрыстығы, тіл тазалығы, тіл (лұғат) анықтығы, тіл дәлдігі, тіл көрнектілігі сияқты шарттардың ескерілуі қажеттігін
айта келіп, сөз дұрыстығы үшін:
1)
сөздердің тұлғасын, мағынасын өзгертетін түрлі жалғау, жұрнақ, жалғаулық сияқты нәрселерді жақсы біліп,
әрқайсысын өз орнына тұтыну;
2)
сөйлем ішіндегі сөзді дұрыс септеп, дұрыс көптеп, дұрыс ымыраластыру;
3)
сөйлемдерді бір-біріне дұрыс орайластырып, дұрыс құрмаластырып, дұрыс орналастыру керектігін
көрсеткен еді [2, 350].
Оқулықта берілген сабақтар мәтіналды жұмыс, мәтінмен жұмыс, мәтін соңы жұмыс ретінде жіктелген.
Мұнда қазақ менталитетіне, ұлттық дүниетанымға негізделген мәтіндер іріктеліп алынған (6-сынып
бойынша 3-11, 45, 54; 7-сынып бойынша 14, 15, 17, 18, 20, 100-104-б.). Әсіресе 6-сынып бойынша наурыз,
тал егу, бұлақ көзін ашу (32-б.), қонақ күту (35, 36-б.), қазақтың ырым-тыйымдары (39-б.), қазақша жыл
қайыру, мүшел жасқа қатысты ақпарат (61-б.); 7-сынып бойынша қазақтың дәстүрлі тағамдары (17-б.),
туыстық атаулары (21-24, 50-53-б.), зергерлік өнер (101-104-б.), киелі 7 санына (3, 4-б.), үш қуат, үш
қадірлі, төрт құбыла, алты асқар (4-б.), жеті ата,
жеті қазына, оған не жататыны т.с.с. ұғым-түсінік,
қазақша жыл санау, мүшел жас, жыл басы – наурыз айы, «Ақсақ құлан» күйі баланың жас ерекшелігіне
лайықталып, жан-жақты сипатталған. Қазақтың аңыз-әңгімесі, шешендік сөздері ұтымды берілген (7-
сынып). Мұндай материалдар баланың қызығушылығын тудырып, таным көкжиегін кеңейтеді. 7-сынып
оқулығының 102-беттегі қазақтың ұлттық әшекейлеріне қатысты тапсырма сурет түрінде берілген. Бұл –
балалардың қазақтың зергерлік өнерімен жете танысуына, ажырата білуге, әрқайсының өзіндік
ерекшелігін түсінуге көмектеседі. Бұл тұрғыдан алғанда, оқулық энциклопедия қызметін атқарған.
Балаларға қазақ тілінің ережелерін қасаң түрде үйретіп қана қоймай, қазақтың ұлттық өнерімен, зергерлік
өнерімен, ұлттық әшекейімен таныстыру арқылы қазақ мәдениетімен, салт-дәстүр, ғұрпын да көрсетеді.
Тәрбиелік мәні де зор мәтіндер тәртіпті болуға, үлкенге ізетті, кішіге қамқор болуға үйретеді,
компьютерде көп отырмауға, ғаламторды дұрыс пайдалануға, досына адал болуға, туған күнінде
тілек
айта білуге, сыйлық таңдай білуге, суды үнемдеуге, тәртіпті болуға, үлкенге ізетті, кішіге қамқор болуға
үйретеді, компьютерде көп отырмауға, ғаламторды дұрыс пайдалануға, досына адал болуға, туған күнінде
тілек айта білуге, сыйлық таңдай білуге, әдепті болуға, ата-анасына көмектесуге, ұлттық құндылықтарды
қастерлеуге, жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге шақырады (3-сынып, 25, 26, 29, 61, 98, 99-б.). Яғни
қазақ тілі нормаларына қатысты ережелер ғана беріліп қоймай, оқушылардың ел мақтанышына
айналатындай, елін сүйген, ұлтының тарихын қастерлейтін, ата-баба салтын қадір тұтатын дұрыс азамат
болып қалыптасуына ерекше мән берілген.
Оқу кешенінде сабаққа тікелей қатысты, тақырыптың мазмұнын аша түсетін нақыл сөз, жұмбақ,
жаңылтпаштар ұтымды берілген. Жасырылған сөздер жаңа сабақтағы және өткен сабақтардағы
грамматикалық ережелермен тығыз байланысты. Бұл балалардың өздері білетін мақал-мәтелді еске түсіре
отырып, тапсырмада жасырылған нақыл сөзді табуына, тағы да мақал-мәтел үйренуіне түрткі болады.
Кешенде тапсырмалар беруде де дамытушылық ұстанымдары сақталған. Мәселен, бастауыш
сыныптардағы тапсырмалар математикалық амалды пайдаланып, сөз құрауға арналса, 6-сыныпқа
арналған оқу кешенінің 29-бетінде математикалық формуланы пайдаланып,
сөйлем құрауға арналған
тапсырма берілген. Бастауыш мектепте балалар математика пәнінен амалдарды өтетіндіктен, тапсырма да
соған сәйкес берілген. Ал 5-сыныпта балалар формулаларды үйрене бастайды. Соған байланысты қазақ
124
тілінен берілген тапсырма да формула түрінде берілген. Сол сияқты бастауыш сыныпта балаларға сөз
құрау міндеті жүктелсе, енді сөйлем құрау талап етіледі. Яғни балалардың жас ерекшелігіне, игерген
білімін ескере отырып, тапсырмалар жеңілден қиынға қарай күрделене түскен. Кешен авторлары қазақ
тілінен басқа тілде оқитын 11 жылдық жалпы білім беретін мектепте білім алатын оқушыларға қазақ тілін
меңгертуде жан-жақты ізденіп, жаңа бағыттармен танысқаны, тілді меңгертудің түрлі әдістерін
пайдаланғаны байқалады. Балалардың математикадағы амалдарды пайдалана отырып, сөз құрастыруына
бағытталған тапсырма балалардың пәнге деген қызығушылығын арттырары сөзсіз.
Оқу кешені коммуникативті лингвистика ұстанымдарын негізге алғандықтан, мұндағы мәтіндер де
балалардың психологиялық ерекшеліктеріне лайықталған. 5-сынып оқушылары
велосипедпен көшеге
шыққысы келетіні, қалаған жерлеріне велосипедпен жетуге әуес болатыны белгілі. Сондықтан
оқулықтың 3-4 сабақтары «Велосипедші қалай жүреді?» деп аталады. Мәтіналды жұмыста балалар өткен
сабақты естеріне түсіріп, суреттердің көмегімен жол жүру ережелеріне қатысты сұрақтарға жауап береді.
Жаяу жүргіншілерге арналған белгілер мен велосипедшілерге арналған белгілерді қайталайды. Мәтінге
қатысты тапсырмаларда балалардың сабақты қаншалық меңгергенін анықтау мақсатымен түрлі
тапсырмалар берілген.
Оқулық авторлары қазақ тіліндегі ережелерді, норманы ғана үйретуді етіп қоймай, сонымен қатар
қазақтың ділі, дүниетанымы, мәдениеті, қазақ әндері, қазақтың әнші-күйшілер, мультфильмдері, кино,
киностудия, қазақ киносының тарландары, Қазақстанның ерекше аймақтары т.с.с.
туралы жан-жақты
ақпарат беруді көздеген. Бұл – ауқымды да асқан жауапкершілікті, тынбай ізденуді талап ететін қажырлы
істі авторлар абыроймен орындап шыққан, жан-жақты ізденген, фильмнен кадрлар тапқан т.с.с. (6-сынып,
20-23, 24, 28-34, 63-73,
т.с.с.). Бұл да – оқулық жетістіктерінің бірі.
Оқулықтағы тақырып, мәтіндер қазіргі кезде ақпараттық технология саласындағы жаңалықтарға
сәйкес берілген. 6-10-беттердегі тапсырмалар балалардың (Әлібек пен Қанат) электронды пошта арқылы
жазысқан хаттарының негізінде берілген. Сондай-ақ 58-80-беттегі сабақтар ғаламтор, электронды пошта,
онлайн-сөздік, т.с.с. ақпараттық технология саласындағы жаңалықтарға арналған. Мұны әбден құптауға
болады. Себебі қазіргі кезде балалар компьютерді жиі пайдаланып, әрқайсысының электронды
пошталары бар. Оқушылар компьютерді дұрыс, орынды пайдалануы үшін оқулықта балаларға арналған
қазақтілді сайттар, «Балбұлақ» балалар электронды журналының сайты, «Балапан» телеарнасының сайты,
балалар білім қорын алатын «Білімпаз» сайты т.с.с. балаларға, ата-аналарға арналған танымдық,
ақпараттық сайттар көрсетілген (73-б.). Қазақтілді сайттардың көрсетілуі балалар үшін де, ата-аналар
үшін де, мұғалімдер үшін де өте пайдалы. Себебі бұл сайттарды көпшілік біле бермейді. Балалар осы
сайттарға кіру арқылы түрлі кітаптарды оқып, таным көкжиегін кеңейтеді.
Кешенді құрастырушылар қазақ тіл біліміндегі жаңалықтар мен педагогика, психология
ғылымдарындағы озық әдіс-тәсілге иек арта отырып, дамытушылық, жеңілден күрделіге қарай, бірізділік,
жүйелілік, түсініктілік
ұстанымдарын негізге алған, оқу кешенінің біртұтас дүние ретінде болып
шығуына атсалысқан. Қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін де осындай оқулықтың қажет екені даусыз.
Қазақ тіл білімі үшін ғана емес, әдістеме ғылымы үшін де үлкен жаңалық болған кешенді мұғалімдерге,
педагогтерге түсіндіру мақсатымен берілген «Мұғалімдер кітабы» да кез келген оқытушы үшін түсінікті
болатындай, жеңіл тілмен берілген. Коммуникативті грамматиканың қиын терминдерінің орнына кешен
авторлары функционалды грамматика, коммуникативті грамматиканың метатілін жеңіл де түсінікті
тілмен жеткізе білген.
Жазу дәптеріндегі тапсырмалар
Сурет бойынша сөйлем құрап жаз түрінде берілген. Мұндай
тапсырмалар, бір жағынан, балалардың шығармашылық қабілетін арттыруға түрткі болса, екінші
жағынан, жаңа сөздерді дұрыс жазуға көмектеседі. Сол сияқты
Әріптерді орнына қойып жаз сияқты
тапсырмалар да орынды берілген. Бұл жерде көп нүктенің орнына қойылатын әріптер арнайы
көрсетілген. Жазылымда берілген тапсырмаларда қазақ тіліне ғана тән дыбыстары бар сөздер ғана емес,
тақырыпқа байланысты жаңа сөздер де берілген. Бұл бала ойының ұшқырлығымен қатар сауатты жазу
дағдыларын қалыптастырады.
Оқу кешенінің лексикалық минимумы мен дидактикалық материалдарында қазақы дүниетанымға
негізделген мәтіндер, нақыл сөздер, бата-тілек, ұлттық дүниетанымды көрсететін қолданыстар ұтымды
берілген. Кітаптағы материалдарды үйрену барысында бала оқушы ереже, тапсырмалар ғана берілген
кітап ретінде қарамай, жан-жақты білім алуға болатын, керек мәліметті тауып алуға болатын
энциклопедия, күнделікті қолданысқа қажет танымдық материалы көп білім қоры, әрдайым керек
болатын құрал ретінде қарайды. Яғни қазақ тілін оқып-үйренудің, заңдылықтарын меңгерудің қажеттілігі
артады. Оқулық авторларының бәрінің де (барлық пән бойынша) көздеген мақсаты сол болуы керек.
Балалар қазақ тілінде сөйлеу, жазу, айту дағдыларын
меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар қазақы
125
менталитетті, қазақы дүниетанымды да түсінетін болады. Бұл да – оқулықтың құндылығын арттырып
тұрған тұстардың бірі.
Педагог ғалым Фаузия Оразбаеваның қазақ тілінің теориясы мен практикасы саласындағы еңбектері
тіл тазалығына мән бермейтін немқұрайдылықтан, тілін білмегеніне арланбайтын намыссыздықтан
сақтану, олардың алдын алудың бірден-бір жолы – ұлттық рухты ояу, ұлттық кодты сақтауға бағытталған.
Ғалымның тілін, салт-дәстүрін құрметтейтін, таным көкжиегі кең ұрпақ тәрбиелеуді көздеген, ұлтының
игілігі жолындағы еңбектері лайықты бағасын алуына тілектеспіз. Алаш арыстарының мұрасын
насихаттап қана қоймай, сол кісілердің аманатына адалдық танытып келе жатқан біртуар ғалым – Фаузия
апайымызды мерейлі жасымен құттықтай отырып, денсаулығы мықты, ғылымдағы сара жолы жемісті,
отбасы берекелі болуын тілейміз.
Достарыңызбен бөлісу: