Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет52/158
Дата01.07.2023
өлшемі3.83 Mb.
#475485
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   158
операциялық жуйелер

70
 
процестердің біреуін негізгі жадыдан шығарып тастауға арналған 
арнайы бөлімге орналастырады. Процес басталған кезде бұл бөлімде 
қажет кеңістік резервтеліп тұрды, ол процесті негізгі жадыдан 
қосымша жадыға ауыстыруға қажет болатын орынның бар екеніне 
кепілдік болды. 
1970-ж. соңында VAX-11 класс машиналары шыққаннан кейін,
UNIX операциялық жүйелері өтінім бойынша жады парақшасын 
жүктеу негізінде жадыны басқару тәсілін енгізуді бастады. Салдарында 
бұл тәсіл процестерді толық шығарып тастауға негізделген тәсілді 
толықтай ығыстырды. Кейбір орындалуларда жадының сегменттік 
құрылымына негізделген тәсіл қолданылады, бірақ UNIX жүйелерінің 
негізгі орындалуларында бұл тәсіл сіңісіп кетпеді және одан әрі барлық 
орындалулар жадыны басқарудың парақтық тәсілін қолданды.
Жадыны басқарудың парақтық тәсілі Linux тегінің операциялық 
жүйелерінде де қолданылады. 32-биттік нұсқаларында жадының тек 4 
Гбайт қолжетімді. Осы 4 Гбайттан стандартты жүктеу кезінде 3 
пайдаланушы жадысы ретінде жұмсалады, 1 Гбайт жүйелік жадыға 
арналады. Операциялық жүйелердің 64-биттік нұсқасын пайдалану 
кезінде, бұл шектеулер қолдаушы жадына 512 Гбайт дейін және одан 
да көп көбейеді, ал қалған адрестік кеңістік жүйелік жадыға бөлінеді 
(сурет-3.2). 
Linux операциялық жүйелерінде UNIX тобының операциялық 
нұсқаларының көптеген нұсқаларындағыдай қосымша жады ретінде 
арнайы дисктік бөлім пайдаланылады.
Негізгі жадыдан қосымша жадыға қандай парақ көшірілетінін 
анықтау үшін Linux жүйесінде LRU алгоритмі қолданылады, яғни 
басқа парақтармен салыстырғанда ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған 
парақ ауысады. Оның үстіне көшірілетін параққа ол орындалып жатқан 
файлдың немесе деректері бар файлдың бөлігі екені белгілі болса және 
ол модификацияланбаса мұндай парақты қосымша жадыға көшірмей-
ақ мүлдем өшіруге болады. Егер нәтижесінде бұл парақ қажет болса 
сәйкес файлдан тікелей оқылады. Егер параққа деректер 
модификацияланса, онда қандай да бір процеске немесе операциялық 
жүйеге қажет болғанша парақ күштеліп қосымша параққа 
ауыстырылады.
Windows 
операциялық 
жүйелерінде 
виртуалды 
жадты 
пайдаланатын жүйелер классына жатады. Барлық процестер виртуал 
жадымен жұмыс жасайды, тек жүйе ядросы физикалық жадының 
тікелей адресациясын пайдаланады. Жады менеджері процес 
пайдаланатын виртуалды адрестерді физикалыққа бейнелеу үшін 
парақтар кестесін қолдайды. 


С
урет-3.2. Linux жүйелерінде жадыны бөлу 32- (сол жақта) және 64-бит 
(оң жақ)
Windows операциялық жүйесінің 32-биттік нұсқасы басқаратын
орындалатын процес көлемі 4 Гбайт виртуал жады кеңістігіне 
қолжетімділікке ие болады. жүйеге орнатылған оперативті жадының 
көлеміне қарамастан бұл шектеулік әрқашан сақталады. Виртуал жады 
екі бөлікке бөлінеді: пайдаланушыға арналған және жүйелік жады. 
Пайдаланушының жады виртуалдық жадтың бөлігі, оны 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   158




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет