«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының кітап сериялары


Оң жақ беті /КТ. ІІ. 1–14/



Pdf көрінісі
бет32/134
Дата30.05.2023
өлшемі2.89 Mb.
#474470
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   134
АДЕБИ ЖАДИГЕРЛЕР 1 том

Оң жақ беті /КТ. ІІ. 1–14/
1. [...............] бірге Қоошу-тұтұқпен соғыстық. Ерлерін көп өлтірдік. 
Ебін (жұртын), барын-мүлкін түгел олжалап алып келді. Күлтегіннің 
жиырма жеті жасында қарлуқ халқы əрі-сəрі, толқып жүріп [ақыры] 
жау болды. Тамағ Ыдуқ басында соғыстық.
2. Күлтегін ол соғыста отыз жасар еді. Алып шалысты ағын мініп 
опыра шапты. Екі ерін найзаға шаншыды. Қарлұқтарды қырдық, 
алдық. Аз халқы жау болды. Қаракөлде соғыстық. Күлтегін отыз бір 
жаста еді. Алып шалысты ағын 
3. мініп опыра шайқасты. Аздардың Елтеберін тұтқындады. Аз халқы 
сонда қырылды. Ағам-қағанның елі толқуда болғанда, халық, елі 
екіге бөлінгенде, Ізгіл халқымен соғыстық. Күлтегін алып шалысты 
ағын мініп


 174
175
4. опыра шайқасты. Ол ат сонда құлады. Ізгіл халқы қырылды. Тоғыз-
оғыз халқы өз халқым еді. Тəңірінің, Жердің киесіне ұшырап жау 
болды. Бір жылда біз бес жолы соғыстық. Ең ілкі Тоғу-балықта 
соғыстық.
5. Күлтегін Азбан ағын мініп опыра шайқасты. Алты ерін шаншыды. 
Сол шабуылда жетінші ерін қылыштады. Екінші рет Құшлұғығда 
Едіздермен соғыстық. Күлтегін Аз қаракерін мініп, опыра шайқасып, 
бір ерін шаншыды.
6. Тоғыз ерін қоршап қырды. Едіз халқы сонда қырылды. Үшінші рет 
Болчуда оғыздармен соғыстық. Күлтегін азбан ағын мініп шапты, 
шаншыды. Əскерін найзаладық. Елін алдық. Төртінші рет біз Чуш 
басында соғыстық. Түрік
7. халқы қарсылыққа тап болды. Жаман əлсіреді. Жау қолының алғы 
шебіне Күлтегін [қолын] қарсы жіберді. Тоңраның бір алыбын, он 
ерін Тоңа-тегіннің киелі кешеніне иіріп [қойып] өлтірдік. Бесінші 
[рет] Езгенті-қадазда оғызбенен соғыстық. Күлтегін
8. Аз қаракерді мініп шайқасты. Екі ерін шаншыды. Қалаға бармады. 
Ол қол сонда қырылды. Мағы-қорған қыстап, жазына оғызға қарай 
қол аттандырдық. Күлтегін жұртты бастап қорғаныста қалды. Оғыз 
жау орданы басты. Күлтегін
9. Жетімек ағын мініп тоғыз ерін шаншыды. Орданы бермеді. Анам-
қатын, кейінгі шешелерім, əпкелерім, келіндерім, ханымдарым – 
осылардың бəрі күң болатын еді. Өлігі жұртта, жолда қалатын еді.
10. Күлтегін жоқ болса, бəрің өлімші едің. Інім Күлтегін қаза болды. 
Өзім қайғырдым. Көрер көзім көрместей, білер білігім білместей 
болды. Өзім қайғырдым. Уақытты Тəңірі жасар, адам баласының 
бəрі өлмекке туған.
11. Осылайша қайғырдым. Көзге жас келсе – кетер, көңілге шер кел-
се – ұмытылар. Қайғырдым. Қатты қайғырдым. Екі шад, соңымдағы 
туғандарымның, ұрпақтарымның, бектерімнің, халқымның көзі
қасы əз болады-ау деп қайғырдым. Жоқтаушылар, жылап-сық тау-
шылар, қытай (кидан), татабы халқын бастап
12. Удар-Сеңүн келді. Табғач қағаннан Іси Лікең келді. Бір түмен тор-
ғын, есепсіз алтын, күміс əкелді. Түпүт (тибет) қағанынан Бөлен 
келді. Артқы күнбатыстан Соғда, Бершекер, Бұхарақ Ұлыстары ның 
халқынан Нек-сеңүн, Оғул-тархан келді. 
13. Он-иелік əулетім Түргеш қағаннан Мақараш-таңбашы (мөр ұс тау-
шы), Оғыз Білге таңбашы келді. Қырғыз қағаннан тардуш Ынанчу-
чор келді. Барық (храм ) тұрғызушы бедіз жасаушылар, бітіг тас 
(ұстын) жасаушылар [мен бірге] табғач қаған жиені Чаң-сеңүн 
келді.
14. Күлтегін қой жылы [тоғызыншы айдың] он жетісінде ұшты. То-
ғызыншы айдың жиырма жетісі күні жерледік. Барқын, бедізін, бітіг 
тасын мешін жылы жетінші айдың жиырма жетісі күні аяқтадық. 
Күлтегін қырық жеті жасында өтті. Тас, барық жасаушылар мен 
шеберлерді бастап Туйғын Елтебер келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   134




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет