«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


17 АНАХАРСИСТІҢ ДАНЫШПАН САЛОНМЕН АЛҒАШ



Pdf көрінісі
бет3/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

 


 16
17
АНАХАРСИСТІҢ ДАНЫШПАН САЛОНМЕН АЛҒАШ 
КЕЗДЕСКЕНДЕГІ СӨЗ ҚАҒЫСТЫРУЫ
Бізге жеткен деректерге қарағанда, бір күні Анахарсис Афина 
қаласындағы Салонның үйіне келеді. Есікті қағып рұқсат сұраған ол 
өзінің жат жерлік екенін, Салонмен достасып, қонақ болуға келгенін 
айтады. Салон оған: “Достықты əркім өз үйінде жүргізгені жақсы”, – 
деп жауап береді. “Солай ма еді, сен ғой қазір өз үйіңдесің, сондықтан 
менімен достасып, қонақжайлық таныт”, – дейді Анахарсис. Салон 
скифтің тапқырлығына, шешендігіне риза болып, оны өз үйінде біраз 
уақыт тұрғызады. Көп ұзамай Салон адамдар арасындағы тəртіпті 
сақтау үшін заң жазып шығады. Мұны білген Анахарсис күліп: 
– Сіз заң арқылы қылмыс пен қиянатты ауыздықтауды армандайсыз. 
Ал оның өрмекші торынан еш айырмасы жоқ. Өрмекшінің торы секілді, 
заңда да əлсіздер мен кедейлер тұтылып, күштілер мен байлар құтылып 
кетеді.
Оған Салон:
– Адамдар арасын бір мəмілеге келтіріп, келісім жасататын заң 
қажет. Егер оны бұзса, екі жаққа да тиімсіз болады. Заң жарияланып, 
заңмен жүрудің артықшылығына олардың көзі жетеді, – деп қарсылық 
білдіреді. 
Бірақ көп ұзамай-ақ Анахарсистің айтқаны келіп, Салонның күткені 
еш нəтиже бермейді. Тағы бірде халық кеңесіне қатысқан Анахарсис:
– Элладалықтарда сөзді ақылдылар айтып, істі ақымақтар шешеді 
екен, – деп таң қалады.
* * *
Менің бар жамылғым –
Сақтың шапаны, 
Етігім – аяғымның терісі,
Таңғы асым мен түстігім – 
Сүт , ірімшік жəне қуырдақ,
Сусыным – су.
* * *
Сенің сенгенің – 
Сыбызғы сырнай мен ақшалы əмияның.
Менің сенгенім – 
Садақ пен жебе.
Сондықтан да сен – сауықшыл, дүниенің құлысың,
Ал мен – еркін азаматпын. Сенде жау көп,
Ал менің дұшпаным жоқ.
Егерде сен асыл тастарыңды
Лақтырып тастап,
Садақ пен қорамсақты ғана асынып,
Сақтардың ішінде ғана өмір сүрсең,
Онда мен сияқты
Сен де еркіндікте жүрер едің.
* * *
«Адам жүйкесін орнына келтіру үшін жауапты бір іс алдында өзінің 
көңіл күйін көтеру керек. Күрделі де тынымсыз еңбек ету үшін демалыс 
керек».
* * *
«Адам бойындағы жақсы əрі жаман нəрсе? – Тіл».
* * *
«Базар – адамдардың бірін-бірі алдап-арбап, ұрлауы үшін 
жаратылған».
* * *
«Қызғаныш пен қорқыныш – адамның ең жаман қасиеттері. 
Қызғаныш адамға достары мен таныстарының кірісін санатсызға
қорқыныш адамды үмітсіздікке жетелейді».


 18
19
ÒÎÌÈÐÈÑ


 20
21
Мидия, Лидия, Вавилония жəне Египетті басып алған парсы патшасы 
Кир ендігі кезекте өзіне көмектескен сақ жеріне көзін алартады. Кең 
далада емін-еркін жүріп өскен сақтардың күш-қуатын білетін Кир 
массагеттер жерін айламен өз қарамағына өткізуді қарастырады. 
Бұл кезде сақ патшасы қайтыс болып, елді оның жесірі Томирис 
басқарып тұрған еді. Осы сəтті жақсы пайдаланғысы келген Кир елшісі 
арқылы Томириске құда түсіп, əйел қылып алғысы келетінін білдіреді. 
Бірақ Томирис Кир өзіне емес, массагеттер патшалығына құда түсіп 
отырғанын түсініп, оның ұсынысынан бас тартады.
Тарихи аңыздарға қарағанда, Кир Томиристің жауабына қанағат-
танбай, əскерлеріне жарлық беріп, соғысқа дайындала бас тайды. 
Жауынгерлеріне қажетті азық-түлік, қару-жарақ өткізу үшін Аракс 
(қазіргі Арыс немесе Сыр өзені болуы мүмкін. – А.Ə.) өзеніне көпір 
салуға құрылысшыларына əмір береді. Өзенге көпір салынып, жеріне 
қауіп төнгенін сезген сақ патшасы:
– Мидия патшасы! Сен өз патшалығыңды билеп алсаң да жетеді. 
Біздің жерге көзіңді тікпе. Соғыспай-ақ қояйық. Ал бұл айтқанға 
көнбесең, көпір салып əуре болмай-ақ қой. Егер сақ жерінде соғысқың 
келсе, біз үш күндік жерге шегінейік. Сендер еш алаңсыз өзеннен 
өтіп алыңдар. Оған да көнгің келмесе, онда сендер үш күндік жерге 
шегініңдер, біз сендердің жерлеріңе өтіп, сонда соғысайық, – деп елші 
арқылы сəлем айтады.
Уəзірлерімен ақылдаса келе Кир сақ жерінде соғысуды қалайды. 
Томирис айтқан уəдесі бойынша үш күндік жерге шегініп, парсы 
əскерлеріне Аракс өзенінен өтуге мүмкіндік береді. Бірнеше күндерден 
кейін парсылар мен сақтардың барлаушы топтары кездесіп, қиян-кескі 
арпалыс басталады. Қайшыласқан айқаста Томиристің ұлы Спаргапис 
бастаған сақ жауынгерлері жеңіске жетеді. Бірақ бұл уақытша жеңіс 
еді. Спаргапистің ержүрек сарбаздары парсы əскерлерінің аз ғана 
тобымен қақтығысқан болатын. 
Алғашқы жеңісті тойлап отырған Спаргапис əскерінің үстіне 
Кирдың негізгі қолы келіп, көбін қырып жіберіп, біразын тұтқынға 
алады. Тұтқындардың арасында Спаргапис те бар еді. Мұны естіген 
Томирис шұғыл түрде Кирға елші жіберіп:
– Мидия патшасы! Сен мына болмашы жеңісіңе мақтанба! Сендер 
ашық айқастан қашқақтап, менің ұлымды айламен алдыңдар. Кир, 
енді сен менің ақылымды тыңда. Тұтқынға түскен ұлымды қайтар да, 
аман-есеніңде еліңе қайт. Бұған құлақ аспасаң, Тəңірімнің атынан ант 
етемін, қанша қомағай болсаң да мен сені қанға тұншықтырамын, – 
деп өз сəлемін жеткізеді.
Кир Томиристің сөзіне мəн бермейді. Парсы патшасының 
жарлығымен алдына алып келінген сақ ханзадасы қынабындағы 
қанжарын өзінің жүрегіне қадайды. Парсылардың мазағына тапталғысы 
келмеген Спаргапис ажалдан намысты жоғары қояды.
Баласының мерт болғанын естіген Томирис парсыларға қарсы 
жорығын бастайды. Екі жақтың да жауынгерлері шегінбестен ұзақ 
уақыт соғысады. Ақырында сақтар жеңіп, парсы əскерінің тас-талқанын 
шығарады. Жан алып, жан беріскен осы қақтығыста Кир патшаның 
өзі де бақилық болады. Парсы патшасының мəйітін тапқызып, басын 
алдырған Томирис: “Сен менің ұлымды зұлымдықпен мерт етіп, мені 
тірідей өлтірдің. Сондықтан да сені қанға тұншықтыруға ант берген 
едім. Енді сол қанды тойғаныңша іш”, – деп, кесілген басты қанға толы 
торсыққа салуды əмір етеді. Сақтардың əйел патшасы өз антын еш 
бұзбастан орындаған екен. 


 22
23
F°Í 
Ò¶£²Ð¡°ÒÒÀÐÛ


 24
25


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет