141
UNIX-жүйесінде әр файлдың екі иесі бар:
пайдаланушы-иесі және
топ-иелері. Сонымен қатар пайдаланушы иесі топ иелерінің мүшесі
болуы міндетті емес, бұл әр түрлі пайдаланушылар үшін файлдар мен
каталогтарға қолжетімділікті оңтайлы басқаруға мүмкіндік береді.
6.1- сурет. Субьект—объект—қол жеткізу құқығы үштігінің көмегімен
қол жеткізу құқығын беру
drwxrwx ---
4 nikita users
-rwxr-x --- 1 nikita users
-rwxr-x --- 1 nikita users
drwxrwx ---
2 nikita users
-rwxr-x --- 1 nikita users
0 Apr 28 23:25 texmf 375
Apr 26 04:27 textmode.o 452
Apr 26 04:27 readmode.o 0 Apr
28 23:22 tk8.4 2948 Sep 2
20:03 tkConfig.sh
Файлдар мен каталогтар иелері туралы ақпарат алу үшін l
команданың кілті ls. ls -l командасы
ағымдағы каталогтағы файл
туралы ақпаратты мына түрлері бойынша шығарады:
Үшінші бағанда файлдың пайдаланушы-иесінің тіркелген атын, ал
төртіншіде – топ-иелерінің тіркелген атын шығарады. Бірінші бағанда
файлға қолжетімділік құқығын беретін файл атрибуттары туралы
ақпаратты құрайды.
Бағанадағы бірінші символ файлдың түрін береді. Каталогтар үшін
бірінші символ d мәнін, ал қарапайым файлдар үшін — сызықты
білдіреді. Басқа да файл түрлері бар.
Екіншіден оныншыға дейін символдар үштік символдарға бөлінген
(триады), олардың әрқайсысы нақты субьектінің қолжетімділік
құқығын анықтайды. Бірінші триада файлдың пайдаланушы - иесінің,
143
екінші триада –
пайдаланушы-топтың, ал үшінші триада – жүйенің
пайдаланушылар үшін құқығын анықтайды.
Солай, textmode.o файлы үшін пайдаланушы- иесінің файлға толық
жеткізу құқығына (яғни, оқу, жазу, орындалуға құқығына ие),
пайдаланушылар – тобы оқуға және орындалу құқығына ие, ал жүйені
пайдаланушылардың қалғаны бұл файлға ешқандай қолжетімділік
құқығына ие болмайды.
R, w және x атрибуттарының файлға іс-әрекеті жеткілікті көзге
көрінерлік — бұл атрибуттар файлдар үшін Open, Read және Write
жүйелік шақырылымдардың орындалу мүмкіндігін анықтайды.
Файлды оқу құқығы болса, пайдаланушының бағдарламасы бұл
файлды Open шақырылымымен аша алады және ақпараттарды Read
шақырылымен оқи алады.
Сондай-ақ, жазу құқығы болса,
пайдаланушы бағдарламасы Open және Write шақырылымдарын
қолданады. Бағдарламаның орындалатын файлында орнатылған
бағдарламаның орындалуына құқық, пайдаланушыға бағдарламаны
басқаруды береді, сонымен қатар операциялық жүйе Open және Read
көмегімен, бағдарламаның орындалатын
кодын оперативті жадығы
береді және оған басқаруды жібереді.
Каталогтар үшін r, w және x атрибуттары енді көзге көрінерліктей
емес, және бірінші ретте каталогтар үшін Open, Read и Write жүйелік
шақырулар ерекшеліктерімен байланысты.
Каталог үшін r қолжетімділік құқығы, каталогта сақталған
файлдардың атын оқуға мүмкіндік береді. Бұл файлдарға
қолжетімділік мүмкіндігі файлдарға қолжетімділік құқығымен
анықталады.
Каталогтар үшін x қолжетімділік құқығы метаақпарат блогында
сақталған каталог файлдары барлық атрибуттарын алуға мүмкіндік
береді. Егер x құқығы каталогтар және кіші каталог үшін орнатылған
болса, онда ол берілген каталогқа өтуге мүмкіндік береді, яғни оны
ағымдағы етеді.
Каталогтағы жазу мүмкіндігі
каталог мазмұнын өзгертуге
мүмкіндік береді, яғни осы каталогтағы файлдардың пайда болуына
және өшірілуіне мүмкіндік береді. Мұнда, каталогтағы жазу құқығы
бар болса, оған дейін қолжетімділік құқығы болмаған файлдарды
өшіру мүмкіндігі бар екенін айта кету керек. Егер Unlink жүйелік
шақыруының әрекетін еске түсірсек, жүйенің бұл күйін түсіну оңай —
ол ақпарат жинағында қатқыл сілтемені, ақпарат жинағының өзін
өзгертпей-ақ, өшіреді. Бұның ізінше,
әсіресе каталогтағы жазуға
қолжетімділік құқығын тағайындағанда сақ болу керек.