Солтүстік беті /БК. ІІ. 1–16/
1. [............] табғачтың он жеті мың əскерін алғашқы күні қырдық.
Жаяу əскерін екінші күні қуып қырдық. [..............] жиылып барды
[..........].
2. [..........] рет аттандым. Отыз сегіз жасымда қыста қытайға (кидан)
қарсы аттандым. Отыз тоғыз жасымда жазда татабыға қарсы
аттандым .[...............].
3. Мен. .[.............] өлтірдім. Ұлын, қатынын, жылқысын, барын алдым.
[.....] бағындырып халқын
4. Халық . . . . [. . . . . ............... ] қатынын жоқ қылдым
5. аттанып [. .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . .....]
6. соғыстым [. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. .]
үшін
7. бердім. Алып ерлерін өлтіріп балбал қыла бердім. Елу жасымда
татабы халқы қытайға (кидан) бағынды. . . . [. . . . .. . . . .]
Төңкер-тауда. . . . . .[ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ]
8. Қу-сеңүн бастаған төрт түмен /қырық мың/ қол келді. Төңкер-тауда
шабуылдап жауладым. Үш түмен /отыз мың/ қолды қырдым. Бір [. .
. . . . . . . . . ] болса [. . . . .] талқандадым. Татабы [............................].
9. қырылды. Үлкен ұлым ауырып қайтыс болды. Қу-сеңүннің
балбалын тігіп (тұрғызып) бердім. Мен он тоғыз жыл шад болып
отырдым. Он тоғыз жыл қаған [тағында] отырдым. Ел тұтдым.
Отыз бір жасымда . . .... . .[. . . . . . . . . . . . . . .]
10. Түркіме, халқыма осынша игілік жасадым. Бұнша иелік етіп
Əкем-қаған ит жылы оныншы айдың жиырма алтысында ұша
барды. Доңыз жылы бесінші айдың жиырма жетісінде киелі орнын
жасаттым. Бұқұқ-тұтұқ [...............................]
11. ханы Лисун Тай-сеңүн бастаған бес жүз адам келді. Сəнді қыш
ыдыстар, алтын, күміс есепсіз əкелді. Киелі орынға жұпар
[ағаш] (бəйтерек) тігіп (отырғызып) берді. Шынар ағашын өздері
отырғызды.
12. Осыншама халық құлағын, шашын кесті. Жақсы өздік атын
(бəсіресін), қара бұлғын, көк тиынын /құндыз/ есепсіз шашып
таратты
13. Тəңір текті Тəңірі жаратқан түрік Білге қаған [менің ] сөзім. Əкем
Түрік Білге қаған [тақта] отырғанда түріктің қазіргі бектері арттағы
тардуш бектер, Күүлі-чор бастап ұласқан шад, апалар, бектер; өңіре
төлес бектер, апа тархан
14. бастаған, ылғи шад, апалар, бектер; бұл. . . [. . . . . . .]. . . Таман-тархан,
Тұй-ұқұқ бойла баға-тархан, ылғи бұйрықтар (қолбасшылар), [. . .
. . . . . ]. . . . Орда бұйрығы (қолбасшысы) Себіг Күл-еркін бастаған
ылғи қолбасшылар – осыншама бүгінгі бектер Əкем-қағанға ер теңі
(үзеңгілес; арқа сүйер, сүйеніш) болды.
15. Ер теңін [ол] мақтан етті. Бүгінгі түрік бектерін, халқын мақтан
етіп, марапаттады, сый-сыяпат ұсынды. Сонысы үшін Əкем-
қағанның мүсін тасын, киелі орнын түрік бектері, халқы дайындап
əкелді. Өзіме мұнша. . .[. . . . . . . . . . . . . . ]. . . .
16. Білге қаған бітігін (жазуын) Иоллығ-тегін мен жаздым. Осыншама
барықты, мүсіндерді түрік Білге қағанның аталығы (ұстазы)
Иоллығ-тегін мен бір ай төрт күн отырып жаздым. сін жасаттым.[.
. . . . . . ..]
184
185
Достарыңызбен бөлісу: |