41
жасыруға мүмкіндік береді — пайдаланушы файлды атауы арқылы
іздейді, ал операциялық жүйе осы атау бойынша деректер жинағы
идентификаторын табады.
Деректер жинағы идентификаторы мен файлдар атауы арасында
сәйкестік файлдарды орналастыру кестесі деп аталатын дисктік
кеңістіктің арнайы аумағында сақталады. Әр деректер жинағына
файлдардың бірнеше атауы салыстырылуы мүмкін. Осындай әр
сәйкестік файлдарды орналастыру кестесінде бөлек жазба болып
жазылады және UNIX-жүйесінде қатты сілтеме деп аталады.
Қатты сілтеме бір дерекке бірнеше файлдар атауымен жүгінуге
жағдай жасайды. Бұл деректі әрқайсысы тек белгілі бір кеңейтілуі бар
файлдармен ғана жұмыс істейтін бірнеше бағдарлама көмегімен өңдеу
қажет болса ыңғайлы.
Деректер жинағы қызметтік блогының UNIX-жүйесінде деректерге
қолжетімділік режимі туралы ақпарат (қолжетімділік құқығы, 6.4
тарауды қарау қажет) сақталатындықтан, бұл ақпарат барлық қатты
сілтемелер үшін бірдей болады.
Қатты сілтемелерден бөлек символикалық сілтемелер бар — осы
сілтеме көрсететін файл атауын сақтайтын арнайы файлдар (сурет –
2.4). Осылайша символикалық сілтеме деректер жинағына емес файлға
сілтеме жасайды. Бұл сілтеме жиі өзгертілгенде немесе әртүрлі
сілтемелерге әр түрлі қолжетімділік құқығын беру қажет болған кезде
ыңғайлы.
Деректер жинағының құрылымы көп жағдайда деректерге
қолжетімділік режимін анықтайды. Мысалы, деректер жинағының
блогын тізбекті кластерлерге орналастырған кезде немесе сызықтық
тізім
пішінінде
ұйымдастырған
кезде
деректерге
тізбектей
қолжетімділікті ұйымдастырған оңай — берілген деректер орнына
барлық жүгіну тек алдыңғы деректер блогының барлығын алдын ала
асып кеткеннен кейін мүмкін. Блоктар номері тізімін сақтауды
ұйымдастыру туынды қолжетімділілкті ұйымдастыру кезінде өте
ыңғайлы — белгілі бір блокты алу үшін оның номері қызметтік
блоктан тауып алған деп есептеу жеткілікті.
Деректерге қолжетімділік режимі тек файлдық жүйемен
анықталмайды. Егер деректер құрылымын және оның ары қарай
өзгеруін жинақтауыштағы деректердің физикалық құрылымына дейін
қарай беруді жалғастырсақ, деректер бірнеше түрлендіруден өтетінін
көруге болады (сурет – 2.5), сонымен қатар әр деректерді пайдаланушы
(мысалы, пайдаланушы бағдарламасы немесе файлдық жүйе) өздерінің
|