Сурет-3.3. Қалыпты жағдайда Windows 32-битті жүйесінің жадын бөлу
(сол жақта) және кілтпен /3GB (оң жақ)
Windows
операциялық жүйесінің 64-биттік нұсқаулығының
виртуалдық адрестігінің кеңістігінің көлемі 16 Тбайт, оның ішінде 8
Тбайт пайдаланушылық жадыға беріледі және дәл сонша 8 Тбайт —
жүйелік жадыға беріледі. Негізгі секциялардың орналасуы 32-биттік
нұсқасымен бірдей. Секция көлемдері операциялық жүйелер
нұсқаларына тәуелді және өзгере алады.
Windows операциялық жүйелердің виртуалды жадының қолжетімді
көлемін арттыру үшін дисктік жинақтауыштар бөлімінде орналасатын
қосымша жады қолданылады. Ол үшін
Windows жады парақшаларын
тарту үшін pagefile.sys. арнайы файл бар. Windows виртуал жадыны
парақтық ұйымдастыруды қолдайды. Әдетте парақ өлшемі 4 Кбайт
құрайды, бірақ Itanium процессорлары мен серверлік жүйелерде 8
Кбайт өлшемді парақтар қолданылады. Қалыпты жағдайда бұл файл
бөлімнің операциялық жүйе орнатылған түбірлік каталогында
орналасады.
Сонымен қатар әкімші бұл файлды тарту үшін кез-келген
бөлімдегі бос орынды пайдалана алады.
Қалыпты жағдайда
тартатын файлды оның көлемі динамикалық
өзгеретіндей етіп күйге келтіріле алады.
Динамикалық өзгеріс
пайдаланылатын виртуал жадының көлеміне байланысты. Егер тарту
файлы көлемінің өзгерісі өте жиі орын алатын болса, ол өте қатты
фрагменттелетін болады. Ол процес
өз кезегінде тарту файлымен
операция жылдамдығын өте төмендетеді және түгелімен жүйенің
өнімділігі әлсірейді. Сол себепті
тартатын файлдың көлемі алдын-ала
белгіленген болатындай күйге келтіруге кеңес беріледі
. Сонымен қатар
тарту файлының өлшемін оперативті жады жүйесінде бекітілген
көлемнен 2,5 есе көп етіп алу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: