Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет31/158
Дата01.07.2023
өлшемі3.83 Mb.
#475485
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   158
операциялық жуйелер

39
 
кіруі ықтимал. 
Сурет-2.1. деректер жинағының барлық блоктарына сілтемелері бар 
файлдық жүйелер 
Файлдық жүйе қолданатын барлық дискті кеңістік бөлек блоктарға, 
яғни кластерлерге бөлінеді (әдетте қолданатын көлемдері 1, 2, 4, 8 
немесе 16 Кбайт). Әр кластердің өзінің номері бар, пайдаланушы 
ақпаратын немесе қызметтік ақпаратты сақтайды. Бұл қызметтік 
ақпарат деректер жинағына блоктарды жинау үшін де қолданылады. 
Кластер өлшемі файлдық жүйені жасаған кезде бекітіледі. Мысалы, 
қызметтік блок деректер жинағына кіретін блоктар номерінің кезегін 
сақтай алады (сурет – 2.1).
Деректерді осылай ұйымдастыру тәсілінің кемшілігі үлкен 
файлдарда блоктар номерлерінің тізімі бір кластерден көп кластерге 
орналасуы мүмкін. Нәтижесінде файл көлемі шектелген болып 
шығады. UNIX-жүйелерде осы шектеуді айналып өтудің бірнеше тәсілі 
бар, мысалы қызметтік блоктарды дараққа ұйымдастыруға болады, 
сонымен қатар әр қызметтік блок деректері бар блоктер кезегін және 
тармақтың келесі деңгейінің қызметтік блоктарын сақтайды. 
Деректер блогын ұйымдастырудың басқа тәсілі келесідей: деректер 
жинағы кезекпен тұрған кластерлерге орналасады, бұл жағдайда 
қызметтік блокта бірінші және соңғы кластерлер номерлерін сақтаған 
жеткілікті (сурет -2.2).
Сурет-2.2. Деректер блогын кезекпен ұйымдастыру файлдық жүйесі


40
 
Сурет - 2.3. Деректер блоктарын тізім бойынша ұйымдастыру файлдық 
жүйесі 
Деректердің жиі өзгеруі кезінде ұйымдастыру тәсілі қолайлы емес. 
Деректер жинағының көмегі ұлғайған кезде соңғы блоктан кейін қажет 
көлемде бос блоктар болуы керек немесе деректер жинағын әр сайын 
бір орынға орналастырып отыру қажет. Дегенмен деректерді 
ұйымдастырудың 
негізіне 
ұқсас 
қағидалары 
CD-ROM-
жинақтауыштарға салынған, ал бұған дейін ОС РАФОС қолданылды.
Ұйымдастырудың тағы бір тәсілі әр блокта шағын қызметтік орын 
бөліп, сол жерге деректер жинағының келесі блок номерін жазып 
сақтау (сурет–2.3). Осылайша, деректер жинағы сызықтық тізімде 
ұйымдастырылады, ал қызметтік блокта пайдаланушы дерегімен бірге 
бірінші блоктың номерін сақтаған жеткілікті.
Жинақтауыштағы деректер жинағы құрылымы туралы келісім 
файлдық жүйенің бөлшегі болып саналады, ол үш құрауыштан тұрады: 
1) Деректерді жинақтауышта сақтау құрылымы туралы келісім — 
жинақтауышқа орналастырылуы мүмкін ақпарат типін анықтау 
(мысалы пайдаланушының/қызметтік ақпарат), сонымен қатар 
жинақтауышта деректер орналасуына қатысты ережелер жинағы;
2) Деректерді өңдеу ережелері туралы келісім — ережелер жинағы 
осы ережелерді негізге ала отырып деректер өңделеді, мысалы «файл, 
оған деректер жазылмай тұрып ашық болуы тиіс»;
3) ОЖ ядросының құрамына кіретін деректерді өңдеу процесі де 
жоғарыда көрсетілген келісімдерге бағынады. 
Сондықтан файлдық жүйе туралы айтқан кезде оның қай аспектісі 
туралы сөз қозғалып отырғанын жиі анықтау керек.
ОЖ арналған деректер жинағы идентификаторы ретінде әдетте 
қызметтік блок кластері алынады. Операциялық жүйе деректер 
жинағы идентификаторы мен файлдар атауы арасында сәйкестікті 
қолдайды. Бұл пайдаланушыдан деректерге жүгіну механизмін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   158




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет