Мәдениеттану Публикация учебных и научных материалов презентаций в Pdf формате на веб- ресурсах КазНУ



Pdf көрінісі
бет44/49
Дата11.07.2023
өлшемі1.45 Mb.
#475632
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Дәріс- Мәдениеттану- ГТХ

Пысықтау сұрақтары: 
1. 
Мәдени әмбебаптылық пен жеке дарашылдықты қалай түсінесіз? 
2. 
«Жаһандану» ұғымын қалай түсінесіз? 
3. 
Қазіргі қазақстандық мәдениеттегі инновациялық үдерістерді қалай 
түсінесіз?
Тестілер 
1. «Мәңгүрт» сөзін ғылымға енгізген: 
А) М. Шаханов 
В) Ш. Уәлиханов 
С) Ш. Айтматов 
Д) С. Аманжолов 
Е) Л. Гумилев 
2.Қазақ мәдениеті бұл өркениеттік болмысқа жатады: 
А) Батыстық 
В) Шығыстық 
С) Көшпелілік 
Д) Орта Азиялық 
Е) Кіндік Азиялық 


3. Қазақ мәдениетінің еуроазиялық бастауы туралы бірінші болып айтты: 
А) Ш. Уәлиханов 
В) Н.Конрад 
С) Л. Гумилев 
Д) А. Марғұлан 
Е) Г. Кляшторный 
4.Публицистикалық мақалаларда көпұлтты Қазақстанды осылай атайды: 
А) «Жүз тілдің елі» 
В) «Қарлы тау елі» 
С) «Жетісу елі» 
Д) «Үлкен мүмкіндіктер елі» 
Е) «Таңғажайыптар елі» 
 


Дәріс 
14. 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 
МӘДЕНИ 
САЯСАТЫ. 
«МӘДЕНИ МҰРА» ЖӘНЕ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» 
БАҒДАРЛАМАЛАРЫ 
Сәлеметсіздер ме, құрметті тыңдаушы қауым! 
Бүгінгі дәрісіміздің тақырыбы – «Қазақстанның мәдени саясаты. 
«Мәдени мұра» және «Рухани жаңғыру» бағдарламалары» 
Дәрістің мақсаты:Қазақстанның мәдени саясатын түсіндіру, «Мәдени мұра» 
және Рухани жаңғыру» бағдарламаларының негізін айқындау 
Дәрістің сұрақтары: 
4. «Мәдени мұра» мемдекеттік бағдарламасы 
5. «Рухани жаңғыру» ұстанымы ұлттық идея ретінде 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
1 сұрақ.«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы 
Отыз жылдығы жақындаған тәуелсіз Қазақстанның үлкен жетістігі – 
«Мәдени мұра» мемдекеттік бағдарламасы. Жаһандану жағдайында 
алдымызда тұрған міндеттердің бірі – халқымыздың ежелгі тарихи, мәдени 
және рухани әлемінің терең тамырларын анықтап, оларды қопара зерттеп, 
философиялық тұрғыдан біртұтас жүйеленген ұлттық мұрамызды жаңғыртып 
жасап шығару. Қазақ халқының әлемдік өркениетке мен дегізерлік өзіндік 
болмысымен енуіне мүмкіндік беретін, ілгері дамуымызға тұғыр болатын 
ұлттық санамыздың ұстанымды ерекшеліктерін саралау өте маңызды және 
бұл ғасырлар тұңғиығымен тамырласып жатқан ұстын-құндылықтар, яғни 
біздің ұлттық тұтастануымыз үшін табан тірейтін тұғырларымыз ұлттық 
руханиятымызды жаңа өркениеттік көзқараспен, терең біліктілікпен жан-
жақты талдау.
Тәуелсіз еліміздің тұңғыш Президенті нұсқауымен жасалып отырған 
аталмыш "Мәдени мұра" рухани жаңаруымызға байланысты көптеген 
көкейтесті мәселелерді толық қамтып отыр десек қателеспеген болар едік. 
Бұндай ерекше бағдарламалардың дәл осы тұста, яғни дербестігімізге 
жиырма үш жыл толған соң да өз актуалдығын жоғалтпайды. Бұл тағы да 
Қазақстан Республикасын құрушы қазақ халының өміршеңдігінің, арман-
тілегінің орындалғанының айғағы емес пе? Олай болса, соқпағы көп тар 
жолда көршілес елдермен терезесі тең болу үшін дұрыс бағдар ұстап, әлемдік 
өркениетке ұмтылу, өз халқыңның жетістігін әлемге паш ету әрбір Қазақстан 
азаматының парызы. Осыған орай, атқарылған іс, жоспарланған жұмыстың 
барлығы өркениет өлшемдеріне сәйкес, жемісті де нәтижелі болуы қажет.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының алғашқы кезеңінде 
(2004-2008 жж.) «Әлемдік философиялық мұра» сериясының редакциялық 
алқасы (Төрағасы – Нысанбаев Ә.Н., Философия және саясаттану 


институтынан Қ. Әлжан, С. Нұрмұратов, А. Сағиқызы, Ғ. Құрманғалиева, Н. 
Сейдахметова, әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нен Ғабитов Т.Х., Молдабеков Ж.Ж.)
үш бағытта жұмыс істеді. «Әлемдік философиялық мұраның» 20 
томдығының, «Қазақ халқы философиялық мұрасының» - 20 томдығының, 
әл-Фараби шығармашылығы 10 томдығының құрылымы, әр томның тарихи-
философиялық кезеңдері мен оған енетін ойшылдардың шығармалары 
талқыланып, іріктеліп алынды. 
«Әлемдік философиялық мұра» тұңғыш рет қазақшаға аударылды. Осы 
серия бойынша ежелгі дүниедегі шығыс және антикалық философиядан 
бастап, ХХ ғасырдағы батыс философиясының басты ағымдары және 
олардың әйгілі өкілдерінің негізгі еңбектерінен үзінділер берілді. Еңбектер 
түгелімен орыс тілінде шыққан шығармалардан аударылды. Әр томның 
құрастырушысы үзінділердің мазмұны мен сабақтастығына жауап берді. 
Жұмыстың келесі түрі – сол іріктелген еңбектердің топтамаларын қазақшаға 
аудару. Аудармаға алғаш рет философтардың өздері тартылды. Аударма 
мәтіндері философтар арасында сарапқа салынды. Аударма жұмыстарына Т. 
Әбжанов, Қ. Әбішев, Ж.Ж Молдабеков, Т.Х Ғабитов, С.Е. Нұрмұратов. А.Т 
Құлсариева, М. Сәбит, А.Д, Құрманалиева, Н.Ж Байтенова, Б.М. 
Сатершинов, А. Сағиқызы, Д. Кенжетай, Ж. Мүтәліпов, Д. Раев, Л.Асқар, Қ. 
Затов, Ә. Әлімжанова, Б. Бейсенов және т.б. қатысты. 
Проф. Молдабеков Ж.Ж. «Ежелгі шығыс философиясының» (Т.1) [Ежелгі 
шығыс философиясының, 20], «Жаңа заман философиясының» (Т.6) [Жаңа 
заман философиясы] құрастырушысы ретінде, әр бірінің көлемі 30 баспа 
табақтық, осы томдарға арнайы алғы сөз, глоссарий, түсіндірмелер жазды, 
ойшылдардың шығармаларын аударды. Аталынған томдардың құрылымына, 
аудармалық сапасына, жалпы мазмұндық сабақтастығына жауапкершілікпен 
қарады. Екінші серия «Қазақ халқының философиялық мұрасы» алғаш қолға 
алынған үлкен шаруа еді. «Ежелгі көшпелілер дүниетанымынан» (Т.1. 
Құрастырғандар: Т. Ғабитов, Д.Кенжетай) [Ежелгі көшпелілер дүниетанымы, 
2006] бастап, «Қазіргі түркі философиясына» (Т.20) дейін,[Қазіргі түркі 
философиясы, 2009]халқымыздың інжу-маржандарын топтастырған және 
идеялық-рухани байлығын тұтас қамтыған сериялық жұмысты құрады. Бұл 
тың да күрделі серия бойынша түрлі әдебиеттерден шығарманы іріктеу, 
түркі, араб, орыс тілдерінен аудару, оларды идеялық бірізділікпен сараптау, 
әр томға, авторларға арнайы түсіндірме жасау жұмыстары қатар жүргізілді. 
Олардан дүниетанымдық, этикалық, эстетикалық, көркемдік сипаттары 
айқын үзінділер іріктеліп келтірілді. «Қазақтың халық философиясы» 
(Т.7)[Қазақтың халық философиясы, 2007] тұңғыш рет арнайы зерттелінді. 
Томды құрастырған, түсіндірмелік талдау жасаған проф. Молдабеков Ж.Ж. 
Бұқаралық ақпаратта бұл томға жағымды пікірлер айтылды. 
Проф. Молдабеков Ж.Ж. «Қазақ ақын-жырауларының дүниетанымы» (Т.8, Қ. 
Әлжанмен бірге) [Қазақ ақын-жырауларының дүниетанымы, 2008],
«Қазақтың би-шешендерінің дүниетанымы және философиясы» (Т.9, Д. 
Раевпен бірге) [Қазақтың би-шешендерінің дүниетанымы және философиясы, 
2008] құрастырушысы, әрі тұжырымнамалық түсіндірмесін жазған автор. Бұл 


серияны құрастыруға белсенді араласқан - проф. Ғабитов Т.Х. Оның 
жетекшілігімен «Қазақтың тарих философиясы» (Т.6), [Қазақтың тарих 
философиясы, 2007], «Қазақ этикасы мен эстетикасы» (Т.12) [Қазақ этикасы 
мен эстетикасы, 2007], «Қазақ ағартушыларының философиясы» (Т.10, Г. 
Барлыбаевамен бірге) [Қазақ ағартушыларының философиясы, 2007], «ХХ 
ғасырдың басындағы қазақ философиясы» (Т.11, Ә.Нысанбаев, С. 
Нұрмұратовпен бірге)[ХХ ғасырдың басындағы қазақ философиясы, 2008] 
жарық көрді.Проф. С.Е.Нұрмұратов сонымен қатар төмендегі томдарды 
құрастыруға жетекшілк етті – «Орта ғасырдағы түркі ойшылдары» (Т.5, 
2005), «Орыс философиясы» (Т. 12, 2006), «Ашық қоғам философиясы» (Т. 
14, 2006). Проф. Байтенова Н.Ж. «Философиялық антропология. Мәдениет 
философиясы. Дін философиясы» (Т.19, Г. Нұрышевамен бірге) 
[Философиялық антропология, 2006] кітабын құрастыруға қатысты. 
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жарық көріп жатқан 
тамаша туындыларды оқитын оқырман қауымды қалыптастырған жөн. Сонда 
ғана ұлттық идея мен отаншылдық сезім, ұлттық рух пен ұлттық намыс 
оянады.Ұлттық және әлемдік философиялық мұраны игеру жастарды 
тәуелсіз және еркін ойлауға үйретеді. Ой еркіндігі, пікір дербестігі қазақ 
халқының қанына туа біткен қасиет. Оған ақын-жыраулар дүниетанымы, би-
шешендер және ағартушылар философиясы кепіл. Қалыптасқан пікірлер мен 
қағидаларға күмәнмен қарау – қазақ ойшылдарының негізгі ұстыны. Еркін 
ойлау адамзаттың танымын кеңейткен талай-талай ғылыми және техникалық 
жаңалықтардың ашы-луына, өнер мен шығармашылық туындыларының 
пайда болуына, күрделі саяси-экономикалық мәселелердің шешілуіне себеп 
болды. 
Аудармашының ыждағатты еңбегін талап ететін қызметін - басқа ешкім емес, 
негізінен, кәсіби философтар атқаруы тиіс, өйткені философияның 
категориялық (ұғымдық) аппаратының мәні мен мазмұнын бұрмалауға жол 
беруге болмайды. Әдеби мәтіндердің тамаша тәржімалаушылары немесе 
журналист-аудармашылар философиялық мән мен мазмұнның жіктелуі 
маңызды болып табылатын мәтінмен жұмыс істей отырып, еріксіз түрде 
шынайы басқа акценттер жасау арқылы мәтіннің мазмұнын өзгертуі немесе 
оның мәнін оқырманға дейін толық жеткізе ал-мауы мүмкін. Сондықтан 
тұтастай жұмыстың сапасын қамтамасыз ету үшін қазақ мәдениетіне қатысы 
бар, әсіресе, ежелгі, маңызды мәтіндерді іріктеуді, мәтіндердің аударылуы 
мен түпнұсқамен бірегейлігін тексеруді, біртұтас категориялық аппарат пен 
бірыңғай терминологияны жасақтау және философиялық редакциялауды, 
негізгі идеялар мен қағидалардың түсініктемелерін дайындауды және т.б. 
міндетіне алатын дайындық кезеңіне интеллектуалдық тұрғыдан да, 
қаржылық тұрғыдан да ерекше көңіл аударылу қажет. 
Қазақ тіліндегі 20 томдық «Әлемдік философиялық мұраға» қатысты бұл 
жауапкершілікті кәсіби философ-аудармашылармен кадрлық қамтамасыз 
етілуін талап етіп қана қоймай, ең алдымен, әлемдік философиялық ойдың 
аса бай қазынасынан анағұрлым қөрнекті ойшылдарын іріктеп алуды керек 


етеді. Олардың шығармаларын таңдау біздің еліміздің мәдени және рухани 
дамуының қажеттіліктерінен туындауы тиіс. 
Қазақ тілі әлемдік ойшылдардың рухани байлығы осы тілде сөйлей 
бастағанында ғана, бұл тіл әрбір адамның қүнделікті өмірқамында қажет-
тілікке айналғанында ғана және оның сөздік қоры, коммуникативті және 
мәдени қызмет аясы байытылғанда ғана, жаңа терминдер мен ұғымдар пайда 
болғанда ғана толық қанды мемлекеттік тілге айналады. Ендеше, мемлекеттік 
тіл философия тіліне, ғылыми тіліне айналады [Нысанбаев, 2006. Алғысөз]. 
"Мәдени мұра" – сан ғасырлардың сүзгісінен өтіп, осы күнге жеткен ұлттық 
мәдениет руханиятын жаңғыртуға арналған бағдарлама. Ел экономикасы 
аяғынан тік тұрып, мемлекет байлығы еселенген тұста ұлттық мәдениеттің 
қордаланған проблемаларына мұндай биік дәрежеде мән берілуі ғылым, 
мәдениет пен әдебиет саласынада өз үлесін қосары сөзсіз.
Жалпы ел мен елдің, ұлт пен ұлыстың арасын идеология емес, мәдениет 
жалғастырады. Өркениеті қанат жайған елдерде экономикалық даму соңынан 
мәдени жаңғыру жүреді. Экономика – бұл саясаттың, мәдениеттің негізі, 
мемлекет, қоғам, әрбір нақты адам, оның отбасы өмірінің негізі… біз кейде 
еркіндік пен демократия туралы, халық игілігі, өркендеу мен мәдениет 
туралы сөз қозғап жатамыз, алайда, егер елге қуатты, осы мәселелерді 
шешуге қабілетті экономика құрылмаса, оның бәрі бос сөз болып қалады!.
Олай болса, республикамыздың ғылым, білім, мәдениет пен әдебиет 
қайраткерлерінің кең көлемде қатысуымен жасалатын "Мәдени мұра" 
бағдарламасын 
ұлт 
мәдениетінің 
тәуелсіздік 
жағдайына 
рухани 
жаңғыруының басталуы деп қарастырған жөн. Әлем жаһандану дәуірінде – 
даму мен жасампаздық үшін бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктер дәуіріне 
қоғам басты. Жаһандану процесінің бір қыры – бұл дүниені 
әмбебаптандыруға ұмтылушылық, бірыңғай құндылықтармен тәртіп 
нормаларына берілушілік. Бірақ, жаһандану процесі қалай қанат жайсадағы, 
ешқандай халық өзінің тарихи, рухани және мәдени төлтумалылығынан бас 
тартпайды. 
Кез келген мәдениеттің, кез келген өркениет пен дүниетанымның өмір сүруге 
және өзіне қастерлі көзқарас болуына деген заңды құқығы бар. Бұл адамзат 
тарихының барысы айқындаған болмыс. Сонымен қатар, ХХІ ғасырдағы 
қауіпсіздік түрлі мәдениетер мен діндердің тең құқылы үн қатысуын 
дамытпайынша, қамтамасыз етіле алмайды. Сондықтан да бүгінде, 
мәдениеттер мен өркениеттердің сан алуандығын мойындаумен қатар, 
әлемнің жаңа сапалық жағдайға – шыдамдылық пен еркіндіктің, басқа 
пікірлер мен нанымдарға төзімділіктің жалпыға ортақ құндылықтарына 
негізделе алатын жаһандық өркениетке, планетадағы бар мәдениеттер мен 
діндердің сан алуандығын жоғары көтеретін өркениетке эволюциялану 
процесіне қолдау білдіру маңызды.
Қазіргі таңда мәдениеттің ұлттық даму шеңберінен шығып әлемдік 
өркениеттік үрдістерді қозғап отырғанына өзіміз куәгерміз. Алайда аталмыш 
жаһандық мәселелер ұлттық мәдениеттің өзіндік болмыстық ерекшелігіне 
нұсқан келтірмеуі керек. Жаһандану қалыптасқан айырмашылықтарды 


ысырғанымен адамзатты біріктіреді ендеше осы тұста адамзат үшін ең 
қажеттісі біртұтастылық.
Қазіргі өркениет өзінің даму жолында сыни кезеңді өткеріп отыр. Осы 
күрделі кезең Қазақстандыда айналып өтпейтіні сөзсіз. Ендеше, өзінің дара 
жолымен дамып келген ұлттық мәдениетіміз осы жолдан адаспай, өзіндік 
қасиетін сақтай отырып әлемдік өркениет кешенінен құр қалмауы тиіс. Бұл 
орайда ендігі алдымызда тұрған міндеттердің бірі халқымыздың ежелгі 
тарихи, мәдени және рухани әлемінің терең тамырларын анықтап, оларды 
қопара зерттеп, философиялық тұрғыдан біртұтас жүйеленген ұлттық 
тарихымызды жасап шығу. Және бұл "ғасырлар тұңғиығымен тамырласып 
жатқан" ұстанымды ерекшеліктер, яғни біздің ұлттық тұтастануымыз үшін 
табан тірейтін тұғырларымыз ұлттық тарихымызды жаңа өркениеттік 
көзқараспен, терең біліктілікпен жан-жақты талдау (Н.Ә.Назарбаев).
Еліміз өз еншісін қолына алған шақтарда экономикалық, саяси т.б. толып 
жатқан дағдарыстар себебінен ел тізгінін ұстаған азаматтарымыздың бұндай 
жоғары дәрежеде ойлау мүмкіндігі болмады. Мемлекеттің тізесінен тік тұрып 
кетуі күн тәртібіндегі бірінші мәселе болды. Егемендіктің алғашқы жылдары 
халыққа да, оны басқарып отырған басшыларға да оңай тимеді. Елім енді 
еңсесін көтергенде етек-жеңін жинауға көмектескенім азаматтық борышым 
деп есептеген, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген өр кеуделі 
азаматтарымызбен қатар, осынау қарбалаң шақты өз пайдама қайтсем 
жаратам деген теріс пиғылды азаматтарымызда өкінішке орай табылып 
жатты. "Өлмегенге өлі балық жолығады", – деп, қазақ атамыз айтқандай, 
талай рет іргесі сөгіліп, тоз-тоз болып тарих сахнасынан кете жаздаған 
еліміздің бүгінде әлем халықтарына біршама танымал республика ретінде 
өзін жариялауы орынды да. Бұл тағы да Қазақстан Республикасын құрушы 
қазақ халының өміршеңдігін, арман-тілегінің орындалғанының айғағы емес 
пе? Олай болса, соқпағы көп тар жолда көршілес елдермен терезесі тең болу 
үшін дұрыс бағдар ұстап, әлемдік өркениетке ұмтылу, өз халқыңның 
жетістігін әлемге паш ету әрбір Қазақстан азаматының парызы. Осыған орай, 
атқарылған іс, жоспарланған жұмыстың барлығы өркениет өлшемдеріне 
сәйкес, жемісті де нәтижелі болуы қажет.
Қазақстан философтары «Әлемдік философиялық мұра», «Қазақ халқының 
философиялық мұрасы» серияларымен қатар, әл-Фараби шығармаларының 
10 томын дайындауға тікелей қатысып, әлемдік және ұлттық рухани-
философиялық мұраны ана тілінде насихаттауға сапалы да, сүбелі үлес 
қосты. Мысалы, бәріміз мақтан тұтатын әл-Фараби шығармаларының он 
томдығымен қоса, ойшыл трактаттарының тағы үш томы қазақ тіліне 
аударылып, баспадан шықты. «Әлемдік философиялық мұра» сериясының 
төртінші томы әл-Фараби мен Ибн Сина философиясына арналды 
(құрастырушылары: Т.Х. Ғабитов пен Ғ. Құрманғалиева). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет