136
Т
АРАУ
6
ЖҮЙЕ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ
ЖҮЙЕ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫ ЖҮЙЕГЕ КІРУ
Алдыңғы тарауда, пайдаланушыға қолжетімді, операциялық жүйемен
өзара әрекеттесетін негізгі тәсілдер көрсетілген.
Осы ретте, осы кітапта
негізгі қаралатын - UNIX операциялық жүйесі - көп пайдаланушы
екендігін ұмытпаған жөн. Осы тарауда көп пайдаланушыны сүйемелдеу
қалай ұсынылатыны, яғни негізінен, сеанстарды басқару мен
ақпараттарды қорғау қозғалады.
UNIX-жүйесімен жұмыс сеансын бастау үшін
өзіңіздің есептікке алу
деректеріңізді
—
жүйеге
кіру
шақыртуына
жауап
ретінде
пайдаланушының аты мен паролін енгізу қажет. Жүйеге кіру шақыртуы
әдетте, жүйенің жүктелімі аяқталған соң, терминалда пайда болады.
UNIX орнатылған серверге қосылу
telnet терминалының желілік
хаттамасы арқылы жүргізіледі. Мұндай желілік қосылу кезінде
пайдаланушы компьютерінің экранына, сервермен
қызмет көрсетілетін
логикалық терминалдың бірінің экранынан ақпараттар жіберіледі, ал
пайдаланушының пернетақтамен енгізген ақпараттары, серверге
жіберіледі.
Екі жағдайда да, жүйеге кіруге шақырту шамамен осылай көрінеді:
login:
Бұл шақыртуға жауап ретінде, өзіңіздің есептікке алу деректеріңізді
енгізу талап етіледі, осыдан кейін экранға пароль сұрау салу шығады.
137
password:
Егер пайдаланушымен енгізілген есептікке алу деректері (логин) мен
пароль
дұрыс болса, онда жүйеге кіру жүргізіледі және негізгі
командалық интерпретатор іске асырылады, яғни пайдаланушының
жүйедегі жұмыс сеансы кезіндегі белсенді болып табылатын,
командалық интерпретатор. Бұл командалық интерпретатордың
аяқталуы, пайдаланушы жұмыс сеансын аяқтайды.
Әдеттегідей
жүйелердің көбісі, пайдаланушылар үшін BASH командалық
интерпретаторы колданылады.
Егер жүйенің пайдаланушысы адам болып табылса, жоғарыда
қарастырылғандардың бәрі әділетті. Дегенмен бұл әрқашан дұрыс
болмайды - жүйенің пайдаланушысы ретінде, операциялық жүйе
ұсынатын,
обьектіні пайдалану құқығы бар, кез келген обьекті болуы
мүмкін. Мұндай құқықтарға үлгі болып, нақты файлдарға қол жеткізу
құқықтары қызмет етеді, бағдарламалар орындалуының іске қосылуы,
басып шығару құрылғыларына қол жеткізу.
Пайдаланушылардың рөлінде, белгілі бір құқықтар жинағымен іске
асырылатын бағдарламалар болуы мүмкін. Мұндай бағдарламалар
нақты
пайдаланушының атымен іске асырылады, мұндай жағдайда олар
псевдопайдаланушы деп аталады
. Мысалы, UNIX- жүйедегі типті
псевдопайдаланушы — mail есептікке алу деректері бар пайдаланушы.
Бұл пайдаланушының атына, электронды пошталардың хабарламалар
кезегін басқару, хабарламаларды
жеткізу және мекенжайларға
тасымалдау
жүргізіледі.
Қарапайым
пайдаланушы,
әдетте
псевдопайдаланушы атымен жүйеге кіре алмайды, себебі жүйеге кіру
шақыртуының көмегімен қолжеткізу мүмкіндігі, псевдопайдаланушылар
үшін блокталған.
Қарапайым пайдаланушылар мен псевдопайдаланушылардан басқа,
жүйеде жүйе әкімшісідің қызметін атқаратын, ең кемі бір
суперпайдаланушы бар. Бұл пайдаланушыда операциялық жүйемен
ұсынылатын, барлық ресурстарға қолжеткізу мүмкіндігі бар. UNIX-
жүйелерінде бұл пайдаланушы әдетте root есептікке алу деректерге ие.
Достарыңызбен бөлісу: