26
құрылғылары (принтерлер) толықтырып отырды.
Терминалдардың
осындай
конфигурациясы
Олимпиада-80
ақпараттық кызмет көрсету үшін Мәскеуде 1980 ж. және 1985 ж.
Жастар және студенттер фестивальін өткізгенде кеңінен қолданылды.
CDC фирмасының оқу терминалдары құрылған, оларды электронды-
сәулелік түтіктің орнына плазмалы панель орнатылған. Бұл
символдардың бейнеленуінің жоғары тұрақтылығын қамтамасыз етті,
оған қоса, экран жазықтығы оған микрофильмдер суреттерін
проекциялау мүмкіндігін берді, осылайша байланыс жолағындағы
мәтіндік ақпаратты толықтырды.
Терминалға мәліметтерді алдын ала өңдеуді тапсыруға да болатыны
өте тез түсінікті болды: символдық жолақтарды редакциялау, шағын
көлемді деректерді сақтау, баспаны басқару. Бұндай терминал
байланыс желісінен де орталық есептеуіш құрылғының да жүктемесін
жеңілдетеді. Интеллектуалдық терминал туралы айтыла бастады.
Дербес
компьютерлер
және
желілер.
Келесі
қадам
интеллектуалдық терминалды өзінің орталықтандырылған процессоры
бар, өзінің оперативті жады және сыртқы құрылғылар жиынтығы бар
өз бетімен есептеу құрылғысына айналдыру. Тіке қолжетімді магниттік
жинақтаушы негізінде деректерді жинау шағын құрылғысының тез
дамуы олардың сыйымдылығы және қолжетімділік жылдамдығы
пайдаланушының жеке ақпараттарын орналастыруға толық жететін
дәрежеге жетті. Бір сәтте пайдаланушылардың барлық мәселелері
шешілгендей болып көрінді. Олар монополиялық иемденуге өздерінің
жеке есептеуіштеріне ие болды — дербес компьютер (ДК, Personal
Computer — PC).
ДК бірінші операциялық жүйелерінде мультибағдарламалану
дамыған құрылғылары және деректерді сақтау құралдары болған жоқ.
Бұл бір пайдаланушылы, бір мақсатты операциялық жүйелер болды,
бірақ бұлай ұзаққа жалғасқан жоқ. Орталықтандырылған деректер
қорына қолжетімділік алуға деген талпыныс байланыс желілердің
дамуына алып келді. Пайдаланушының тапсырмаларын орындауда
және әртүрлі мәселелер қатарында тек бір ДК ресурстарымен
қамтамасыз етіле алмады. Жады көлемінің өсуі және ДК
микропроцессорлардың тез әрекет етуі мульти бағдарламалау және көп
мақсаттылыққа өтуге мүмкіндік берді.
Алдыңғы деңгейде дамыған телефон желілері деректердің қажет
көлемін жіберуге шамалары келмеді. Көлемі жүз байт жолақтық
ақпаратты орталық есептеуіштен терминалға жіберу кезінде жеткілікті
болған секундына мың және он мыңдаған биттер жылдамдығы
жеткіліксіз болды. Шынымен де, 1 Мбайт қарапайым суретті жолдау
|