27
үшін бір жарым-екі минут қажет болады.
Сол себептен ДК дамуы, олардың пайда болу бірінші деңгейіне
қаншалықты қызық болып көрінгенмен жоғары жылдамдықты
байланыс желілерінің дамуын лезде ынталандырды. Операциялық
жүйелер құрамында желілік алмасу бағдарламалық қызметінің болуы
ажырамас бөлікке айналды. Негізінде бұл атқарымдарды стандартты
атқарымдар кітапханасының ары қарай дамуы деп қарастыруға болады.
бір жағынан қарасақ — бұл желілік қолжетімділік ережелерін және
ұйымдастыру туралы өз келісімдері бар деректерді басқарудың
заманауи жүйесінің бөлігі.
UNIX және WINDOWS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
ТЕГІ
Windows және UNIX тегінің операциялық жүйелері және олардың
тармақталуы қазіргі уақыттағы ең танымал және белгілі болып
табылады. UNIX операциялық жүйелері операциялық жүйелердің
ішіндегі ең ескі тармағы болып саналады, UNIX-операциялық жүйелері
әлі де кеңінен қолданылады және өз өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Бір операциялық жүйе туралы емес, UNIX тегінің операциялық
жүйелері туралы айтудың басты себебі, UNIX -тегі әртүрлі, көп
жағдайда бір-бірімен байланысты емес өнертапқыштар ұжымдарында
ұзақ уақыт дамыды.
UNIX ОЖ алғашқы нұсқасы 1969 ж. AT&T фирмасының Bell Labs
зертханасының бірнеше бағдарламашылары шығарды және PDP-7
компьютерінде жұмыс жасады. Операциялық жүйе зертхана
қызметкерлерінің тәжірибелік тапсырма міндеттерін шешу мақсатында
пайдаланылды және де оны кеңінен тарату жоспарда болған жоқ.
Біршама уақыт өткеннен кейін операциялық жүйенің көп бөлігі
ассемблер тілінен С тіліне қайта жазылды, бұл өз кезегінде
операциялық жүйені басқа көптеген платформаларға ауыстыруға
мүмкіндік берді. Қазіргі таңда UNIX көптеген ағымдағы
архитектураларға жұмыс жасайды және көбісіне басты ОЖ болып
табылады.
AT&T ойлап шығарылған UNIX-жүйелерінің ары қарай дамуы
және олардың туындысы System V (бесінші нұсқа) деп аталады,
қысқартылуы SysV (кейде АТ&Т-нұсқасы UNIX деген атау
|