Технологиясы


ТЕХНИКАЛЫҚ ШИКІЗАТТЫ ӨҢДЕУДІҢ



Pdf көрінісі
бет112/125
Дата04.08.2023
өлшемі2.15 Mb.
#475949
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   125
ТЕХНИКАЛЫҚ ШИКІЗАТТЫ ӨҢДЕУДІҢ
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЫЗБАСЫНЫҢ АНАЛИЗІ 
Жұмыстың мақсаты: тақырып бойынша теориялық мате-
риалды бекіту; қолданылып жатқан технологиялық сызбаға беруді 
үйрену. 
Техникалық фабрикаттар цехы ет май корпусы жəне толықтай 
еткомбинаты құрамында ерекше орын алады, себебі мал шикізатын 
қайта өңдеу кезінде пайда болатын барлық қалдықтарды қолдану 
үшін маңызды болып табылады. Цехқа ластанған шикізат келіп 
түседі, соның ішінде ветеринарлық қызмет рұқсат бермеген жəне 
тағамдық өнімдерді өндіруге жарамсыз жəне де жұқпалы аурулары 
бар шикізат болу мүмкін. Сондықтан техникалық фабрикаттар 
цехында ерекше санитарлы тəртіп болуы керек, ол ерекше əдіспен 
маркіленген цех ішінде тасымалдайтын көлікті пайдалануды, 
күнделікті жабдықтар мен жұмыс орнын зарасыздандыруды, ет 
майлы корпустың басқа өндірістерінен алшақ орналасқанын, цех 
ішінде шикізат аймақтары мен дайын өнімнің жеке орналасқанын, 
ТФЦ жұмысшылары үшін бөлек тұрмыстық жұмыс орны болғанын 
қадағалайды.
Цех үшін шикізат болып ветеринарлық конфискаттар, аз бағалы 
субөнімдер, əр түрлі шикізатты қайта өңдеуден шыққан қалдықтар
қан жəне одан қайта өңделген өнімдер жатады. Сонымен қатар цехқа 
шикі немесе қайнатылған сүйек, қауырсын, жұмыртқа қабығы, 
мүйіздер жəне тұяқтар келіп түседі. Сүйексіз жəне сүйекті ет 
шикізатын май мөлшері бар жəне майлы деп бөледі.
Шикізатты термиялық өңдеу екі негізгі əдіспен жүзеге асуы 
мүмкін: ылғал жəне құрғақ. Құрғақ əдіс шикізатты ыстық беттің 
үстінде қыздырумен, қайнату, стерилдеу жəне кептіру үрдістерін қоса 
қолдану арқылы жүзеге асады. Ылғал əдіс- бұл шикізатқа тікелей 
енгізумен суда немесе ыстық буда қайнату болып табылады. Бұл 
жағдайда сорпа пайда болып, май мен бірге сорпа шыжықты кептіру 
үшін аппараттан алынады. Əр əдістің аппараттық əзірленуі кəсіпорын 
қуаттылығы мен оның техникалық жабдықталуына байланысты əр 
түрлі болуы мүмкін.
Толықтай алғанда құрғақ əдіс 5 нұсқаның, ал ылғал əдіс 3 
нұсқаның біреуімен аппараттық əзірленуде орындалуы мүмкін.


191 
Технолгиялық сызбаны таңдау кезінде кəсіпорын қуаттылығын; 
өңделетін шикізат түрі жəне санын, шығарылатын өнімдер əр 
түрлілігін, малды жəне құсты өсіру кешендерінен қаншалықты 
қашықтықта орналасқанын ескеру керек.. 
Дайын өнім ретінде дəстүрлі түрде азықтық ұн болып саналады, 
ол рецептурасына байланысты ет-сүйекті, етті, қанды, гидролиз-
денген қауырсын жəне мүйізді-тұяқты болып аталады. Бұл өнімдерде 
ылғал мөлшері аз (12%), сондықтан олар қалыпты жағдайда 
жеткілікті ұзақ сақталынады.
Өнімнің жаңа түрлеріне қайнатылған азық жатады, олардың 
өндірісі қуаттылығы аз, жүктеу үшін үлкен сыйымдылықты қажет 
ететін болғандықтан, шыжықты кептіре алатын жабдықталуы жоқ 
кəсіпорындарда өтеді. Сонымен қатар, цехта жас малды, шошқаларды 
немесе бұзауларды азықтандыруға арналған жаңа өнімдер өндірілуі 
мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет