«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым»
220
Облыстық жоспарлау бөлімінің 1942 жылғы есебі бойынша қала және ауылдық
мекендердегі еңбекке жарамды азаматтарды пішен шабу, егін күтімі, егісті жинау науқандық
жұмыстарына мобилизациялауға – 14 294 адам, оның 7830-ы аудандардан, қалғанын қала
есебінен моблилизациялау жоспарланған.
Сырдария ауданы «Казрис» колхозы оқушыларының облыс
колхоздарындағы балаларға
үндеу хатында былай делінген: «Жақында біз М.И. Калининнің жастарға хаты мен Пензен
облысының ауылшаруашылығы озаттарының хатын талқылап, өз колхозымызда егісті еш
шығынсыз, жалғыз дән қалдырмастан жинауға шешім қабылдадық.
Масақ жинауға мектеп
отрядынан 50 оқушыны ұйымдастырдық және мектепке дейінгі 6-7 жастағы балаларды колхоз
ісіне тарттық. Жиналған масақты өз күшімізбен үгітіп, жиналған дәнді біздің сүйікті Қызыл
Армия қорына өткіздік. Масақ жинауға мұғалімдердің басшылығымен 125 оқушы және мектепке
дейінгі балалар шықты. Алғашқы екі күнде біз 8 га жердің масағын теріп, оны үгітіп, алынған
240 кило дәнді Қызыл Армияға өткіздік. Облыстың барлық колхоздарының балаларын біздің
ісімізді үлгі қылуға шақырамыз, колхоздарға егісті, масақты жинауға көмектесуге, үгітілген
бидайды біздің Қызыл Армия қорына өткізуге шақырамыз. Жас достар! Бәріміз бірдей масақ
жинауға жұмылайық» [2].
Сұрапыл соғыс жылдарында Сыр елінің еңбекшілері халқымызға
тән төзімділік пен
қайсарлық, парасаттылық пен адамгершіліктің, қаһармандық еңбектің үлгісін көрсетті.
Фабрикалар мен заводтарда, колхоздар мен совхоздардың егін далаларында жігіттер мен
қыздар, жасөспірімдер дамыл таппай еңбек етті.
Майдан үшін жасалған бүкіл қамқорлықтың бірі – Қызыл Армия жауынгерлеріне жылы
киімдер жинау жұмысы болды. Республикамыздың кәсіпорындары және бүкіл
еңбекшілер
болып жылы киім жинауға атсалысты. Көп жерлерде киім тігетін, пима басатын, тері илейтін
шеберханалар ұйымдастырылды. Қаладағы өнеркәсіптік кәсіпорындар мен артельдердің 1941
жылдың жұмыс қорытындысы туралы қалалық жоспарлау бөлімінің бастығы Айрапетян
жолдастың баяндамасында артельдер Отан соғысы күндері өндірістің жаңа түрін өндіруді
ұйымдастырып, қамыт, байпақ, қысқа тон, әскери киім тігетін шеберханалар санының көбейгені
айтылады.
Қызылорда облысының мемлекеттік архив қоры құжаттарында мәлім болып отырғандай,
1941 жылдың маусым айынан – қазан айының 15 жұлдызына дейінгі мерзімде Отан қорғау
қорына облыс еңбекшілері 2 млн. 449 мың сомның облигациясын, 916 мың нақты ақша жинап
жіберген. Осы 4 ай мерзім ішінде 1298 ц. астық, 134 ц. ет, 6 ц. сары май жіберген. Сонымен
қатар жауынгерлерге арнап 708
қысқа тон, 2215 пима, 3480 қалпақ, 1920 жүн шұлық, 2319
мақталы шалбар, 2987 құлақшын, 878 қалың көйлек тағы басқа көптеген киімдер жіберген. Бұл
дүниені, мүліктерді жинастыруға сол кездегі облыстың территориясындағы 266 колхоз, 359
өндіріс, мекеме, ұйымдар қатысқан [3].
Отан соғысы күндерінде өнеркәсіптік кәсіпорындар қатарында және артельдерде стахановшы,
етікшілердің саны артты. Мысалға, «Трудовик» артелінде 1941 жылдың 1-шілдесінде 8 адам
жұмыс істесе, 1942 жылдың 2 қаңтарында 33 адамға көбейді. «Красная звезда» артелінде 14
адам болды, ал 1942 жылы 1 қаңтарында 99 адам болған, ал күріш зауытында 25 адамнан 37
адамға көбейді.
5 мың, 10 мың, 50 мың, 70 мың, 150 мың, 200 мың сом бергендер және қой, ешкі, сиыр
сияқты малдарын атағандар саны көптеп кездеседі. Ол кісілердің біршамасына Сталин жеке-
жеке алғыс хат жолдаған. Сондай алғыс хат иеленгендердің бірі Сырдария ауданы «1 май»
колхозының бригадирі Құлаш Баймағамбетов. Ол «Қазақстан колхозшысы» атты авиация
құрамасын жасау қорына 325 мың сом өткізіп, Қызыл Армия қорына 180 пұт астық тапсырыпты.
Сондай-ақ осындай ірі сомада 305 мың рубль өткізген Сырдария ауданы «Казрис» колхозы
колхозшысы Шохатай Қоянов болды.