Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ҮЙ КАТАЛОГЫ



Pdf көрінісі
бет99/158
Дата01.07.2023
өлшемі3.83 Mb.
#475485
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   158
операциялық жуйелер

ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ҮЙ КАТАЛОГЫ 
Операциялық жүйеде жұмыс істейтін әр пайдаланушыға жеке 
файлдарын сақтайтын және жұмыс жасауға арналған каталогтар бөлінеді. 
Мұндай каталог дәстүрлі үй каталогы деп аталады. Әдетте үй 
каталогтары пайдаланушының логиніне сәйкес келетін атауларға ие
және /home каталогында орналасқан. Мысалы sergey пайдаланушысы 
үшін үй каталогы әдетте /home/sergey атауына ие. 


138 
Үй каталогын атаулы жолмен көрсету үшін ~ мнемоникасы 
қолданылады. Мысалы өзіңіздің үй каталогыңызға өту үшін команданы 
енгізу қажет. Үй каталогының dirname шағын каталогына өту үшін 
cd ~/dirname
командасын енгізу қажет. 
Пайдаланушының белгілі логинмен үй каталогына өту үшін ~name> мнемоникасы қолданылады. Мысалы, nick пайдаланушысының 
үй каталогына өту үшін
cd ~nick
енгізуі талап етіледі. 
Осы ретте «бөгде» үй каталогына өту, осы каталогқа қолжеткізу 
құқықтары жеткілікті болғанда ғана жүзеге асады (6.4 тармағын 
қараңыз). 
Бұдан басқа, үй каталогының атауы дәстүр бойынша, $HOME 
айнымалы шеңберінде тұрады. Сәйкесінше, кез келген уақытта
cd $HOME
командасының көмегімен, өзінің үй каталогына өтуге болады.
Бұл айнымалының мәнін BASH құралдарымен өзгертуге болады, 
бірақ былай жасауға кеңес берілмейді —UNIX жүйелік утилиттардың 
көбісі бұл айнымалының мәнін, бұл бағдарламалардың баптауларымен 
бірге файлдарды сақтау үшін мүмкін болатын жолдарды анықтау үшін 
қолданады. Егер $HOME айнымалысында еркін мәндері көрсетілсе, 
баптауларды сақтау мүмкін емес болады, ал кейбір бағдарламалар 
жұмысқа қабілетсіз болып қалады.
 ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫ СӘЙКЕСТЕНДІРУ 
Жүйенің әр пайдаланушысы берілген жүйенің шегінде бірегей 
есептікке алу деректеріне (логин) ие болады. Бірақ, бұл атау тек 
пайдаланушының ыңғайлылығы үшін тағайындалады — операциялық 
жүйе пайдаланушыларды бірегей идентификаторы бойынша айырады 
— UID (User IDentifier). UID идентификаторы бүтін санды, үлкен немесе 
нөлге тең санды ұсынады. UID, пайдаланушының есепке алу аты сияқты 
бірегей. 
Одан басқа, әр пайдаланушы үшін UID және логин, пароль, 
паспорттық атауы, үй каталогына жол, әдеттегідей командалық 
интерпретатордың орындалатын файлының толық атауынан тұратын 


139 
жүйелік және анықтамалық ақпараттарды, атрибуттар жинағын 
анықтайды. Бұл ақпараттар /etc/passwd файлында сақталады. Әр 
пайдаланушы туралы ақпарат жеке жолда тұрады, атрибуттары «:» қос 
нүктемен бөлінген. Атрибуттардың сатылығы мынадай: тіркеме атауы, 
пароль (қысқартылған түрде) 6 пайдаланушының идентификаторы (UID), 
топтардың идентификаторы (GID), паспорттық атауы, үй каталогына 
жол және командалық интерпретатордың толық атауы. Мысалы, UID 
1001 ие пайдаланушы Вася Пупкин, /etc/passwd файлында келесі жолмен 
ұсынылады: 
vasya:Fes8s9xapl:1001:10:Vasya Pupkin:/home/vasya:/bin/bash 
Пайдаланушы әрқашан бір немесе бірнеше пайдаланушылар тобының 
мүшесі болып табылады. Егер де пайдаланушы, жүйеге қолжетімділігі 
бар тек бір адам болса, онда ол минимум «Жүйенің пайдаланушылары» 
(әдетте users атауымен) немесе «Әкімгерлер» тобының (әдетте root 
атауымен) мүшесі болып табылады.
Пайдаланушылар 
тобы 
— 
тізім 
ретінде 
берілетін, 
пайдаланушылардың көпшілігі. Пайдаланушылардың топқа бірігуі, 
әдетте пайдаланушылармен орындалатын міндеттерді шектемеу 
принципі бойынша жүргізіледі. Осылай, жеке топтарға жүйенің 
әкімгерлері бөлінеді.
«Білімді бақылау» жүйесінде пайдаланушылардың келесі топтарын 
бөлуге болады: жүйенің өңдеушілері, студент, оқытушы. Осылай 
топтарға бөліп, бірінші кезекте пайдаланушылардың жүйеге рұқсатының 
әр түрлі деңгейлеріне ие болуымен байланысты.
Осылай, өңдеуші, жүйенің негізін құрайтын тапсырмаларын жаңалап 
отыруға және жүйенің каталогтар құрылымын жетілдіре алатын 
мүмкіндікке ие болуы керек; оқытушы бақылау жұмыстарының базасын 
жаңалауға және орындалған жұмыстарды тексеретін құқыққа ие болуы 
керек, ал студент — алынған жұмыстарды қарау және орындау 
мүмкіндігіне ие болады.
Жүйенің жұмыс каталогтарының атауларына сәйкес келетін, жүйенің 
өңдеушісі devel есептікке алу деректердің, оқытушы— teacher, 
студенттер — ерікті атауға ие болады. Одан басқа, teacher және devel - 
кейбір каталогтарға студенттердің қол жеткізу құқығын шектейтін teacher 
тобына кіреді. 
Әр топ бірегей есептікке алу деректері мен GID тобының бірегей 
идентификаторына (Group IDentifier) ие болады.. 
Жүйеде анықталған топтар туралы ақпараттар, /etc/group файлында 
сақталады. Әр топ туралы ақпарат жеке жолда орналасады, топтардың 
атрибутттары «:» қос нүкте символдарымен бөлінген. Атрибуттардың 
сатылығы 
мынадай: 
топтардың 
тіркеме 
атаулары, 
топтардың 
жағдайларының 
жалауы 
(әдетте 
«*» 
символы), 
топтардың 


140 
идентификаторы (GID), үтірмен белгіленетін, топтарға кіретін 
қолданушылардың тізімі. Файл жолының үлгісі /etc/group төменде 
көрсетілген: 
users:*:1001:sergey,nick,alex 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   158




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет