Тұлғаға бағытталған, іс-әрекеттік тәсілдерді іске асыру жөніндегі
ұсынымдар
«Адам және қоғам» саласы пәндері бойынша білім мазмұнын жүзеге асыру
барысында білім алушының жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін ескеруді,
тарихи дамудың күрделі сұрақтарын, құқықтық жағдаяттарды, кейстерді,
қоғамдағы құқықтың орны мен рөліне қатысты мәселелерді талқылау барысында
өз ұстанымын анықтау мен қорғай білу дағдыларын қалыптастыруды, тарихи
оқиғаларға, құқықтық жағдаяттарға баға беру және өзіндік қорытындылар жасау,
қарастырылып отырған тарихи оқиғалар мен процестерге өзіндік көзқарас пен
пікір білдіруге бағыт беру ұсынылады.
Оқыту мен тәрбиелеуде тұлғаға бағытталған тәсілді іске асыруда білім
алушылардың қызығушылықтарын арттыратын пәнаралық байланыстар арқылы
оқыту ұсынылады. Бұл ретте қазіргі заманғы білім беру процесінің негізгі
принциптерін (оқытудың вариативтілігі, интеграция, білім беру мазмұнының
тұтастығы, жүйелілік, дамыта оқыту, білім алушылардың дербестігі мен
шығармашылық белсенділігі принциптерін) ескеру ұсынылады.
Сабақ жоспарын құру кезінде келесі ұсыныстарды ескеру қажет:
− ақпарат көзін саралау, нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу
кезінде білім алушылардың НҚА-мен жұмыс істеуінің практикалық дағдыларын
ескеру керек. Сондықтан білім алушылардың кейбір топтарына Нормативтік
құқықтық актілерге түсініктеме, ауызша түсіндірме беру;
− тапсырмаларды орындау және мысалдар келтіру кезінде білім
алушылардың әртүрлі топтарының мүдделерін ескеру қажет, тапсырмалар мен
мысалдар білім алушылардың қабылдауына бағдарлануы керек. Оларға түсінікті
және қызықты болуын ескеру қажет;
− сабақта
практикалық
және
коммуникативті
дағдыларды
қалыптастыруға бағытталған тапсырмаларды, оқытудың әртүрлі белсенді
әдістерін кеңінен қолдану;
− өмірлік жағдаяттарды шешуде құқықтық білімін пайдалану ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |