Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет29/158
Дата01.07.2023
өлшемі3.83 Mb.
#475485
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   158
операциялық жуйелер

 
 
 
ДИСКТЕ АҚПАРАТТЫ САҚТАУДЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРУ 
Жүйемен жұмыс сеансы барысында пайдаланушы өзінің деректерін 
жаңартады және өзгертеді, мысалы құжаттар, суреттер, бағдарламалар 
мәтіндері. Көп жағдайда пайдаланушы мәтін теріп, оның қатты 
көшірмесін шығару мақсатында баспадан шығарып өз жұмыс сеансын 
аяқтай алады. Бұл кезде пайдаланушы өз жұмысының нәтижесін алады
— басып шығарылған нұсқасы, ал терілген мәтін аралық дерек болып 
саналады, оны сақтаудың қажеті жоқ. Көп кездесетін жағдайларда 
мәтін көлемі көп болып, пайдаланушы оны бір жұмыс сеансында 
аяқтай алмауы ықтимал. Ондай жағдай болса оны пайдаланушы жүйеге 
жүгінгенде сақтау қажет. Мәтін сақталатын дерекке айналады.
Пайдаланушы 
деректерін 
ұзақ 
сақтау 
үшін 
деректерді 
жинақтауыштар қолданылады. Олар — дискті (қатты дисктер, CD- 
және DVD-дисктер, флоппи-дисктер), ленталық (стримерлер) немесе 
қатты денелі (flash-жинақтауыштар). Жинақтауышпен байланысты 
операциялық жүйе жасайды, ал пайдаланушы деректерінің бірлігі бұл 
жерде файл болып саналады. 
Файл (кейде оны деректер жинағы деп атайды) пайдаланушы 
белгілейтін бірегей атауы бар, дискте сақталатын деректер деп 
қарастыруға болады. Файл деректерінің пайдаланушының қолданбалы 
бағдарламалары қолдануына арналған форматтары болады. Мысалы, 
кітап дискте book.txt атауы бар файл түрінде сақтала алады, ал мәтіндік 
форматта txt. 
Файлдар атауы ұзақтығы шектеулі символдық жолақтар (әдетте 8 
дейін немесе 255 символға дейін), олар файлда сақталған деректердің 
идентификациясы үшін қызмет етеді. Ереже бойынша файлдар 
атауында қолдануға тыйым салынған таңбалар қатары бар. Мысалы, 
UNIX-жүйелерде *, ?, /, \, <, >, &, $, | және басқа да символдар қатары. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   158




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет