1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Ғылыми-техникалық прогресстерді және оның жер иеленуге



Pdf көрінісі
бет48/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

18.2. Ғылыми-техникалық прогресстерді және оның жер иеленуге
және жер пайдаланудағы рөлі
Ғылыми-техникалық прогресс – ғылым мен техниканың бірегей, бір-
бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы. Ол 16–18 ғ-лардағы мануфактуралық
өндірістен, ғылыми-теориялық және техникалық қызметтер өзара
жақындасып, тоғыса түскен кезден бастау алады. Бұған дейін материалдық
өндіріс негізінен эмпирикалық тәжірибені, кәсіби құпияны қорландырып,
машық-тәсілдерді жинақтау есебінен баяу дамып келді. Сонымен бірге


59
табиғат туралы ғыл.-теор. таным аясында да ілгерілеу ниеті байқалды, бірақ
ол
теологиялық-схоластикалық
қасаңдыққа
қамалып,
өндірістік
амалшараларға ұдайы әрі тікелей ықпал ете алмады.
16 ғ-да адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын
меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теор.
және тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде
ғылым Қайта өркендеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық
дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртының
компасты, оқ-дәріні ойлап табуы және кітап басу тәсілін меңгеруі ғыл. және
тех. қызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды.
Жалпы, бұл – ғылыми-техникалық прогресстің бірінші кезеңі саналады.
Кейінгі кезеңдерде ұлғая түскен мануфактуралық өндіріс мұқтажы үшін су
диірменін пайдалану әрекеті кейбір мех. процестерді теор. тұрғыдан
зерттеуге жетеледі.
Адамзаттың ғаламдық мәселелерінің шешу жолдарын табу үшін
алдымен оның өзара тұтас байланыста бірлікте болатын адамзат
қоғамдастығының дүниежүзілік проблемалар толқынының өткірлігін
кеңдігін ұғынып түсініп алуды қажет етеді. Ол үшін жаңа саяси ойлау қажет.
Бұл дегеніміз барша мемлекеттер және халықтар проблемалары ортақ бір
планетарлық экипаждың (ұжымның мүшесі) ретінде сезіну.
Адамзаттың техногендік заманда аман сау әрі қарай өмір сүруі, саясат
пен халықаралық қатынастарда зорлық-зомбылықты болдырмауға, ядролық
қарусыз дүниені құруға және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтарды
мойындап, олардың әлеуметтік және ұлттық мүдделерін ең биік бірінші
орынға қоюды қажет етеді. Ғаламдық мәселелерді шешу міндетті түрде
адамзат дамуының тұрақты әрі тиімді жолын іздеп табу. Табиғатты
интенсивті
игерілуі,
экономикалық-әлеуметтік
қызметті
арттыру,
экологиялық, демографиялық процестерге және космосты игеру мәселелері
адамзаттың ой парасатының қатаң бақылауында болуы қажет. Қазіргі
адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету және оны қанағаттандыру,
келешек ұрпақтың несібесінің есебінен болмауы керек.
Қазіргі ғылыми техникалық жетістіктер кендегі барлық элементтерді
алуға мүмкіндік береді, бірақ соның ішінде тиімдісі алынады. Осы тиімді
кешенділікті анықтау ерекше экономикалық мәселе болып табылады.
Кешенді пайдалану нұсқаларының экономикалық тиімділігін анықтаудың
түпкі мақсаты - халық шаруашылық қажетін шикізаттан алынатын
өнімдермен неғұрлым аз шығын жұмсап қанағаттандыру. Бұл тұрғыдан
шикізатты кешенді пайдалану нұсқасын анықтау өндірістің, қолданылатын
технологияның тиімдісін таңдау болып табылады.
Осыған сәйкес шикізатты кешенді пайдаланудың тиімді нұсқасын
таңдау әдісі өндірістің халық шаруашылық тиімділігін анықтау әдістерінен
туындайды. Тиімді өндірістің ең басты белгісі - нақты және өткен еңбектің,
табиғат ресурстарының үнемделуі, табиғи ортаға нұқсан келтірмеу.
Осы белгіні табиғат ресурстарын кешенді пайдалануды бағалауға
қолдануға болады. Нұсқаларды салыстыру үшін баланстық есептеулер


60
жүргізу қажет болады, бірақ бұлай істеу қиындықтармен байланысты.
Мысалы, минералды шикізатты пайдаланудың тиімді нұсқасын таңдау үшін
әр кезде кәсіпорындарда, аймақ бойынша немесе республика көлемінде
шикізаттан алынатын барлық өнімдердің баланстық есептеулерін жүргізіп,
жағдайларды басқа нұсқалармен салыстыру қажет.
Қазіргі кезде тиімді нұсқаларды таңдауда көп қолданылатын әдіс -
келтірілген шығындарды салыстыру. Мұнда тиімді нұсқаны таңдау белгісі
шығынының ең азы. Бұл әдісті қолданудың басты шарты нұсқалар бір-
бірімен салыстырылатын болуы немесе сол жағдайға келтірілуі керек.
Нұсқаларды өнімнің шамасы бойынша салыстыру үшін «компенсация»
(орынын толтыру) әдісі қолданылады. Минералдық шикізатты кешенді
пайдалану экономикалық тиіммен қатар экологиялық және әлеуметтік
тиімдер береді [19].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет